Заттардың тотығу-тотықсыздану қасиеттерін анықтау
Біз күкірттің бірнеше қосылыстарын білеміз: күкіртті сутек H2S, күкірт қышқылы H2SО4, күкірт (VI) оксиді SО3, күкіртті қышқыл H2SО3, күкірт (IV) оксиді SО2. Міне, осы заттардың әрқайсысының тотығу-тотықсыздану реакцияларындағы атқарар рөлін тек олардың формулаларына қарап анықтауға болады. Ол үшін осы қосылыстардағы элементтердің тотығу дәрежелерін пайдалануға болады.
Көрсетілген қосылыстардағы күкірттің тотығу дәрежелері: - 2 (H2S), +4 (H2SО3, SO,), +6 (H2SО4, SО3) мәндерін көрсетеді, енді осы сандарды сан өсіне салып, тотығу дәрежелерінің өзгерулерін қарастыралық:
Элемент ең төменгі тотығу дәрежесінде тек тотықсыздандырғыш, ең жоғарғы тотығу дәрежесінде тек тотықтырғыш, ал аралық тотығу дәрежесінде болса әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш болады.
Бөлшек (атом, молекула) электронды бергенде оның оң тотығу дәрежесі артса, қосқанда оң тотығу дәрежесі кеміп, теріс тотығу дәрежесінің абсолюттік мәні артады.
Элементтің электртерістілігі басым болса, оның тотықтырғыштық, ал төмен болса тотықсыздандырғыштық қасиеті жоғары болады.
Пайдалынған әдебиеттер:
Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі.
Химия: Жалпы білім беретін мектептің 8 сыныбына арналған оқулық. Усманова М.Б., Сақариянова Қ.Н. Атамұра, 2009. - 216 бет.
3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы.
http://emirsaba.org
Достарыңызбен бөлісу: |