Алыстан және жақыннан көргіштік Көз гигиенасы Адамның көру қабілеті жасына қарай өзгеріп отырады. Мысалы, 10 жаста затты 7 см қашықтықтан жақсы көрсе, 45—50 жаста - 33 см-ден жақсы көреді. Ал 70-те жақын тұрған заттар бұлдырап анық көрінбейді, көзілдіріктің көмегімен, әр түрлі линзалар (ойыс, дөңес) арқылы реттеледі. Бұл жағдай көз бұршағыныңөз пішінін өзгерте алмай, төмендеуінен болады. Мұндайда алыстан көргіштік қалыптасады. Алыстан көргіштік (қырақтық) көбінесе қарт адамдарда кездеседі. Әсіресе, жастарда (мектеп окушыларында) жақыннан көргіштік жиі кездеседі. Жақыннан көретін адамдарға алыстағы заттар бұлыңғырланып көрінеді, оның қандай зат екенін ажырата алмайды. Жақыннан көргіштік көбінесе жарық аз түскен жерде оку, жатып оқу, көлікте жүріп окудан болады.
Көз ауруларының ішінде көбірек таралған жұкпалы ауруға - көз қарығуы (конъюнктивит) жатады. Бұл кезде көздің сілемейлі қабығы қабынады. Аурудың болуына көбіне бактериялар, вирустар және т. б. ағзалар әсер етеді. Кейде гүл тозаңдары, химиялық заттар, дәрі-дәрмектер де әсер етуі мүмкін.
Көз ауруларын емдейтін дәрігерді -офтальмолог(грекше — көз), кейде окулист (латынша — көз) деп атайды.
Көз гигиенасы. Көз адамның маңдайдағы жұлдызы болғандықтан, оны қорғай білу абзал.[2]
Организм әр дайым сыртқы және ішкі ортадан түсетін информацияны қабылдап, өңдеп (анализдеп-синтездеп), оларды бағалайды, мәнісін, мазмұнын және мағынасын айырады. Нәтижесінде жауап реакциялары, іс-әрекеттер орындалады. Осы мүмкіндікті іске асыруды қамтамасыз ететін маманданған арнайы жүйелер сенсорлық жүйелер немесе анализаторлардеп аталады. Анализаторлар туралы ілімді жасаушы И.П.Павлов болып есептеледі. Анализатор өзара морфологиялық және функционалды байланысқан үш бөлімнен тұратын тұтас, бірыңғай жүйе:
Рецептордың әр түрлі тітіркендіргіштерді қабылдаушы орган (шеткі бөлім)