Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университеті
Реферат
Тақырыбы:Студенттің денсаулығын қалыптастырудағы салауатты өмір салтының маңызы
Орындаған: Алтынбекова Н.
Тобы:ТНП-11к
Қарағанды -2021 жыл
Мазмұны
I.Негізгі бөлім
1.Салауатты өмір салты туралы ақпарат
2.Салауатты өмір салты . Денсаулықты сақтау шаралары
II .Жоғарғы оқу орындары студенттерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру сапасын арттырудың педагогикалық шарттары
1.Қорғауға ұсынылатын шарттар
2. Негізгі міндеттер
III Қорытынды
VI Қолданылған әдебиеттер тізімі
Негізгі бөлім
1.
Салауатты өмір салты (СӨС) — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Өмір Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын.
«Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаса керек. Бірінші байлық- денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын шынайы сезініп, түсінбейтін секілдіміз.
Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз оcы бағытта Қазақстан мектептеріне жан- жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат еткен дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты талап етіп қойған.
Қазіргі кезде салауатты өмір салтын сақтау туралы көп айтылуда. Тіпті Елбасымыздың Жолдауында да салауаттылықты мемлекеттік деңгейде қолға алу керектігі көрсетілген. Бұл жолдау келешек егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе болады. Десе де осы салауатты өмір салты дегенді әркім әрқалай түсінеді.
Салауатты өмір салты дегеніміз- денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді орындау. Ол үшін денссаулықа жағымсыз әрекеттерден (нашақорлық, шылым шегу, ішімдік ішу, улы заттарға әуес болу) аулақ болу. Салауатты өмір салтын сақтау сонысымен бағалы. Көне замандардағы ғұламалардың бірі Аристотель: «Жанды дене қозғалмаса өледі» - деген екен. Міне, сол тұжырымдама біз үшін салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болуға тиіс. Салауатты өмір салтын ұстануда спорттың рөлі зор. Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы қол жеткізілуге болады. Дене қозғалысы адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу қабілетін арттырады, ауруды алыстатып, өмірді ұзартады. Денсаулық – адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы.
Адам денсаулығын қалыптастыру және нығайту – медицинаның ғана емес, сонымен бірге барлық оқыту мен тәрбиелеу, білім беру жүйелерінің негізгі мақсаты мен міндеті. Себебі, шәкірт денсаулығының жағдайы оның оқу үлгеріміне, мінез-құлқына, қарым – қатынастарына тікелей әсер етеді. Осы орайда мектептегі алғашқы сабақтың 4-5 минуты гимнастика жаттығуынан басталса, ерте тұрып таза ауада жүгіріп және арнайы жаттығулар жасалса. Түрлі спорттық ойындар мен секцияларға қатысудың да артықтығы болмас еді.Сөйтіп, жан дүниемізді байытып шынықтырар едік.
2.
Денсаулық сақтау шаралары
Қимыл белсенділігі
Бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Ол өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Ал аз қозғалған кезде организмде өзгерістер дамиды.
Организмді шынықтыру
Әр түрлі аурулардың алдын алу үшін организмді үнемі шынықтыру қажет. Шынығудың арқасында организм қоршаған ортадағы температураның күрт өзгеруіне бейімделеді және организмнің жұқпаларға қарсылығын жоғарлатады. Шынықтыру емшараларын таңдау кезінде адамның жасы, денсаулығы , шынығуға бейімделу дәрежесі және т.б. жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.
Дұрыс толыққанды тамақтану
Денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Жүріп бара жатып, кітап оқып отырып, теледидар алдында тамақтануға болмайды. Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды қабылдауды шектеген жөн, тамақты аса көп жеуге, ұйықтар алдында тамақтануға болмайды. Тағам әр түрлі сапалы, экологиялық таза болуы тиіс. Төрт мезгіл тамақтануды сақтай отырып, белгілі бір сағатта ас қабылдаған дұрыс.
Жарақаттың алдын алу
Бұл сыну, шығу, күйік, үсік, улану сияқты әр түрлі жарақатты болдырмау. Жарақаттарға әр түрлі жағдайларда душар болады: көшедегі қауіпсіздік ережелерін сақтамағанда, электр құралдарын дұрыс пайдаланбағанда, улы өсімдіктер мен саңылауқұлақтарды пайдаланғанда т.б. жағдайларда.
Жұқпалы аурулардың алдын алу
Жеке гигиена ережелерін бұлжытпай орындау, жұқпалардан қорғану тәсілдерін білу, алдын алу екпелерін уақытымен қабылдау.
Зиянды әдеттерден алшақ болу
Темекі шегуден , ішімдіктен, есірткі және уытты заттардан бас тарту. Бұл зиянды әдеттер организмге әсер етіп, денсаулыққа зиян келтіреді.
Күйзеліс (стресс) пен кикілжіңді болдырмау
Бұл адамның өз күйін анықтай білу, көңіл-күйдің денсаулыққа әсерін білу, адамдар арасында тіл табыса білу, қарым-қатынас жасай білу, көңіл-күйін басқара білу - бұның бәрі психикалық денсаулықты қорғауға мүмкіндік жасайды.
Экологияның денсаулыққа әсері
Адам организміне қоршаған орта факторларының әсері туралы білім, қоршаған орта факторларының зиянды әсерінен қорғай білу денсаулықты сақтауға және түрлі ауруларды болдырмауға жәрдемдеседі.
II
Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу. Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет.
Жоғарғы оқу орны студенттерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады. Жоғарғы оқу орны студенттерінің салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру бұл:
- Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан – жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;
- Екіншіден, салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс –шараларды жүргізу.
1..
Қорғауға ұсынылатын шарттар:
-Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдылары теориялық тұрғыда қарастырылып, оны денсаулық сақтау технологиясы арқылы қалыптастырудың міндеттері мен мазмұндары, маңыздылығы анықталды;
-Жас ерекшелік денсаулық сақтау технологиясы оқушылардың жас ерекшеліктеріне тікелей байланысты;
- Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыруда әлеуметтік жат әдеттерден арылту жолдары қарастырылады;
- Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдылары денсаулық сақтау технологиясы арқылы қалыптастыру арнайы жүйе арқылы қамтамасыз етіледі.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: зерттеу қортындыларының жалпы әдіснамалық негізде дәлелденуімен, нақты зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен, теориялық тұжырымдардың практикада алынған нәтижелермен үйлесімдігімен, олардың тиімділігін тәжірибе жүзінде тексерумен және практикаға ендірумен қамтамассыз етіледі.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару керек? Өмір салты дегеніміз не?
Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру.
2.
Негізгі міндеттер:
1. Студенттер мен университетте дәріс берушілердің денсаулығын жоғалтпай білім алуға, жұмыс істеуге және өмір сүруге жағдай жасау.
2. Денсаулықты нығайту бағдарламасын енгізу арқылы оқу ғылыми зерттеу жұмысымен айналысуды кеңейту.Оқшауланған мекемелермен байланысты дамыту;
3. “Теңге тең” типі бойынша салауатты өмір салтын қалыптастырушы мамандарды оқытып, дайындау.
4. Қазақстан Республикасы бойынша “Салауатты Университеттердің” санын көбейту.
5. Салауатты өмір салты бойынша жаңа жобаларды құру.
6. Салауатты өмір салтын қалыптастыратын мамандарды – дайындау.
7. Студенттерге салауатты өмір салтын керек екендігіне көзін жеткізу.
8. Ректорлармен арнайы келісім шарттар жасалынуы шарт.
9. Жоғары оқу орындар қазіргі заман талабына сай ақпараттық – білім беру материалдарымен жабдықталуы тиіс.
10. Салауатты университеттерді көбейту арқылы Қазақстан Республикасы
Ұлттық салауатты университеттерінің санын арттыру. Бұның нәтижесінде студенттердің, дәріс берушілердің, оқытушылардың денсаулығын нығайту. Жобаны ойдағыдай жүзеге асыру мақсатында әр түрлі жұмыстар жасалуы тиіс.
Салауатты өмір салтының бүгінгі маңызды мәселелерінің бірі – жастар арасындағы ішімдіке салыну десек, қазіргі зерттеулерге қарағанда, оған салынудың әлеуметтік – патологиялық дамуы мына себептерге байланысты екені белгілі болып отыр:
-әлеуметтік–экономикалық жағдай;
-отбасындағы психологиялық орта;
-жұмыссыздық, мақсатсыздық немесе шектен тыс бос уақыт, т.б.
Сондықтан жоғары оқу орны студенттеріне салауатты өмір салтына қалыптастыруға күш салып, зиянды әдеттерден сақтандыруымыз керек. Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Халық санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы мемлекет әл – ауқатының дамуына мұрындық болады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде соның 4 негізгі күшін атап көрсетті. Оның бірі – жер үстіндегі байлық деп отырғанымыз – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы деген еді.
Жалпы жоғарғы оқу орнының басты міндеті болашақ мамандық иелерін заман талабына сай оқыту - кәсіби даярлықтарын жетілдірудің құрамдас бір бөлігі болып табылады. Білім-қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану, жаңа технологияны әркімнің өз сабағында пайдалану арқылы дене шынықтыру сабақтарының сапасын арттыруға болады.
Соның ішінде баскетбол, волейбол, футбол, тоғызқұмалақ ойындарынан әр түрлі жарыстарын өткізіп отыру керек.
Осындай жұмыстарды жүргізу нәтижесінде студенттердің белсенділігі артып, спортқа деген бейімділігі қалыптасады. Студенттердің танымдық қабілеттерін артырып, салауатты өмір сүру, адам денсаулығы осы спортқа байланысты екендігін түсінеді. Нәтижесінде студенттердің білім сапасы артып, оқу тоқсандарында жоғары сапаға қол жеткізуге болады. Жаңаша әдістерді сабақтарда үнемі қолданысқа енгізуде теория мен практиканың ұштасуына мән бергенде ғана жұмыстың мазмұндылығы көріне алады.Міне, сол себептен, біз жастарымызды дене шынықтыруға, спортқа қызықтырып баулуымыз керек.Егер біздің жастарымыздың денсаулықтары жақсы болса, онда біздің еліміздің болашағы да жақсы болады деген сөз.Ұзақ өмір сүрудің негізі - денсаулықты сақтау. Ал денсаулықты сақтау ұзақ өмір сүру үшін күрес.Саналы түрде дене жаттығуларымен, спортпен айналысу әр азаматтың жеке басының міндеті. Өмірдің жалғасы, болашағы, келешегі - ұрпақтардың деңсаулығын сақтау өте үлкен, ауқымды мәселе. Қазақта "баланы бастан" деген мақал тегін айтылмаған, оны дұрыс тәрбиелеп, ойда жігер, бойда қайрат болуын, тепсе темір үзетін мықты болуын қалайды. Дені сау бала өзі де отырмайды, лақтай секіріп, жүгіріп, үнемі қозғалыста жүреді.Өйткені оның көңілі көтеріңкі, өсіп-жетілуі, дамуы - бәрі ойдағыдай. Енді осы туа біткен қорды сақтап қалу үшін - үлкен азамат болғанша адам үнемі қимыл-қозғалыспен, дене тәрбиесімен айналысу керек.Сондықтан біз жастарды сымбатты, әдемі және деніңнің сау болуын қаласаң салауатты өмір салтын ұстан деп айтқымыз келіп отыр.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық - өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан - салалы түрімен айналысуға болады ғой. Олардың қайсысынан болса да жан дүниең ләззат тауып, сезіміңе әдемі түйсік алады емессің бе? Одан өмірің мәнді, мазмұнды бола түседі емес пе? Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін - өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық.Біздің Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев салауатты өмір сүрудің арқасында жас жігітше таудың шыңына шығып, шаңғы теуіп, теннис ойнап, суға шомылып, атпен серуендеп, ауырмай өмір сүрудің үлгісін көрсетуде. Ендеше, Абай атамыз айтпақшы, «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» дегендей, еңбексіз, белсенді дене қозғалысынсыз мықты денсаулық, бақытты өмір жоқ .
Денсаулық – басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты
сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Ол оқушылардың өз денсаулығын
сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде арттырады. Академик н. М. Амосов
айтқандай:”Денсаулығың мықты болуы үшін өзіңнің күшің болуы қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға болмайды “.
Әдебиеттер тізімі
Сәтбаева Х.Қ., Соколов А.Д., Абишева З.С. Валеология – наука о здоровье. Оқу-әдістемелік нұсқау. – – 178 б.
Апанасенко И.А., Попова Л.А. Медицинская валеология. — Р.-на-Дону: 2000. – 248 с.
Брехман И.И. Валеология – наука о здоровье. 2-ое изд. — М.: – 208 с.
Жетписбаев Г.А. Валеология. – Алматы: – 124 с.
Достарыңызбен бөлісу: |