Суды сүзу, бір-бірімен принципі бойынша айрықша келетін, екі әдіспен жүргізіледі. 1.Қабықты сүзу. Ол сүзуші толтырғыштың жоғарғы қабатында судан ұсталған қоспалардан пайда болған қабық арқылы сүзу. Биологиялық қабық баяу сүзгіштердің жұмысында шешуші рөлді атқарады. Өте ұсақ қалқыма бөлшектерді ұстаудан басқа, бұл қабық бактерияларды ұстап (олардың санын 95-99% азайтып), судың тотықтануын (20-40%-ке) және түсін (20%-ке) төмендетеді. Баяу сүзгіштердің суды сүзу жылдамдығы 0,1-0,3м/сағат. 2. Көлемдік сүзу. Ол жедел сүзгіштерде жүргізіліп, физико-химиялық процесс болып табылады. Коагуляцияланған және тұндырғыштан немесе мөлдірлеткіштен өткен су сүзгішке түседі. Сүзгіштің бетіндегі су қабатының биіктігі 2 метрден кем болмау керек.
Қорытынды
Яғни, ауыз суын жақсарту дегеніміз – суды тазалауда адамның суды ішуінің қауіпсіздігі және зиянсыздығын қамтамасыз етуші деңгейіне дейін әртүрлі қаспалардың концентрацияларын төмендету, яғни гигиеналық нормативтерге дейін жеткізу. Сонымен судың органолептикалық қасиеті, физико – химиялық қасиетіне де көңіл бөлу керек. Қазіргі кезде судың сапасын жақсарту мақсатында коагуляция әдісі жиі қолданылады. Коагуляциялау - деп судың коллоидты және жұқа дисперсті қоспаларды ірілету, агрегациялау процесі деп түсіну керек. Бұл процесс - олардың молекулярлық бір-біріне тартылу күштерінің әсерлері арқылы өзара жабысу нәтижесінде жүреді де, көзге көрінетін агрегаттардың - үлпектердің құралуымен аяқталады. Коагуляциялаудың екі түрін ажыратуға болады, олар:
1. Бос көлемде (үлпек құрау камерасында);
2. Жанаспа жағдайда (жанаспа сүзгіштердің түйіршікті қабатында) болады.