ІІ.2 Сана және бейсана. Адам өзінің ішкі дүниесін құрайтын көптеген білім – біліктерді, қатынас толғаныстарды әрдайым сезе бермейді. Содан бейсана әр адамның психикалық болмысының ажыралмас құрам бөлігі. Ежелден-ақ ғалымдар бейсананы қылық - әрекет, сырқат, насілдік, көңіл - күй табиғаты, өнер, адам ара - қатынастар проблемаларын қарастыру мен топтауда ескерілуі қажет фактор екенін мойындаған. Бейсананың көп жағдайларды түсіндіруге қажет екенін білгенмен, оның ерекшеліктері мен заңдылықтарын танып білудің жолын ешкім ұсына алмады. Бейсана проблемасының осы заманғы ғылыми түсінігі
негізінде ей бағытқа бөлінеді: психоанализ теориясы (3. Фрейд) және астарлы психикалық нұсқаулар теориясы. Психоанализ бойынша сана мен бейсана психикалық әрекеттің бір-біріне тікелей қарсы, өзара сиыспайтын элементтері. Бейсана айқын сананың тікелей катысынсыз өтіп жатқан әрексттерді реттеуге басқаруға қажет болған барша факторларды біріктіреді. Бейсана аймағына, зерттеушшердің пайымына басқа құбылыстар жатады: ұйқы кезіндегі психикалық әрскет (түс, лунатик); тікелей байқалмаған тітіркендіргіштерге жауап әрекет (тушкіру, қалтырау); дағдыға айналған қозғалыс әрекеттер (домбыра тарту, гимнастика әрекеті); саналы мақсаты болмаган кейбір әрекеттік ықпалдар (сәлемдесу әдеті, жақсылық және жамандық ісінс кірісе кету) және т.б. Бейсананы психиканың төменгі сатысы ретінде тану дурыстыққа келмейді, себебі бұл адамға ғана тән ерекше психикалық құбылыс болумен, ол адам санасының коғамдық шарттарына орай себепті пайда болып, онымен үзілмес байланыста тұрады.
ІІ.3 Өзіндік сана Адам жан дүниесі, оның өзіндік санасы әрдайым тек ғалым-философтардың ой талғауында ғана болып қоймастан, оны жазушылар мен суреткерлер де өзшыгармашьшығына арқау еткен. Адам әрекет-қылығы барша уакытта оның өзі женіндегі ұғымы мен бейнесі және болашақтан күткен образымен байланысып келген. Адамның өзіндік санасы - шексіз, күрделі проблемалардан. Әрқандай тұлға сан кырлы өз "Менінің" көптеген бейнесіне ие: дәл осы мезетте адам өзін қандай деп біледі, болашақтағы өзінің идеялық «Мені» жөнінде не ойлайды, осы "Менді" басқалар қалайынша таниды. Таным субъекті болудан, адам өз санасы аясында зерттелуші объект. Зерттеуші ғалымдардың бірі И.С.Кон сананы былайша түсіндіреді: «Эрбір дара адамның өзін өзі іс-орекет субъекті ретінде тануға жәрдем беретін психикалық процестердің жиьштығы - өзіндік сана деп аталады, ал оның өзі жөніндегі өз ұғымдары белгілі бір "Мен"
бейнесінн құрайды». «Меннің» психологаялық мәнін А.Г.Спиркин келесідей сипаттайды: "мен" түсінігі өз санасының нұрымен сәулелендіріп, өзін -өзі қабылдаған, таныған және сезген жеке адамды білдіреді. "Мен" - психикалық өмірді реттеп барушы принцип, өзіндік бақылауды жүргізуші рухани күш; бізді өзмәніміз бойынша бүкіл әлемге, қоршаған адамдарға, ең бастысы, өз санамызды өз бағалауымыз бен танымымызға орай өзімізге ашып беретін әр адамның тұтастай болмысы. «Мен» бейне - жеке адамның санасында бір қалыпта бекіп қалған түсінік не білік емес, ол өте қозғалмалы, өзгермелі "мен" күйінде қабылдануы мүмкін. Әрбір адамның қоғамдық тұлғаға айналуы бірлікті еңбек пен тіл қатынасының нәтижесі. Адамдағы барша қалыптасқан сапа мен қасиеттер басқа қауымдастық мүшелерімен қоғамдық өндіріс процесіне араласу және олармен ақпарат алмасу барысында дамып, кемеліне жетеді. Еңбек пен тіл қатынасына келумен адам өз істерін басқалардан күтпеген бағамен салыстырып, тексеріп барады. Айналып келгенде; табиғи қажеттіліктерді қанағаттандыру былай тұрсын, өз мүддесіне орай орындалғанның бәрін, тіпті қара басының қамы үшін жасалған қарапайым заттың өзін адам басқаларға да арнайды. Адамда қалыптасқан өз "Менінің" бағасы - өзіндегі барды басқаларда көргенмен үздіксіз салыстырып барудың нәтижесі. Адам өзі жөнінде бірдеңе біле тұра, өзгелерге үңіле назар аударады, өзіндегіні олардан іздеп, барластырады, сонымен бірге төңірегіндегілер өзінің қимыл әрекеттері мен қылықтарына сын көзбен қарайтынын іштей сезшеді. Осының бәрі тұлғаның өзіндік құнын белгілеп оның психологиялық кейіпкер жасайды, яғни адам төңірегінде көрінер не көрінсе сыншыл топ ұдай онымен бірге. Ол топпен адамның санаспасына болмайды, себебі одан адам өзінің құндылықты бағыт бағдарына қолдау-қуат алып, оның мұратгарын өз мұраттары етіп, оның ұмтылыс, қызығуларын өз бойына дарытып барады. Адамның өзіндік бағасы оның өзіне қоятын талаптар деңгейіне байланысты. Талаптар деңгейі дегеніміз – адамның ниеттеген өз бағасының құны, яғни алдына қойган мақсаттың қиыьдық дәрежесіне орай көрінетін "мен" бейнесінің сипаты. Адам алдында тұрған енді бір әрекетті қиындық дәрежесіне орай таңдап алу мүмкіндігіне ие бола, өз бағасын көтеріңкі етуге ұмтылады, осыдан екі жағдайдың: бір тараптан - жоғары табыстарға жетісу үшін талап денгейі жоғарылату, екінші тараптан – нәтижесіз қалмау үшінн талаптарды жеңілдету өзара кайшылығы пайда болады. Адам алдына қоятын талаптарын, әдетте, көтере түсіп, келесі, күрделірек мәселелерді шешуге кіріседі, ал кері жағдайда-оңайлау талаптарға ауысады. Адамның өз алдына қоятын талаптың дәлдігі іс - әрекетініц нақтылығына байланысты. Адам табиғаты, әдетте, өз қадірін белгілі деңгейде сақтап жүру үшін өз алдына қоятын міндеттері мен мақсаттарының тіпті де күрделі, сонымен бірге, әбден жеңіл де болмағаныи қалайды. Талаптар деңгейінің белгілі бір қалыпқа түсуі іс-әрскеттің табысты не нәтижсіз болуын күні бұрын сезуден емес, керісінше, өткен тәжірибеден жетістіктер мен құлдырауларды ескере білу мен оларға оңды, объектив баға берілуден.
Қорытынды
Дүниедегі барлық құбылыстың себепке байланыстылығын Торайғыров «Адасқан өмір» поэмасында ете жақсы көрсеткен: “Ойласам дүниеде қанша жан бар: Адам бар, ағаш, шөп бар, мал мен аң бар, Жанды, жансыз нәрсенің бәрі-дағы Әр себептің жемісі байқасаңдар. Мал болмақ, маймыл болмақ, адам болмақ, Қасқыр болмақ, құс болып, ұшып қонбақ, — Сол болғандар болмаған өздігінен, Болғызған еріксіз бір себеп қолдап”. С. Торайғыровтың пікірінше, адам табиғаттың туындысы, ондағы себептіліктің жемісі. Ол дүниенің сырларын біртіндеп ашып, оны шама-шарқынша өзгертіп отыратын белсенді тұлға, Адам сыртқы дүниемен байланыса отыра, оны біртіндеп тани береді, сөйтіп өзінің ақыл-ойын дамытады, оның ешбір рухани қасиеті туыстан пайда болмаған. Бізді қоршап тұрған дүние сыры мол, үлкен дүние, бірақ оны тануға әбден болады деп ақын өте дұрыс материалистік тұжырым жасайды. Адам санасының аса маңызды ерекшелігі оның сыртқы дүниені танып қана қоймай, оны мақсатқа сай өзгерте алатындығында. Сананың творчестволық сипаты адамның табиғатты өзгерте алатындығынан, өз еңбегімен жаңа заттар жасай алатындығынан жақсы байқалады. Қарапайым еңбек құралдарынан бастап космос корабльдерін жасауға дейінгі әрекет адам санасының жасампаздығының тамаша айағы. “Адамның санасы объективтік дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны жасайды”.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. «Психология» - С. Бабаев. 2. «Жалпы психология» - Қ. Жарықбаев Алматы 1980ж 3. «Жантану негіздері» - Қ. Жарықбаев Алматы «Дарын» 2003ж. 4. «Психология» Ж. Аймаутов Алматы, «Рауан» 1995 ж.