Реферат тақырыбы: Топырақтың радиоактивті элементтері. Экологиялық факторлардың топырақтың химиялық құрамына әсері


Топырақтың радиоактивті элементтері. Экологиялық факторлардың топырақтың химиялық құрамына әсері



бет3/6
Дата15.11.2023
өлшемі46,33 Kb.
#122481
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Реферат та ырыбы Топыра ты радиоактивті элементтері. Экологиял

2.1 Топырақтың радиоактивті элементтері. Экологиялық факторлардың топырақтың химиялық құрамына әсері


Топырақтың түзілуіне топырақ түзуші факторлармен қатар, оның түзілуіне тікелей қатысы бар материалдық негіздердің рөлі ерекше. Топырақ түзуші материалдық негіздерге: аналық тау жынысы, осы қабаттағы ауа құрамы мен ылғал, мекенденетін бүкіл жоғары жəне төменгі сатылы организмдер қосындылары жатады. Табиғаттың ауа райы мен жер бедерлерінің өзгешелігі нəтижесінде əртүрлі топырақтар түзіледі.
Ескеретін жай, бұл топырақ түзуші материалдық негіздердің кейбіреулері, мəселен, аналық жыныстар, тірі организмдер қосындылары жоғарыда сипатталғаннан əрі топырақ түзуші факторлар əрі топырақ түзуші материалдық негіздер рөлін атқарады. Сондықтан олардың қай рөлде маңызы басымырақ екенін бөліп айту қиын. Ол жағдайлар тек шартты түрде бөлінеді. Əдетте, бір затты түзуге қатысатын материалдық негіздерінің үлесін зерттеу олардың химиялық құрамын анықтаудан басталады.
Биосферадағы əртүрлі табиғат денелерінің химиялық құрамын сипаттағанда, оның құрамындағы əртүрлі элементтердің орта есеппен алатын орнын, үлесін пайызбен шығарады. Жер қабатындағы элементтердін орташа құрамын 1924 жылы алғаш есептеп шыққан американдық ғалым Ф. У. Кларк болды. Сондықтан мұны Кларк көрсеткіші деп атайды. Кейінірек жана қосылған мəліметтерге байланысты бұл Кларк көрсеткіштері бірнеше рет толықтырылды (А. Е. Ферсман, 1934-1939, А. П. Виноградов, 1962). Сонымен қатар, ауа құрамындағы, судағы жəне тірі заттардағы элементтер кларкы да есептелінетін болды.
Антропогенді факторлар деп адам қызметінің қоршаған ортаға тигізетін əсерінің жиынтығын айтады. Табиғатты қорғаудың түрлі аспектілерін ескермей жүргізген адамның шаруашылық іс-əрекеттері қоршаған ортаның соның ішінде топырақтың да ластануына əкеп соғады. Нəтижесінде топырақ өндірістік, құрылыстардың қалдықтарымен жылу электр станцияларының күлімен, пайдалы қазбалар мен құрылыс материалдарын өндіру кезіндегі жердің бетіне шығарылып тасталған жыныстар тау-тау болып үйілген, мұнай өнімдері жиналған, т.б «индустриялық далалар» пайда болады.
«Индустриялық далалардың» топырақтарында ештеңе өспейді. Бұның себебі, ластаушы заттардың құрамында табиғи күйде топырақта өте аз мөлшерде кездесетін химиялық элементтер болады. Олар көміртек күкірт молибден, мыс, кадмий, мырыш, алюминий, никель, вольфрам, натрий, хлор, темір, бор, барий, фтор. Бұндай жағдайда химиялық элементтердің топырақтағы қалыптасқан қатынасы бұзылады. Топырақтың ластануы тек қана адамның индустриялық қызметтерінен емес, сонымен бірге ауылшаруашылық өндірістің нəтижесінде де жүреді.
Топырақты (сол сияқты ауа мен суды) едеуір ластаушы көздер мал шаруашылығының комплекстері. Көбінесе сұйық көң дұрыс сақталмаған жағдайда суларды ластайды. Мысалы, 100 мың бас өсіретін шошқа кешендері немесе 35 мың бас ірі қара өсіретін кешендердің қоршаған ортаны ластау дəрежесі 400, 500 мың халқы бар үлкен өндірістік орталықпен бірдей дəрежеде болады.
Сондықтан фермаларда тазартқыш қондырғыларды салу өте қажетті шаралардың бірі. Сонымен қатар, көпжағдайдажанар-жағар майларды сақтау мен тасымалдау дұрыс, талапқа сай орындалмайды.
Олар топыраққа түскенде, топырақтың биологиялық белсенділігін нашарлатады. Сол сияқты минералдық тыңайтқыштарды жолдардың, не егістіктердің жиегінде ашық тастауға болмайды. Мұнай өндіру жəне барлау жұмыстары топырақтың түрлі, жуғыш заттармен ластануына себеп болады. Нəтижесінде мұнай төгіліп, топырақтың бетінде битумды заттардың түзілуіне əкеліп соғады.
4
Бұрғылау жұмыстары кезіндегі қолданылатын жуғыш заттар (каустикалық сода, натрий хлориді, дизель майы, битум) топырақтың тұздануына себеп болады. Əдетте, бұндай жерлерде өсімдіктер өспейді. Көптеген жерлер тұрмыстық жəне өндірістік қалдықтары жинақталған қалдық үйінділермен ластанады.
Бұл үйінділерде тұрғын үйлер, мекемелерден шыққан қалдықтар, əртүрлі синтетикалық материалдардан жасалған тұрмысқа қажетті заттардың қалдықтары, моншалар мен кір жуатын орындардан шыққан ағызынды сулар, жаңбыр мен қар сулары, т.б толып жатқан қалдықтардың барлығы топырақты қатты ластайды. Топырақ бұлардан басқа пестицидтерді дұрыс пайдаланбаған жағдайда да біршама ластанады. Олардың химиялық тұрақты түрлері топырақтажинақталып, топырақ биотасының қырылып қалуына себепболады. Алпестицидтердіңтопырақтажинақталуыжəнеондағы организмдердің жойылуы топырақ түзілу процестерінде əсер етіп, оның құнарлылығын төмендетеді. Сондықтан шаруашылықтарда пестицидтерді пайдаланудың ережелерін қатаң сақтаулары қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет