Теориялық ойлау–ғылыми ұғымдарды пайдалану негізінде заңдар мен ережелерді танып–білуден тұратын ойлаудың жоғары дамыған түрі.
Практикалық ойлау–ақиқатты физикалық түрде өзгертуге дайындық күйін (мақсат қою,жоспар, жоба, схема құру) білдіретін ойлау түрі. Бұл ойлау түрі кеңес ғылым–психологы Б.М. Тепловпен едәуір көп зерттелінген.
3.Есте сақтау мен зейіннің психологиялық ерекшеліктері.
Ес— адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Мақсатқа қарай •Ырықты ес – түрлі мәліметтерді есте сақтауға саналы мақсаттың қойылуы;
• Ырықсыз ес – адамның мақсат қоймай материалды есте сақтауы.
Материалды есте сақтау ұзақтығына қарай •Қысқа мерзімді есте қалдыру;
•Ұзақ мерзiмдi есте қалдыру (Ұзақ мерзiмдi ес);
•Оперативті ес - өзімізге керекті материалдарды дер кезінде еске түсіру, есте сақтау және қайта жаңғыртуды айтамыз.
Психикалық белсенділікке қарай •Қозғалыс есі - еңбек әрекетіне байланысты қимыл-қозғалыстарды есте қалдырып, оны қайта жаңғырту есі;
•Сезімдік ес - бұл адамның басынан өткізген сезімдерін есте қалдыру;
•Бейнелі ес - заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін есте қалдырып және қайта жаңғырту;
•Сөз логикалық ес - бұл адамның ойыныңтүрлі формаларын есте қалдыруды айтамыз.
Қорытынды
Ақыл парасат, сана – сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі — өзін қоршаған ортаны танып – білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үнілнді, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарын біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым – қатынасын белгілейді.
Басқаша айтқанда, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білім кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәлімет ңшкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Ендеше, танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Васильев В.Л. Юридическая психология.- СПб.: Питер Ком,2001
Годфруа Ж. Что такое психология: В 2-х т.-М.:Мир,1992
Еникеев М.И. Основы общей и юридической психологии. Учебник для вузов. - М.:Юрист,2002
Лейтес Н.С. Умственные способности. – М., 2001.
Общая психология. Учебное пособие / Под ред. А.В.Петровского. – М., 1990
Общая психология. Курс лекций / Под ред. Е.И.Рогова. – М., 1995
Психология. Учебник. / Под ред. А.А.Крылова. - М., 2000
Практическая психология. Учебник / Под ред. проф. М.К. Тутушкиной. СПб.: Изд-во "Дидактика Плюс",1998
Ратинов А.Р. Судебная психология для следователей - М.,2004