Реферат тақырыбы: «ТӨтенше жағдайлар кезінде халықты қОРҒаудың негізгі әдістері мен қАҒидалары»


Халықты заманауи хабардар ету, қорғаныс ғимараттарына жасыру



бет3/7
Дата16.10.2023
өлшемі44,61 Kb.
#115975
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
1.1 Халықты заманауи хабардар ету, қорғаныс ғимараттарына жасыру

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іске асырылатын халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары біздің республикамызда ең басты мақсат болып табылады.


Халықты қорғау қағидасы – бұл бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда халықты қорғау тәртібін анықтайтын ҚР Үкіметі белгілеген ереже.
Халықты бейбіт уақыттағы төтенше жағдайдан және осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау, қорғаудың негізгі үш тәсілі арқылығ, кешенді шараларды өткізумен іске асырылады:
Қорғаныс ғимараттарына адамдарды жасыру;
Тұрғындарды көшіру мен бытыраңқы орналастыру;
Халықтың өзін - өзі қорғау құралдары мен қамтамасыз ету.
Халықты қорғаныс ғимараттарына жасыру халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе жау шабуылының қауіпі туған жағдайда қорғанудың негізгі және ең сенімді әдісі. Қорғаныс ғимараттары – бұл панахана, радиациядан қорғау орындары және қарапайым панаханалар. Халықты панаханаға жасыру арқылы қорғаудың ең басты жолы – қорғаныс ғимараттарын әрдайым дайын ұстау. АҚ дабылы болғанда халықты тезірек панаханаларға кіруге оқыту. Сондай – ақ, ТЖ болғанда панаханалар мен радиациядан қорғайтын орындарды басқару пунктері ретінде де қолдана алады.
Халықты көшіру, әсіресе бейбіт уақытта болғанда ТЖ-ға сонымен қатар, соғыс уақытында қала тұрғындарын осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғауға тән. Халықты жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету. Жеке қорғаныс құралдары радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттар мен бактериалды құралдардың ағзаға, теріге және киімге түсіп кетуінен қорғауға арналған.Олар төмендегідей бөлінеді:
Тыныс алу органдарын қорғау құралдары (ауаны сүзетін және ауаны кіргізбейтін газқағарлар, респираторлар, шаңнан қорғайтын мата маскасы (ПТМ – 1) және мақта мата таңғышы);
Теріні қорғау құралдары (арнайы оқшаулап қорғайтын киім);
Жеке қорғаныс құралдарын қолдану – халықты қорғаудағы басты шаралардың бірі.
Халықты қорғау Республикамыздағы АҚ – ның басты міндеті, себебі адамдар – ең жоғары құндылық болып табылады, сондықтан олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ алдын алу мен іс – қимылдар бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жүйесінің барлық шараларының басты мақсаты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет