Реферат тақырыбы: Тотығу-тотықсыздану процестері Орындаған: Мырзахан Ақсұлу Топ



бет2/4
Дата30.10.2022
өлшемі0,64 Mb.
#46270
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Реферат та?ырыбы Тоты?у-тоты?сыздану реакциялары, оларды? м?ні

Биологиялық тотығу – оксидредуктаза ферменттеріменкатализденетін, тірі организмдегі тотығу-тотықсыздану реакцияларының жиынтығы. Ол тірі организм тіршілігінің негізін құрайтын энергия көзі болып табылады. Биологиялық тотығудың атқаратын маңызды қызметі организмдегі зат алмасу, дем алу, жасуша құрылымын құ-растыру, өсу процесіне қажет әр түрлі метаболиттерді – субстраттарды, коферменттерді, гормондарды және басқа заттарды түзу болып табылады.


Мұнай өнімдерінің тотығуы (автототығу), негізінен құрылысы әр түрлі көмірсутектер қоспасынан тұратын мұнай өнімдері тотықтырғанда әр түрлі оттектіқосылыстардың түзілуі. Органикалық қосылыстардыңтотығуы – органикалық қосылыс молекуласына оттек атомдарын енгізу және сутек атомдарын одан бөліп шығару. Органикалық затқа тотықтырғыштың әсе-рі тотығатын заттың табиғатына, температураға, катализаторға, реагенттердің концентрациясына, ортаның қышқылдылығына, т.б. байланысты.[1]
Тотығу — су құрамындағы органикалық заттардыңмөлшерін оттектің барлық тотықтану шығынымен білуге болады. 1 дм3 су құрамындағы органикалық заттардың оттекпен тотығуы 2,5—3 мг/дм3 болса, онда су құрамындағы органикалық заттардың өте көп мөлшерде болғаны және осыған байланысты зиянды бактериялар арқылы ауру жұқтыру мүмкіндігі арта түседі.
Тотықсыздану – тотығу-тотықсыздану реакциялары барысында атомның, молекуланың, ионның электронқосып алу процесі. Тотықсыздану кезінде бөлшектің тотығу дәрежесі кемиді. Мыс., атом электрон қосып алса, теріс зарядты ионға; оң зарядты ион электрон қосып алса заряд саны кеміген оң зарядты ионға бейтарап атомға, теріс зарядты ионға айналады. Органикалық заттардың Тотықсыздануы еселі (қос және үш) байланыстарды толық немесе бөлшектеп қанықтыру арқылы жүретін сутекті қосып алу реакциялары (гидрлеу), жай байланыстардың сутекпен ыдырауы (гидрогенолиз), элиминирлеу (органик. заттардан оттекті бөліп алу), т.б. болып табылады.
Тотықсыздандырғыш - тотығу-тотықсыздану реакциялары кезінде өзінен электрон бөліп, тотығу дәрежесі өзгеретін атом немесе бөлшек. Тотықсыздандырғыш – электрон беруші бөлшек (бейтарап атом, молекула, ион), ал электрон беру процесі – тотығу деп аталады, демек Тотықсыздандырғыш реакция кезінде тотығады. Тотықсыздандырғыш ретінде металдардың бейтарап атомдары, кейбір бейметалдар (мысалы, C, Sі, H2), теріс зарядталған бейметалл иондары (мыс., Cl, Br, J, S2), құрамына тотығу дәрежесі төмен немесе өте төмен болатын элементтер енетін күрделі заттар (FeCl2, FeSO4, Cr2(SO4)3, MnSO4, H2S, HCl, HBr, HJ, NH3, CO, N2H4, NH2OH, NO, SO2, H3PO4, H2SO3) және олардың тұздары, (HNO2, SnCl2, Na2S2O3), органикалық заттар – альдегидтер, спирттер, глюкоза, құмырсқа және қымыз қышқылдары, электролиз кезіндегі катод, т.б. қолданылады. Техникада және лаб-да жиі қолданылатын аса маңызды Тотықсыздандырғыштар: көміртек (С) пен көміртек (ҚҚ) оксиді (СО). Тотықсыздандырғыштар металлургияда оксидті кендерден металл алуға, кейбір активтігі аз металды ерітінділерінен бөлуге; темір, мырыш, алюминий, қалайы және органик. заттар алуда, нитроқосылыстарды тотықсыздандыруға, фотографияда, мата өнеркәсібінде, т.б. жерлерде қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет