Реферат Тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының «Ләйлі Мәжнүн» поэмасын талдау Орындаған: Адилхан Дастан Мамандық: Әдебиеттану


Көрген соң, біріне-бірі жақындасып Жүрген



бет2/2
Дата02.03.2022
өлшемі100,27 Kb.
#26849
түріРеферат
1   2
Байланысты:
әдебиеттану

Көрген соң, біріне-бірі жақындасып



  1. Жүрген соң, біріне-бірі жақындапсып



  1. Уағда қылды екі қыз сөз байласып

2) Екі қыз уағда қылды сөз байласып

1) Ондайдан құдайға ақ, таза едім ғой

2) Ондайдан құдайға хақ, таза едім ғой


  1. Зарыңды біржолата салып айттың

2) Зар күйіңді біржолата салып айттың

  1. Өлсе де, оған теріс іс қылмайды

2) Өлсе де, оған қарсы іс қылмайды

  1. Нұр біткен тумай тұрып сүйегіңе

2) Ну біткен тумай тұрып сүйегіңе

  1. Науфалдың әскерлері қайта қашты



  1. Науфалдың әскерлері қайта қашты

Мұндай әріп қате, сөздерді ауыстырып қолданудан бөлек, поэманың жарық көрген бірінші және екінші нұсқаларында авторлық сөз басы мен сөз соңы іспетті бөлімдері алынып тасталған. 1925 жылғы нұсқасында «Шолпан» журналының басқармасы бұл бөлімдерді түсіріп кетіп, «Бұл өлеңді, қазақ тілінде жазушы араб әдебиетімен жете таныстығы бар, қазақтың белгілі өлеңшілерінің бірі Шәкәрім Құдайберді баласы» деп жазады. 1935 жылғы мәтінде де бұл бөлімдер түсіріліп тасталып, «Дастанды қазақша өлеңге аударған белгілі ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы» деп жазады алғысөзінде С.Сейфуллин.

Алғашқы шығарылымдарда дәл сөз басы мен сөз соңы түсіріліп, алынып тасталуының өз мәнісі болған. «Шолпан» журналында поэмаға берілген алғысөзде: «Ләйлі, Мәжнүн араб әдебиетінің ішінде өзінің сұлулығымен терең мағына, терең фантазиясымен үлкен орын алған ірі сөздің бірі. Сондықтан араб әдебиетін қарастырған Европа білгіштерінің көзіне де алдымен кететін, арабстан гауһары осы болатын» - деп айтылса, 1935 жылғы нұсқада «Біз дүние жүзі мәдениетті елдердің белгілі әдебиет шығармаларының бәрімен танысуымыз керек» - деп жазылған. Яғни шығарманы өзге әдебиеттің нұсқасы ретінде, ал Шәкәрімді тек аудармашы ретінде бергені көрініп тұр.

Бұлай етудің тиімді жақтары да болды. Кеңестік кезеңнің ресми идеологиясымен сәйкес келмейтін авторлық концепциясы айқын сөз соңын кеңестік цензура жариялауға жібермейтін еді. Дегенмен, дәл осы алғы және соңғы сөздің мәнмәтінінде (контестінде) «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасының толық, түпкі мазмұны ашылады.

Сөз басында Шәкәрім:

«Мәжнүннің атын білер, жайын білмес,

Қазаққа ұқтырайын біраз сырын»-деп, «Ләйлі-Мәжнүн» оқиғасын баяндағаннан кейін сөз соңында осы оқиға арқылы айтқысы келген ойын, өзінің түпкі идеясына мегзейді.

Сөз соңында:

Жігіттер ендігі сөз – менің сөзім,

Мәжнүннен аз-ақ кейін көрген күнім.

Мен ондай қызға ғашық болмасам да,

Ғарыппын дерті қалың, шын осыным – дейді. Ақын Мәжнүннің жалпы дүниені сезінуі автордың өз халімен пара-пар екендігін, екеуінің де басындағы халдің ұқсастығын «ғаріппін» деген сопылып философияның бейнелі сөзімен жеткізеді. Лирикалық МЕН мен кейіпкер болмысындағы рухани үндестік айқын болғандықтан да, Шәкәрім дәл осы шығарманы қайта жырлауға ұмтылған болса керек. Ақын Мәжнүн басындағы қайғылы халмен өз бойындағы дертті ұқсатады.

Мәжнүн де бір «байдың баласы», Шәкәрімнің де «басында бағы, қолында дәулеті» бар. Алайда екеуі де өздерін «елдің кемтігі» сезінеді. Екеуінің де іздегені материалдық игілік емес. Байтуллаға апарып емдетпек болғанда, Мәжнүн «Ләйлі дертінен айықтырмауды сұраса», «Мал емес, мансап емес, іздегенім. Жазылмас жара берген Құдайым-ай!»-деп зарланады Шәкәрім өзі жайлы.



Шәкәрімнің «Шын бақыттың айнасы» еңбегіндегі «Ата-анадағы шын махаббат пен бабалардағы шын таза жүрек», «Дубровскийдегі» «Дубровскийдің мал сүймейтін, адам сүйгіш» қасиетін қастерлегендей, «Ләйлі-Мәжнүн» шығармасы тек ғашықтардың жайын баяндау емес, жалпы автордың шығармашылық концепциясындағы адамды сүю идеясын дәріптеу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет