1.3. Дене тәрбиесінің мәні, мақсаты және міндеттері.
Дене тәрбиесі- тұлғаны жан-жақты үйлесімді қалыптастырып, дамыту процесінің негізгі бір саласы. Себебі, дене тәрбиесі тұлға денесінің қалыпты жетілуін, денсаулығының нығаюын қамтамасыз етуде, оларды еңбекке, Отанды қорғауға дайындауда аса маңызды қызмет атқарады.
Дене тәрбиесі- адамның денсаулығын нығайтып, оңтайлы қимыл — әрекеттерін қалыптастыратын адамгершілік қасиеттері мен ерік – жігерін жетілдіретін негізгі тәрбие бағытының бірі.
Сондай-ақ, дене тәрбиесі – ерік-жігері мықты, тәртіпті, батыл және белсенді, өз Отаннын қорғауға лайықты жас ұрпақты ойдағыдай әзірлеуде аса маңызды әлеуметтік міндеттерді атқарады. Дене тәрбиесі жастарда ақыл-ой және еңбек әрекетінде нәтижелі жұмыс істей алатын сапа қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Дене тәрбиесінің көздейтін мақсаты – балалардың дене мәдениеті мен спортпен айналысу қызығушылықтары мен қажеттіліктеір ояту, ынталандыру және дененің дамуы мен денсаулықты нығайтудың психофизиологиялық негіздерін терең ұғынуларына, сонымен қатар ақыл-ой адамгершілік және эстетикалық т.б. тәрбие салаларының дамуына да ықпал ету мүмкіншіліктеріне жағыдай жасау.