І тарау. Бейресми басылымдар және олардың деректік орны мен ерекшелігі



Дата16.11.2022
өлшемі15,1 Kb.
#50519
Байланысты:
курсовой


Жоспар
Кіріспе
І тарау. Бейресми басылымдар және олардың деректік орны мен ерекшелігі
1.1 “Қазақ газеті”- қазақтың тұңғыш бейресми газеті
1.2 “Қазақстан” газеті және “Айқап” журналы
ІІ тарау “Қазақ” газеті – Қазақстан тарихының дерек көзі
2.1 “Қазақ” газетінің шығуы , қалыптасуы және деректік ерекшелігі
2.2 “Қазақ” газетінің мәліметтері – бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы қазақ қоғамы өмірінің дерегі

І тарау. Бейресми басылымдар және олардың деректік орны мен ерекшеліктері.
1.1. “Қазақ газеті” – қазақтың тұңғыш ұлттық-бейресми басылымы.
Мерзімді басылым тарихында, әсіресе ұлттық баспасөз тарихында , бүгінгі күннің талабына сай болуы қажет , ұлттық мүдде тұрғысынан қайта қарауымыз қажет , төл тарихымызды толықтыра түсері анық , оларды тарихи дерек көздері ретінде пайдаланып отырғанымыз бұралаңы мол ХХ ғасырдағы қазақ тарихын тереңірек зерттеуімізге мүмкіндік беріп жатыр . Себебі біздің еліміздің тарихында жазба деректер тобында мерзімді басылымдар , ХХ ғасырдың басында дүниеге келген , бірі қысқа өмір кешсе , бірі ұзақ өмір кешкен бейресми-ұлттық бағыттағы демократиялық басылымдар еліміздің тарихына байланысты жеткізетін деректерімен , айтылатын мәліметтері өте көп .
Ұзақ жылдар бойы қазан төңкерісіне дейінгі ұлттық басылымдардың тарихын зерттеуші , олардың мазмұндалған библиографиялық көрсеткішін жасап , мәтіндерін қайта бастыру арқылы бүгінгі оқырманға жеткізуші ғалым Ү. Субханбердина: Революциядан бұрын қазақ тілінде газет , бір журнал шыққан . Олар: “ Түркістан уалаятының газеті ” (1870-1882 ) , “ Дала уалаятының газеті ” (1888-1902) , “ Серке ” (1907) , “ Бірлік туы ” (1917) , “ Қазақ газеті ” (1907), “Дала” (жылы белгісіз ) , “ Қазақстан ” (1911-1913) , “Ешім даласы ” (1913) , “ Қазақ ” (1913-1918) , “ Айқап ” (1911-1915) , “ Алаш ” (1916-1917) , “ Сарыарқа ” (1917) , “ Ұран ” (1917), “ Үш жүз ” (1917) , “ Тіршілік ” (1917) ” , - дейді. /22/

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет