Негізгі бөлім:
Адамның өзі де табиғат әсерімен өмір кешсе, шамандық нанымдарда да, жалпылай, не біржақты табиғатты қадірлеу бар екенін байқауға болады. Осы тұста шамандықтың материализммен пара-пар ұғым екенін аңғарамыз. Ал, басқа жағынан алып қарағанда, шамандық нанымдағы: о дүниелік адамның рухы — жаны мәңгі жасайтыны туралы түсінік тағы бар, демек, бұл барып тұрған — спиритуализм. Жалпы, өте тапқыр идея және өте тамаша ойлап табылған, оның тамашалығы да сонда, адам мифологиялық жағынан алжаспайды, қоғамдық талқыға, қоғамдық заңдарға барынша еркіндік береді. «Табыну — таңданудың аса биік түрі»,— дейді, Карлейль, біздіңше, пұтқа табынудың шығу тегіне шамандық толық түсінік береді. Табиғат және адам, өмір мен өлім саналы ұғымға тіптен түсініксіз, таңғажайып құпия құбылыс болып келеді. Табиғат пен адам! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан құпия не бар? Әлемнің таңғажайыптығын тану, ұғу қажеттілігі, адамға қатысты өмір мен өлім мәселесі, және табиғаттың құпиясына деген құштарлық шамандықты туғызды, Шамандық дегеніміз – әлемдік дүниені сүю, табиғатқа деген шексіз махббат және өлгендердің рухын қастерлеу, аруағын ардақтау. Ертедегі адамдардың нәресте пәк көңіл-санасы күнді, айды, жұлдыздарды, мәңгілік өзғерістегі бүкіл жарық дүниені құрмет тұтты, осыларды біз табиғат немесе әлем дүниесі деп атадық. Шаманизм рулық қоғамның діни идеологиясы ретінде қалыптасады, шаман бір әулеттің немесе рудың абызы қызметін атқарады. Ол діни әдет-ғұрыптарды өткізеді, әулеттің немесе рудың болашағын болжайды, сол арқылы шаруашылық әрекетін, тұрмыс-тіршілігін айқындайды.
Қазақ халқының арасында «шаман» атауына қарағанда «бақсы» атауы кең таралды. Біздің пайымдауымызша, бақсылық шамандықтың инварианттылығы, яғни халық тұрмысына икемделген нұсқасы болып табылады. Бақсылар ислам діні таралғанға дейін ру-тайпалардың саяси-әлеуметтік өмірінде өте маңызды рөл атқарған. Олардың негізгі қызметі адам мен әлеумет өміріне қауіпті құбылыстарды залалсыздандыру, алдын алу болса керек. Бақсылар өз ойыны арқылы ұжымда қордаланып қалған жағымсыз психикалық қуатты бейтараптандырып, әлеумет өмірін үйлестіріп отырған. Қазақтар аруақтарға бағыштап төрт түліктің қайсы түрін болса да құрбандыққа шалып отырған. Мінажат етіп, аруақтар басына барған.
Егер өлгеннен кейінгі ырымдар дұрыс орындалса, рух жайлы болады деген.
Қазіргі таңда да бұл нанымдардың кейбірі әлі сақталған. Ғасыр өткен сайын
жаңарып, заман талабымен үндесіп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |