Реферат тақырыбы: Термин сөздер Орындаған: Раисов Жаслан Астана,2023 2


 Қазақ лексикасының терминденуінің кезеңге бөлінуі



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата20.09.2023
өлшемі282,58 Kb.
#109065
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
реферат (1) (2) (3) (2) (1) (1) (1) (1) (5)

1.1. Қазақ лексикасының терминденуінің кезеңге бөлінуі. 
Ұлттық қоғамдық – саси, рухани – мәдени өмірінде болып жататын 
өзгерістердің барлығы оның тілінен көрініс таппай қалмайды. Тіл тек қатынас 
құралы ғана емес, халықтың танысы мен білімінің жинақтаушысы да 
болғандықтан солай болуы заңды да. Ғылым тілінің даму тарихын да халық 
өмірінде болған өзгерістермен байланыстырмай, бөліп алып қарауға болмайды. 
Сондықтан да біз бүкіл термин шығармашылығын, терминологиялық 
лексиканың барлық тәсілдері арқылы жасалған терминдерді қоғам өмірінде 
болған сондай өзгерістермен тікелей байланыста қарастыру қажет. 
Қазақ 
терминологиясының 
қалыптасу, 
даму 
тарихы 
термин 
шығармашылығының барлық уақытта бір қалыпты жүріп жататын процесс 
емес екендігін көрсетеді. Түрлі себептердің әсерінен белгілі бір мерзім 
аралығында терминдер қатары тез өсіп, терминологиялық лексиканың ауқымы 
молая түсс, келесі бір уақыт аралығында ондай қарқындылық болмайды. Оның 
бірнеше себептері бар. Солардың ішіндегі термин шығармашылығына тікелей 
ықпал ететін ең басты факторлардың бірі – ғылым мен техниканың дамуы 
болса, екіншісі – сол елде үстемдік етуші тіл саясаты. 
Ғылым жақсы дамыған тұста көптеген жаңа ұғымдар пайда болып, олар тілден 
өзінің таңбалаушысын табуды қажет етеді. Мұндай құбылыс арнаулы саланың 
барлығына емес, санаулы бір ғылым салаларына ғана тән болуы да мүмкін. 
Көбіне солай болады да. Ұлт тілінің саласындағы қызметі, термин 
шығармашылығына қатыстырылуы сол тілдің қоғамда атқаратын рөлімен 
тікелей байланысты. Ал тілдің қоғамда қандай рөл атқаратындығын сол елдің 



тіл саясаты белгілейтіндігіне өткен ғасырдағы қазақ терминологиясының даму 
жолдары куә бола алады. 
1.2. Қазақ лексикасы терминденуінің алғашқы кезеңі 
Ұлттық ғылыми терминологияның қалыптасуын алғашқы басылымдардың, 
оқулықтардың, ғылыми еңбектердің жарық көріп, ғылым салаларының 
саралана бастауымен байланыстыра қарастыру дұрыс. Алайда жазу мен 
алғашқы баспа өнімдері пайда болмастан көп бұрынғы кезеңдерде де халық 
өмірінің материалдық және рухани мәдениетінің сан түрлі салаларының, 
әлеуметтік – экономикалық, қоғамдық қатынастар, халықтың әдет- ғұрып, салт 
– дәстүрін т.б. көрсететін лексикалық қабаттың болғанын, ғылыми 
терминологияның қалыптасуына негіз болған сол бай мұраның арнайы 
зерттелмей келе жатқанын тілші ғалымдар айтып жүр. 
Мәселен, осындай пікір айтушыдлардың бірі – түрколог ғалым К. Мұсаев. Ол 
өз пікірін былай білдіреді: «Айналысатын шаруашылықтарына орай әр түрлі 
тілдерде терминологияның түрлі салалары дамыған. Мысалы, эстондардарда 
балық шаруашылығы, әзірбайжандарда мұнай өндіру мен өңдеу, қазақта мал 
шаруашылығы мен халық шаруашылығы, армяндарда құрылыс, грузиндерде 
қолөнер, өзбектерде жібек және мақта шаруашылығы, бақша өсіру мен 
суармалы шаруашылыққа қатысты атаулары мол кездеседі». 
Осыған ұқсас пікірлерді жекелеген ұлттық тілдердің терминологиясын 
зерттеген ғалымдардың көпшілігінің еңбектерінен ұшыратуға болады. Қазақ 
терминологиясының 80-жылдардың ортасына дейінгі даму жайын сөз еткен 
еңбектерінде тілші ғалымдар Ә. Қайдаров пен А. Әбдірахманов саналы түрде 
жасалатын терминологиялық лексиканың ең алдымен бай халықтық 
терминологияға негізделетінін, терминологияны түзетін жалпыхалықтық 
көздердің тамыры тереңде жатқанын сөз қыла келіп, терминдік мәнде 
жұмсалатын көптеген сөздердің бізге көне түркі жазба ескерткіштерінен 
жеткенін айтады. Олардың қатарына көне түркі сөздігінде берілген мынадай 
терминдерді жатқызады: 
туыстық атаулар: ата, әже, апа, сіңілі, келін, жиен, т.б. 
табиғат құбылыстары мен олардың байлығын көрсететін терминдер: жер, тау, 
тас, алтын, күміс, темір, т.б. 
қоғамдық – саяси құрылысты көрсететін терминдер: қаған, бек, тархан, құл, 
күң, шығай, т.б. 
мал шаруашылығы терминдері: ат, айғыр, тай, бұқа, т.б. 



анатомиялық атаулар: бас, аяқ, құлақ, жүрек, т.б. 
Сондай – ақ ғалымдар көшпелі өмір салтын кешіп кең байтақ жерді иеленген 
қазақ халқының тілі жер бедерін және өсімдіктиер дүниесін білдіретін 
жағрафия, өсімдіктені атауларына бай екендігін де өте орынды көрсеткен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет