Реферат тақырыбы: Тотығу-тотықсыздану процестері Орындаған: Мырзахан Ақсұлу Топ: тф-21-10к мазмұны



бет1/4
Дата02.12.2023
өлшемі21 Kb.
#132184
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
Реферат тақырыбы Тотығу-тотықсыздану процестері Орындаған Мырз-emirsaba.org


Реферат тақырыбы: Тотығу-тотықсыздану процестері Орындаған: Мырзахан Ақсұлу Топ

РЕФЕРАТ


Тақырыбы: Тотығу-тотықсыздану процестері


Орындаған: Мырзахан Ақсұлу
Топ: ТФ-21-10К
Мазмұны:
  1. Тотығу тотықсыздану реакциялары


  • Тотығу

  • Тотықтырғыш

  • Тотықсыздандырғыш


  1. Электролиз


  2. Қорытынды


  3. Пайдаланған әдебиеттер




Тотығу-тотықсыздану - электрондардың бір атомнан екінші атомға жаппай немесе жартылай ауысуына негізделген химиялық әрекеттесу үлгілерінің үлкен тобы. Тотығу дегеніміз[1] — атомның немесе атомдар тобының өз электрондарын беруі нәтижесінде өз валенттілігін өсіруімен сипатталатын химиялық әрекет;тотықсыздану — атомдардың немесе иондардың электрондарды өзіне қосып алуы, сөйтіп өз валенттілігін төмендету.Органикалық заттар химиясында тотығу әрекет өрекетінің мысалы ретінде заттың оттегін өзіне қосып алуы ал,тотықсыздану әрекетінің мысалы ретінде заттың сутекпен әрекеттесуі алынады.
18 ғасырдың аяғында А.Лавуазье жанудың оттекті теориясын ұсынған кезден бастап тотығу заттардың оттекпен қосылуы, ал тотықсыздану оттекті бөліп алу процестері деп қаралған. 1920 – 1930 ж. химиядаэлектрондық түсініктің қалыптасуына байланысты оттек қа-тыспайтын реакциялардың да Тотығу-тотықсыздану реакциялар болатындығы анықталды. Тотығу-тотықсыздану реакциялар процестері көбінесе электрондық теңдеулермен өрнектеледі. Зарядтардың сақталу заңына қайшы келмес үшін Тотығу-тотықсыздану реакциялар кезінде тотықтырғыштың қосып алған электрондар саны тотықсыздандырғыштың берген электрондар санына тең болуы керек деген жалпы ереже сақталады. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын коэффиценттер қойып теңестірудің екі әдісі бар: электрондық тепе-теңдік және электрон-ион. Электрондық тепе-теңдік әдісі бойынша берілген және қосып алған электрондар саны элементтердің реакцияға дейінгі және реакциядан кейінгі тотығу дәрежесінің негізінде анықталады.
Электрон-ион әдісі бойынша жалпы иондық реакцияларды құру ережесіне сәйкестеп реакция сұлбасын құ-рады. Күшті электролитті ион түрінде, бейэлектролит пен әлсіз электролиттерді, газдарды және тұнбаларды молекула күйінде жазады. Бұл әдіс реакция жүрген ортаның табиғатына байланысты. Себебі реакция бағытына орта күшті әсерін тигізеді. Мыс., +H2OHCl1+HO+1Cl болатын Тотығу-тотықсыздану реакцияларындағы тепе-теңдік қышқылдық ортада солға, ал негіздік ортада оңға ығысады. Күшті тотықтырғыш Mn+7 қышқылдық ортада Mn2+-ге дейін, сілтілік ортада Mn+6, бейтарап ортада Mn+4O2 молекуласына дейін тотықсызданады. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының стехиометр.

коэффицеттерін табудың бұлардан басқа А.Гарсиа, электронды баланс, матем. әдістері де бар. Химияда Тотығу-тотықсыздану реакциялар өте көп таралған. Мысалы, аммиак, азот қышқылы, күкірт қышқылын алу, электролиз (анодта электрхимиялық тотығу, катодта электрхим. тотықсыздану), жану процесі, металдар коррозиясы, фотосинтез, т.б. маңызды биологиялық құбылыстар Тотығу-тотықсыздану реакциялар процесіне жатады. Тотығу-тотықсыздану реакциялар өнеркәсіпте және техникада көміртек (ҚҚ, ҚV) оксидтерін, таза металл, т.б. алуда кеңінен қолданылады.



Тотығу – элементтің немесе қосылыстыңтотықтырғышпен әрекеттесу процесі; тотығу-тотықсыздану реакциялары барысында бөлшектің электрондарынан айрылу процесі. Тотығу кезінде бөлшектің тотығу дәрежесі артады. Мысалы, атомэлектронын берсе, оң зарядты ионға; теріс зарядты ион электрон берсе бейтарап атомға, оң зарядты ионға айналады; оң зарядты ион электрон берсе, оның оң заряды берген электрон санына сәйкес өседі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет