Ауыр (ноцицептивті) рецепторлары ауыратын тітіркендірулерді қабылдайды. Басқадан рецепторлар ауыратын әсерлерді қабылдай алады деп есептеледі.
Барлық рецепторларда олардың структуралық ерекшеліктерін ескеріп, алғашқылар (алғашқы сезгіш) және соңғылар (соңғы сезгіш) деп те бөледі. Біріншілеріне иіс сезу, тактильді және пропрморецепторлар жатады. Бұларға тән ерекшелік-тітіркендіру энергиясын қабылдау және оны нерв қозуының энергиясына айналдыру тікелей сезгіш нейрондардың өзінде іске асады. Соңғы сезгіштерге дәм сезу, көру, есту, вестибуларлық аппарат рецепторлары жатады. Бұларда тітіркендіргіштік пен бірінші сезгіш нейрон арасында жоғары маманданған рецепторлық клетка орналасады, яғни бірінші нейронда қозу тікелей тітіркендіргіш әсерінен тұрмайды, ол рецепторлық клеткадан (нервтік емес клеткадан) түсетін әсерден туады.
Рецепторларды басқа да қасиетеріне қарап топтауға болады. Мәселен, тез және баяу адаптацияланатындар, төменгі және жоғарғы табалдырықтылар т.б.