Реферат тақырыбы: «ТӨтенше жағдайлар кезінде халықты қОРҒаудың негізгі әдістері мен қАҒидалары»


Жаппай қыру қаруынан халықты қорғау



бет6/7
Дата16.10.2023
өлшемі44,61 Kb.
#115975
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
2.1. Жаппай қыру қаруынан халықты қорғау

Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары – тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай – ақ қазіріг заманғы қырып – жою құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі – адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары және қарапайым жасырану орындары жатады.


Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан – ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай – ақ улағыш заттардан, бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан сенімді қорғауды қаматмасыз етеді.
Өндіріс күштерін қазіргі заманға қырып – жою құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және хими ялық қауіпті объектілердегі апаттардан қорғау – маңызды мемлекеттік міндеттерінің бірі.
Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуға тиіс.Қорғаныс ғимараттары салыну мерзімі бойынша бейбіт уақытта болсын, қауіп төнген кезде болсын жылдам тұрғызылуы керек.Мақсаты бойынша халықты жасыру немесе басқару және байланыс тораптарын орналастыруға ыңғайлы болуы қажет.
Қорғану жолдары
Ядролық қарудың ауа толқынының соққысынан, тек осы күшті есептеп салынған баспана немесе панахана ғана сақтай алады.Жарықты сәулелену – бұл жарылыс кезінде болатын сәулелердің қуаты. Бұның қызуы миллион градустан бірнеше мыңға дейін болады.Жарықты сәулелену өте қысқа мерзімде әсер етеді және тарауы да лезде болады.
Ол күннен әлдеқайда анық, өткір, ашық сондықтан алыстан көрінеді. Оның күші бір шаршы / см ауданға перпендикуляр түсетін сәуленің мөлшерімен өлшенеді.Сәуленің мөлшері – калориямен анықталады.
Жарық импульсі – 1 кал / см Жарықты сәулелену – адам денесін, жан – жануарды күйдіреді, соқыр қылады.Күйдіру сатысы бірнеше дәрежеде болады:1- ші дәрежелі – 4 кал / см, - болса 2- ші дәрежелі – 4 – 7,5 кал / см; 3- ші дәрежелі – 7,5 – 12 кал – см/ тері сыдырылады.4- ші дәрежелі – 12 жоғары кал / см/ терінің күйігі тереңдеп, жапырақтанып, бөлшектеніп түседі.
Жарықты сәулеленуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғай алады; ағаштың көлеңкесі, аула үйдің тасасы. Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз мезгілінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал.
Өткір радиация – ядролыө жарылыс сәтінде бөлінетін нейрондар мен гамма сәулелері. Бұлар қорғана алмай қалған адамдар, жан – жануарлар үшін өте қауіпті. Бұл радиация бары 10 – 15 сек ғана созылады. Бірақ сәуле ауруларын туғызу үшін осы уақыттың өзі де жеткілікті.
Алғашқы өткір радиация адамға сезілмейді, оның өткені біраз уақыттан кейін байқалады. Сәуле ауруларының ауыр – жеңіл болуы өткен радиацияның мөлшеріне байланысты, ол сәулелену дозасымен өлшенеді.
Сәулелену дозасы деп қоршаған ортада 1 гр затты не 1 куб.см көлемді денені жоюға кететін қуат мөлшерін айтады. Бұл мөлшер рентгенмен алынады.
1 рентген – 1 куб. См ауада, 0 градус температурада қысымы сынап бағынасымен 760 мм болғанда – 2,08 млд пар иондардң болу деңгейі.
Өткір радиация - әр түрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғұрлым ол әлсірей береді.Ашық траншея – 3 есе азайтады.Жабық траншея – 7 -10 есе.Бір қабатты ағаш үй – 3-5 есе.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет