Реферат Тақырыбы: Техникалық регламенттер


Сәйкестікті бағалау нысандары мен объектілері



бет2/4
Дата02.12.2023
өлшемі36,87 Kb.
#132164
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Байралы Жансая, Асанкадыр Айшуақ ССиМ-22-11 СӨЖ 12

2 Сәйкестікті бағалау нысандары мен объектілері
Сәйкестікті бағалау:
1) сәйкестікті растау (сәйкестікті декларациялау және сертификаттау);
2) егер техникалық регламенттерге сәйкес сәйкестікті бағалаудың дербес нысаны болып табылса, сынақтар;
3)техникалық регламенттерде және (немесе) ұлттық стандарттарда белгіленген өзге де нысандарда жүргізіледі.
Мемлекеттік органдардың осы баптың 1-тармағында көзделген сәйкестікті бағалау нысандарын белгілеуі уәкілетті органмен келісуге жатады.
Сәйкестікті бағалау объектілері техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарда айқындалады [Error: Reference source not found].


3 Сәйкестікті бағалау туралы құжаттар
Сәйкестікті бағалау туралы құжаттарға мыналар жатады:
1) сәйкестік сертификаты;
2) сәйкестік туралы декларация;
3) егер сынақ техникалық регламентерге сәйкес сәйкестікті бағалаудың дербес нысаны болып табылса, сынақтар хаттамасы;
4) жалпы қауіпсіздік туралы декларация;
5) көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік;
6) көлік құралы типін мақұлдау;
7) шасси типін мақұлдау;
8)техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарда тіркеу (мемлекеттік тіркеу), сынақтар, сараптама нысандарында және (немесе) өзге де нысанда белгіленген өзге де құжаттар.


4 Өнімдер мен процестердің және көрсетілетін қызметтердің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау
Өнімдердің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау сәйкестік туралы декларацияны қабылдау нысанында және (немесе) сертификаттауды жүргізу мен сәйкестік сертификатын беру нысанында жүргізіледі.
Сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды басқару мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады.
Егер техникалық регламенттерде өзгеше белгіленбесе, техникалық жағынан күрделі бұйымның және (немесе) техникалық жағынан күрделі тауардың міндетті талаптарға сәйкестігін растау сертификаттау нысанында жүргізіледі, техникалық жағынан күрделі бұйымның конструктивтік элементтеріне сынақтар хаттамалары ұсынылады.
Қазақстан Республикасының аумағында өнімдер мен процестердің сәйкестігін растау міндетті немесе ерікті сипатта болады.
Сәйкестікті растау схемаларында сәйкестікті анықтау тәсілдері (сынақтар, өндірістің жай-күйін талдау, сапа менеджменті жүйесін бағалау, техникалық құжаттаманы талдау, өнімді талдау) қамтылады және оларды сәйкестікті растау жөніндегі органдар және (немесе) өнім дайындаушылар сертификаттау рәсімдерін жүргізу немесе сәйкестік туралы декларацияны қабылдау кезінде қолданады.
Өнім сәйкестігін растау кезінде техникалық сарапшылар тартылуы мүмкін.
Шетелдік үлгідегі сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды беретін шетелдік және халықаралық ұйымдар Қазақстан Республикасының аумағында қызметін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметтің басталғаны туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, жүзеге асыруға құқылы [Error: Reference source not found].

ҚОРЫТЫНДЫ
Көп жағдайда елдердің ресми органдары тұтынушыларды сапасыз өнімнен қорғау үшін міндетті сапа стандарттарын қабылдайды. Стандарттарды енгізу процесінің шеңберінде бұл мемлекеттік органдар қауіпті, стандартты емес және контрафактілік өнімдердің импортынан қорғаныс ретінде жүк тасымалы алдындағы сәйкестікті бағалау бағдарламаларын іске асыруда. Осы елдерге экспорттау үшін өнімнің сол елдегі заңдық нормативтерге және сапа талаптарына сай болуын қамтамасыз ету үшін сәйкестік сертификаты берілуі керек (CoC, сәйкестік сертификаты).
Біздің еліміздегі экспорттаушы компаниялар осы сертификатты алу үшін ISO 17025 стандартына сәйкес аккредиттелген уәкілетті мекемеге жүгінуге міндетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет