Реферат тақырыбы: «Рухани жаңғыру идеясы және ұлттық рух»



Дата05.05.2023
өлшемі53,09 Kb.
#90615
түріРеферат

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Рухани жаңғыру идеясы және ұлттық рух»

Оқытушы: Турсынбаева С.Д.


Студент: Есімқұл А.С
Тобы: ТФП21-024

Алматы, 2023 ж.


Рухани жаңғыру идеясы ата мекенмен ұлттың бір болуын, үнемі ұрпақ пен туған жердің байланысуын, адам мен табиғаттың тұтастығын негіздейді. Рухани жаңғыру ұлттық болмыстың негізінде мемлекет өмірінде қалыптасатын интеллектуалдық өріс. Ол жеке адамды, ұрпақты, ұлтты, халықты табиғаттан, өзінің төл болмысынан ажыратып алып кетпейді, керісінше өз болмысының әлеуметтік рухани негіздерін сақтай отырып оны нығайтуға, қорғауға, сақтап қалуға ықпал ететін ұғым, ұлттық деңгей, бір ұрпақтың мемлекеттің тархы мен болашағы алдында жасайтын, қол жеткізетін жетістігі.
Рухани жаңғырудың негізінде жеке адамның, халықтың тұлғаға айналатындығын ата бабаларымыз жете түсінген. Батырлықтың, шешендіктің, тума талант иесі болып ұлт өнерінің тарихта терең арнасын қалдырудың өзі қазақ баласының тарихтағы жасампаздық рухының биіктігін көрсетеді. Ал ұлтына игілік әкелетін жасампаздық қасиет бұл жаңашылдыққа биім, өресі биік адамның ғана қолынан келмек. Сырттан келетін, елді әлсірететін, ең соңында елді тәуелсіздіктен айыратын нәрселерге тарихтағы қазақ жастарының рухани деңгейімен қарсы тұруы, ауызбіршіліктің, білімі арқылы саясаты мен тәжірибесі күшті жаумен иығын теңестіре білуінде. Бұл жаста болса қазақтың ұл, қыздарының заманынан қалмай болашақты зерделеп, ұлттық мүдде деңгейінде ойланған деңдеңгейін көрсетеді.
Қоғамда интеллектуалдық ой өріс болу үшін ұрпақ болмысы мінсіз болуы қажет. Елдің тұрмыс тіршілігімен тыныс алып, өмірімен етене байланысып өскен ұрпақ өмірге ширығып өседі. Өмірге ширыққан адам елге жаны ашитын, бойында бар қабілетті, қолы жеткен бар игілігін елге арнайды. Елге жаны ашитын зиялы адам өз заманының жетістігін білімге, өнерге, ғылымға жастарды бағыттау оның жетістігіне елдің қолын жеткізу деп түсінеді.
Рухани жаңғыру шыныменде ұлттың, елдің болмысына тән құбылыс және халыққа ортақ ұғым, ортақ ұстаным, тарихи қажеттілік. Мемлекет халықтың ортақ үйі, сол үйді күтіп баптайтын, рухын сақтайтын, қорғайтын адам мемлекеттен, қоғамнан бөлінбейді, мемлекетінің мүддесінен, төл мәдениетінің болмысынан қол үзбейді. Керісінше мемлекетті, халық үшін, ұрпақтың келешегі үшін заманның талабын зерделеп, одан өтудің жолын білімімен іздейді. Адамды, халықты бұндай дәрежеде ойлауға жетелейтін ұлттық сана. Ұлттық сана елдің тархы мен мәдениетіндегі тәжірибелер арқылы ұрпақтың уақытымен үйлессе елдің тұтас ұлттық зердесі қалыптасады немесе заман талабына сай өрісін кеңейте түседі. Бұндай ұлттық сананың құбылысы тарихымызда үнемі өзінің танымдық қызметін атқарып отырған. Мәселен түркі қазақ жұртының Мәңгілік Ел болу идеясы ұлттың зердесінен туған дүние. Мемлекет басшысы мақалада атап көрсетілгендей, неғұрлым адам өзінің бар мүмкіндігін тарихтың елегінен өткізген сайын уақыт талабын игеруге қабілетті келеді.
Уақыт бір орында тұрмайды, заман алға жылжиды. Уақыт өрісіндегі заман болмысының ерекшеліктері мен белгілері ұрпаққа жүктелетін міндетіне тәуелді. Өз дәуірінің ел болашағымен біріктіретін міндетін дұрыс орындай білген ұрпаққана мемлекетінің мүддесін сақтап, өзінен кейінгі буынға табыстап кетеді. Аға ұрпақтың кейінгі буынға табыстайтын дүниелері ұлттық құндылықтар. Олардың кейінгі дәуірде өмір сүруіне ықпал ететін ұлттық қасиеттер. Ұлттық қасиеттер болмаса ұрпақтың бірегейлікте өмір сүру ұстанымы қалыптаспайды. Абай айтқандай ұлттық сана болмаса қара басының қамынан аса алмаған, бас басына би болған өңкей қиқым ұлттық рухы жоқ адамнан шығады. Осы себептен ұрпақтың заман талабына сай ізденуіне, рухан кемелденуіне, бірігуіне ықпал ететін ұлттық код.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет