Реферат тақырыбы: «Тарихи шындық және көркемдік шешім» Орындаған: Абильжанова А. С қабылдаған: Аширов Ж



Дата07.05.2023
өлшемі112,98 Kb.
#90926
түріРеферат
Байланысты:
Абильжанова Аңсар реферат


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Филология және көптілді білім беру институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

6В01701- «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы
2-курс, 211-топ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Тарихи шындық және көркемдік шешім»


Орындаған: Абильжанова А.С
Қабылдаған: Аширов Ж.

Алматы 2023


Әр ғасырдың өзіндік тарихы мен шындығы болады.Сол шындықты тарих бетіне көркем шығарма ретінде әкелуші-қаламгер.Қаламгердің көркем қара сөздерінен туындаған еңбектерінің арқасында тарих шындығына бір зер сала қарай аламыз.Бірақ Кеңес өкіметі кезінде біршама қаламгер таланттарымыздың туындылары идеологиялық қудалауға ұшырап ,қазақ әдебиетінің тарихынан сол кезеңдерде сызылып кеткені де әлі күнге белгілі.Сол қаламгерлердің қатарынан халқының тәуелсіздікке жеткен күндегі қуанышын ,азатықтағы өмірді көруге ұмтылған Мағжан Жұмабаевтың тағдыры қаншалықты қиын болса да ,сол азапты күндерді білектің күшімен ,жүректің жырымен қоса күрескен қайратты ақынымыз еді.
Мағжан Жұмабаев қолына алғаш қалам алғаннан бастап, шығармашылық күш-қуатын аумақты да биік әлеуметтік мәселелерге арнады. Халықтың өткендегісін ой елегінен өткізе отырып, бүгінгі хал-ахуалын таразылады. Оның жылт етер жарамдысына ағынан жарыла қуанса, келіссіз, қара-қоңырына күйзелді. Тар заманның аранын ашқан қатерінен жасқанып, бой тасалаған жоқ, арашаға ұұмтылды.
Патша саясатының момын да қонақжай халқымызды қатал қыспаққа алып, оны ата-бабасының жер-суынан ығыстыру әрекетінің барған сайын күшейе түсуі, ол аздай дінінен, тілінен,ділінен қол үздіруге бағытталған қос қыртыс қитұрқы саясатқа түбегейлі ден қоюы Мағжан сыны өрен ойшыл түгілі кеудесінде саңылау барлардың бәрін қасіретке батырды. Әлгілерге қоса 1916 жылдың трагедиясы, онан соң кешікпей басталып талай уақытқа созылған тынымсыз жортуыл, атыс-шабыс, Кеңес өкіметінің алғашқы тұсындағы әр түрлі жағдайлардан туындаған күштеу, қорқыту, әкімшілдік, қақтығыс-қарбаластар асау мен жуасын, білімді мен сауатсызды бір тал тарының қауызына тықты. Әуел бастан : Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтар сияқты аз ғана қазақтың бәрін бірдей жақсы көрген Мағжан кедейдің ғана жоғын жоқтаған жоқ.
Мағжан поэмаларына келер болсақ, оның нәзік сыршыл, мұңшыл жұмбақ жаны, сұңғыла көрегендігі поэмаларынан анық байқалады. Мағжан поэмаларын дерекнамалық тұрғыдан жан-жақты зерттеген М.Мұсағитов: «Тарихи шындыққа, нақтылық пен дәлдікке классик ақынның қаламынан туған «Батыр Баян», «Қойлыбайдың қобызы» дастандары мен тағы басқа шығармаларындағы бұлтартпас айға Ш.Уәлиханов еңбектерімен жете танысудың арқасында келген» екенін ескертеді.
Нақтылай айтсақ, «Батыр Баянда» суреттелінетін Абылай жорығы Ш. Уәлихановтың «XVIII ғасыр батырлары туралы тарихи мағлұматтар» атты еңбегінде кездеседі. Мұнда да Баянның біраз күттіріп барып 540 сарбазымен сапқа қосылғаны, содан кейін Абылайдың сырнайлатып, қалмақтармен соғысқа аттанғаны айтылады. Ш.Уәлихановтың мақаласында батырдың неліктен кешіккені туралы еш мәлімет жоқ. Баянның, Ноянның, тұтқын қыздың араларындағы драма және оның нәтижесі Ш.Уәлиханов мақаласында кездеспейді. Ал, жорық кезінде қалмақтардың ұрысқа тәуекелі жетпей, Уса, Серен Бастаған жеті кісіні келісім жасауға жібергені, олардың көршілікті, ағайындықты көлденеңдетіп, сый-сияпатын татуласпақ болғаны екі авторда да бар. Және Абылайдың сыйлық береміз деп сауға сұраған қалмақтардың сыйлығын алып алайық та, содан соң соғысайық деген шешіміне Баянның қарсы шыққаны,қалмақтар бізді алдап соғайын деген ниетте дегеніне Абылайдың құлақ аспауы , айтқандарын екеуінің екі рет қайталағаны, ақыры Баянның айтқаны келіп, қалмақтардың алдап қытай асып кеткені екі авторда да бар. Тек Ш. Уәлиханов мақаласында Баянның жауды мың адам жауды қолмен қуып кеткені, қайтар жолда ауыз судан ұшынып, қайтыс болғаны айтылса, Мағжан Жұмабаев поэмасында Баян өлімі басқаша көрсетіледі.
Ақын сезімі ғасыр басындағы қоғам, дүние дүмпуімен арпалысқа түскен ақын ойы тығырыққа тірелген тұста дүниеге келген «Батыр Баян» поэмасында Мағжан рухани әлеміндегі ширыққан жан күйзелісін, ақындық ақтық сөзін сюжетті оқиға желісін бастамас бұрын ақтарып салады.
Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,
Сұм өмір абақты ғой саналыға.
Қызыл тіл, қолым емес кісендеулі,
Сондықтан жаным күйіп жанады да.
Қу өмір қызығы жоқ қажытқан соң,
Толғанып қарауым сол баяғыға .
Бұл – поэмадағы ақындық кредо да, ақындық абыз түйін де…
Ашынған ақынның ішкі монологынан басталатын поэма бірден кесек-кесек ой ағытады. Бәріне кінәлі – заманы. Өткенге ой жіберіп отырған ақын сонау «абақтысыз» ерлік күреске толы Абылай заманын еске алу арқылы да, тек ақындық ащы зарын ғана емес, абақтылы XIX бен XX ғасырда өмір сүріп отырғанын естен шығармай «абақты» сөзін әрі образды, әрі тура мағынасында қолдана отырып, ақындық мүшкіл халін рухани ойсыраған жайын ақырмай санасына өз аузымен сарқа айтып кетеді. Мағжанның «Батыр Баян» поэмасы — әдеби көркем шығарма. Баян – тұлғасы кесек, жаны нәзік, ішкі адами сезіммен, бір сәттік пенделік сипатымен қайшылықта суреттелген кейіпкер ретінде көрінеді:
Жауының бір жорықта бір сұлуын
Ер баян алып қайтқан алдына сап.
Баянның алып қайтқан сол сұлуы –
Балдырған бөбек дерлік, он төрт жаста-ақ.
Міне, осы тұс, батырдың тағдырына кері әсер етеді.Баянныі ішкі жан-дүниесі арпалысқа түседі, яғни Баянның қалмақ қызы ғашық болуы. Ал – аңызда бұлай емемс. Демек, ақын аңыз желісін толық сақтаулы алдына міндет етіп қоймаған. Баянның інісі бар он бес жаста
Бөрінің бөлтірігі – Бала Ноян деп, ақын аңыздағы Қыстаубайды «Ноян» бейнесінде алып, оны Баянның туған інісі ретінде суреттейді: Ноян мен қалмақ қызының арасындағы қарым-қатынасты Мағжан жеріне жеткізе суреттейді. Аңғал жастық сезімін, сұм сұлу қыздың арбауына түскен сәтін: Жас Ноян қызды көріп от боп кетті,
Көздері қызыл жалын шоқ боп кетті,
Жер мен көк, ай, жұлдызды тұман басып
Бір қыздан басқа нәрсе жоқ боп кетті,— деп келтіреді.
Мағжанның «Батыр Баянына» «тарихи өлең» деп қарамасақ та, поэманың тарихилығы мен тарихи шындыққа негізелгендігі ақиқат. Тарихтың өз дертіне тоқталар болсақ та, жыр жолдарынан алшақтығы жоқ екендігін көреміз.
Абылайдың да, Баянның да тарихта бар, болған тұлғалар екені анық.Абылайдың Баян сүйікті батыры болғандығын Шоқан жазбалары дәлелдейді. Сонымен қатар,Абылай хан мен батыр Баян жайында ел арасында аңыз көп тараған. Соның бірін батырдың жиені Қайыргелді Баймұратов айтады: «Қалың әскер кезеті бір жорыққа шыққалы дайындалып жатқанда Абылай хан қасына жақындаған Баянға: «Міне, батыр, қағып ал!», — деп жүзі қылпылдаған қылышын Баян жалаңаш қолмен ұстауға жасқанады деп ойласа керек.
Бірақ батыр сыр бермей, өзіне қарай жарқылдап келе жатқан қылышты жерге түсірмей, жүзінен тап беріп ұстап алғанында, алақанынан қан сау ете түссе керек. Сонда да қабағынан кірбің байқатпаған батырға риза болған хан, өзінің сынайын деген ойын жасырып: «Енді құлаштап өлше»,- депті. Баян қылышты жеті рет құлаштапты да; енді сізменің қылышымды өлшеңіз» деп қылышын қынабынан суырып алып, Абылай ханға тура әлгіндей етіп лақтырыпты. Хан да қағып алып, төрт рет құлаштайды да: «Батырым төрт атаңа дейін белгілі боласын, одан кейін ұрпағың атыңды ұмытады»,- депті. Сонда Баян қамығып тұрып: «Сіздің есіміңіз жеті атадан да асады» деп қылышын ханға қайтарған екен.
Сол Абылай хан бабамыздың айтқаны келді-ау деймін. Себебі 1990 ж бұрынғы Аралағаш, кейінгі «Қарағанды» совхозының атын Баян батырға берейін деп сұрағанда жергілікті халық ондай батырды білмейміз, тарихта болмаған деп, совхозға көзі тірі Миллердің атын берген дегенді дерек көздерінен бір көргенмін.
Батыр кеудесін найза ұшына төлегенде, тек қазақтардың ғана намысын қорғаған жоқ, күллі алаш жерінің азаттығы үшін күресті емес пе?!
Осыны білген Мағжан қазақ халқының тәуелсіздігі, бірлігі, бостандығы үшін күрескен батыр Баян есімін тарихта өр тұлғасымен қалдыру мақсатында «Батыр Баян» поэмасын жазған.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет