Йодометрия Йодометрия әдісінің негізін жартылай реакция құрайды.
Бұл теңдеу сызба түрінде жазылған. Тәжірибеде I2 ерігіштігін ұлғайту үшін KI ертіндісін қолданады, ал бұл жүйеде I3 йодталған комплекс типі өрнектелген. Стандартты потенциалдың сандық мағынасына қарасақ, бос күйінде йод орта күшті тотықсыздандырғыш қасиетін көрсетеді. Йодометрия әдісінде йодтың тотықтырғыш қасиетін де, тотықсыздандырғыш қасиетін де пайдаланады. Йод ертіндісімен заттар тура негізделіп тотықса, кейде оны йодометриялық әдіс дейді. Йодпен титрленетін әдісіндегі йодтың шығуын йодометрия әдісі дейді. Бірақта бұл терминалогияны қатаң бақыламайды, екі әдісті де йодометрия әдісі деп атайды. Йод, I ионы тотығу нәтижесінде шығатын йодтты натрий тиосульфатымен титрлейді.
Бұл маңызды реакциялардың біріне жатады.
1) Йодометрияда қолданылатын жұмыс ерітінділері. Йодтың ерігіштігі суда көп емес (шамамен 0,2 гр/л) сондықтан оның титрлі ерітіндісін KI концентрлі ерітіндісіндегі бос йодтың нақты өлшендісінен дайындайды. Ерітіндіге сонымен қатар йодтың ерігіштігін ұлғайтатын I3 комплекс йоды пайда болады. Натрий тиосульфаты жұмыс ертіндісін йод, диохромат бойынша коцентрациясы орнатылған Na2S2O3*5H2O кристаллизацияланған препаратпен дайындайды.
2)Индикаторлар. Йод өзінің қызыл сары түсі ертіндіде жеткілікті интексивті және түссіз ертінділерді титрлегенде индикатордың көмегіне жүгінбейді. 100мл ертіндіде йодтың 1 тамшы 0,1м көзге қызыл сары түсі көрінеді. Титрлеу кезінде индикатор ретінде ерітіндіні көк түске бояйтын, крахмалдың йодпен қосылысын қолданады. Реакцияның сезімталдығы өте жоғары, йодтың түсіне қарағанда. Йодометрия әдісі жалпы универсалды болып келеді. Йодометриялық түрде тотығу-тотықсыздану қасиетіне ие болмайтын заттар мен қышқылдарды, тотығу,тотықсыздануды анықтауға болады. Йодометриялық әдіспен көптеген заттарды анықтауға болады: формальдегид, ацетат, қант, спирт, азот.
3)Йодометриялық титрлеу әдісі.
а) Тура титрлеу әдісі. Заттар йодпен жеңіл тотығатын калий йодидінде, йод ертіндісінің стандартты құрлысынсыз титрлейді. Осындай анықтаманы йодомертияның тура әдісімен тирлейді деп айтады. Бұл жолмен күшті тотықсыздандырғыштар сульфид, сульфат, тиосульфат т.б. анықталады.
б)Қайта титрлеу әдісі. Йодпен қиын тотығатын заттарды K[I3] ертіндісінің молдығымен заттардың тотығуына жетерліктей уақыт өткеннен кейін өңдейді. Осындай әдісті қайта йодометрия әдісімен титрлеу дап атайды.
в)Қосалқы әдіс. Тотығу тобыына жататын заттарды натрий, калий йодидімен өңдейді. Сонан соң нартий тиосульфат ертіндісінің стандартымен бөлінген йод эквивалент мөлшерімен титрлейді. Бұндай әдісті қосалқы йодометрия әдісінің анықтамасы деп атайды. осындай жолмен тотығатын перманганаттар, хроматтар, бихроматтар, йодиттер, хлор, бром, мыс ионы және т.б.
Йодометриялық титрлеуде төрт қателікті кездестіруге болады.
Метал емес(S²,I,Br); комплексті тотықсыздану-анионы (SO²3, SeO²3, FeO²3, S2O²3, SCN, CN, NO2) және т.б.
Б) Тотықтырғыштар. (Қайта титрлеу әдісімен) (Cr2O²7, MnO2, S2O²8, H2O2, Fe³, ClO3, HO3) және т.б.
в) Тотығу-тотықсыздану қасиеті жоқ заттар: Ca²-ионы, CaC2O4 тұндырылу түрінде; В³-ионы, BI[Kr(SCN)6] тұндырылу түрінде; Zn² ионы, ZnC2O4 немесе Zn[Fe(CN)6] тұндырылу түрінде.
А)Ұшқыштығына байланысты йодтың жоғалулары. Титрлеуді келесі шарттарда өткізу керек: ұшып кету нәтижесінде йодты жоғалтуын болдырмау; суыққа және мүмкіндігінше жылдам, температураның жоғалуынан индикатор есебінде крахмалдың сезгіштігі төмендейді. Калий йодидінің көп болғанынан, йодтың бірыңғай ұшып кету салдарынан титрлеудің қателігі азаяды. Титрді ерітінді реакцияның аяқталуына дейін біраз уақыт тұра тұруы керек. Титрлеуді жонып тығындалған тығынмен жабдықталған колбада өткізу қажет.
Б) Иодометриялық титрлеуді сілтілік ортада өткізуге болмайды. Себебі йод сілтіге әсер етеді:
Ерітіндідегі ОН концентрациясы неғұрлым көп болса, соғұрлым тиосульфаттың көп бөлігі сульфатқа айналады. рН санының 9-дан аспауын қадағалап отыру керек.
В) І – ионының оттегімен тотықсыздануы
І – ионының тотықсыздануы рН ерітіндісінің азаюына және күн сәулесінің әрекетінің азаюына әсер етеді. Сондықтан иодометриялық титрлеуді ерітіндінің қалыпты қышқылдығына қарап өткізу керек. Стандартты йод ерітіндісін сақтау үшін күн сәулесін түспейтіндей ету керек және жабық шкафтың қараңғы жерінде сақтау керек.
Г) Тотықтырғыш йодидінің тотығу реакциясының аяқталуына уақыттың жеткіліксіздігі және тотықсыздандырғыш йодының тотықсыздануы. Титрлеу шарты бойынша (AsO3-, Cu2+, Cr 2O 72- және т.б. анықтаулар) тотығу-тотықсыздану реакциясынан толыққанды жетістік алу үшін қосымша уақыт қолдануға болады. Д) Анықталатын тотықтырғыш пен J- ионының арасындағы реакция жылдамдығы әдетте аздық етеді. Сондықатан бөлінген йодты титрлеуге тек біраз уақыт өткеннен кейін тотықтырғыш қосылғаннан соң ғана кіріседі.
Е) Элементарлы йодтың адсорбциясы. Йодометриялық титрлеуден алынған үстіңгі белсенді заттар мен кейбір тұнбаларлардың йодты ұстап тұратын қасиеті жоқ. Сондықтан да титрлеудің соңында тұнбадан тұратын титрлеуіш ерітіндіні мұқият араластыру керек немесе адсорбциялық йодты экстракциялау үшін органикалық ерітіндіні еңгізу керек.
Ж) Сақтау және қолдану процесіндегі тиосульфат пен стандартты йод ерітіндісінің өзгеруі. Қателіктерді болдырмас үшін бихромат бойынша тиосульфат титрін, ал йодты тиосульфат бойынша тексеріп отыру керек.
З) Реакцияның жүру жолына және де ерітінділердің құйылуына байланысты қолданылатын ерітінді концентрациясы әдісінің бұзылуын анықтау. Нақты нәтиже алу үшін анықтауыш әдісті қатал ұстану керек.
5) 0,1н йод ерітіндісін дайындау. І2 формуласы 253,8. Молекулалық салмағы ЭІ = 126,9. Йод – металдық жылтыры бар, күңгірт –сұр кристалл, жеңіл сублимацияланады. Тығынмен тығындалған шынысы күңгірт банкада сақтайды. Қалыпты температурада ұшып кетеді, буы улы және шырын қабыршағына әсер етеді. Ч.д.а құрылғысы 99,8 % І2 тұрады, ал тазасы 99,5 %.
6) Йодты тазалау. Сатылуға қойылған йод ІСl, IBr, ICl3 қосылыстарынан және судан тұрады. Қосылыстардан йодты возгонкамен тазартады. Йодпен барлық жұмысты (возгонка және т.б) тартпа шкафта өткізген жөн. Йодты тек жабық ыдыста ғана таразылауға болады, себебі бу таразының металл бөлігінде коррозияны туғызады. 1л 0,1н ерітіндісін дайындау үшін 12,7г йод керек. Возгонка үшін есептелген саннан 25% көбірек алу керек., яғни 3,2 г. Ол 12,7+3,2=15,9 тең, яғни йод 16 г тең. Таразылау үшін технологиялық таразыда қажетті қақпағы бар ыдысқа йод қосып, тарирлейді. Содан соң бюксты қақпақпен жауып, таразылайды. Ал кейін 2 г кальций йодиді мен 8 г кальций қышқылын шыны ыдыста таразылайды. Йод калий йодидін галоид қосындысынан ығыстырады. Кальций қышқылын суды сорып алу үшін енгізеді. Барлық 3 заттың өлшендісін агатты ступкаға салады, тез арада пестикпен үгітеді және возгонкалау үшін колбаға еңгізеді. Қоспаны үгіту үшін фарфорлы ступка жарамайды, себебі оның кедір-бұдыр бетінде йод көп қалып қояды.
Возгонканы ыстыққа төзімді шыныдан жасалған колбада өткізеді. Оған қабықшалы тығын арқылы суық суы бар түтікшені орналастырады.
Колбаның түбін жанарғы жалынында жылытып, йодты тез айналдырумен возгонкалайды. Қыздыруды колбаның көлемі күнгірт көгілдір түсті йод буымен толғанша жалғастырады, ал содан соң приборды асбест торында суыту үшін қалдырады. Йод буы түтікшенің салқын бетінде конденсацияланады. Колбадан түтікшесі бар тығынды абайлап шығарып алу қажет. Таразыланған бюкстағы кристалды йодты шыны таяқшамен тазалайды. Егер йод азайып қалса, онда возгонканы жалғастырады және алынған йодты бюкста таразылайды. Содан соң йодты СаСl2, КОН үстінде экспедиторда 1-2 күнге кептіреді. Содан соң 12,7г возгонкаланған йодты калий йодидінің концентрациалы ерітіндісіне шашады (әрбір литрге берілген йод саны 35 гр калий йодидін алады және 25мл суда оны ерітіді). Калий йодидінде йод толық ерігенше толық шайқайды да, қажет суды қосады және жақсылап араластырады.
0,1 н йод ерітіндісін дайындау үшін 12,7 йод пен 35 г калий йодидін алады және 1л дейін сумен араластырады. 0,05 н йод ерітіндісін дайындау үшін 6,4 г йод пен 20г калий йодидін алу керек.
0.02 және 0.01н йод ерітіндісін дайындау үшін 0,1 н ерітіндісін 5-10 есе сұйылтады. Бұл йод ерітінділерінің тұрақтылығы төмен, олардың концентрациясын күнде бақылап отыру керек. Содан соң оларды 2-3 күн кептіреді және ерітіндінің нормасын келтіреді.
7) 0,1н йод ерітіндісінің титрін 0,1н Na2S2O3 ерітіндісіне орнықтыру
Тығыны бар колбаға 25-30мл йод ерітіндісін құяды, 20-30мл су қосады және 0,1н Na2S2O3 ерітіндісімен қоңыр түстен сары түске ауысқанша титрлейді. Содан соң 1,5-2 мл крахмал ерітіндісін қосып, толық түссізденгенше титрлейді.
Ерітіндінің түзету коэффицентін К келесі формуламен табуға болады
мұндағы V – титрлеуге шығындалған 0,1н Na2S2O3 ерітіндісінің көлемі, мл;
К1 – К ерітіндісінің түзету коэффиценті
V1 – титрлеуге алынған 0,1н йод ерітіндісінің көлемі,мл.
Температураның кенеттен ауытқуы болмаса, 0,1н йод ерітіндісінің титрін айына 1 рет тексеруге болады. Бағанасы 0,02 тең сыйымдылығы 10мл су қосады және микробюреткадағы натрий тиосульфаты ерітіндісімен титрлейді де, титр соңында 1мл крахмал ерітіндісін қосады.
Еріткіш крахмалдың дайындалуы: 0,5 % ерітінді: 0,5 г крахмалды 5 мл суық суда араластырады. Қоспаны 100 мл қайнатылған суға баяулап құйып 2 – 3 мин қайнатады. Ерітіндіні жаңа даярланған түрде ғана қолданады.
8) 0,1 н Na2S2O3· 5 Н2О (натрий тиосульфаты) Формула: Na2S2O3· 5 Н2О, молекулалық массасы: 248,18 Э Na2S2O3* 5 Н2О =248,18
Тиосульфат натрийдің санын квалификацияда өлшеп, берілген есептегі жаңа қайнаған дистельденген 1 литр суда 25 г (24,819 г) тиосульфатты ерітеді. Алынған ерітіндіге Na2S2O3 0,2 г 1 л – ге көмірқышқыл газымен байланысқан стандартты ерітіндіге қосады.
Ерітіндіні 1 – 2 күнге қойып, кейін фильтрлейді.
9) Калий бихроматы бойынша стандартты тиосульфат ерітіндісінің титрін орналастыру.
Практикада тиосульфат ерітіндісінің титрін орнататын зат ретінде қондыру үшін , әдетте бихромат калий қолданады.
а)Титрлеу тәсілі
Калий дихроматы күшті тотықтырғыш дихромат ерітіндісі шамамен 0,1 н немесе 0,05 н дайындайды. Калий бихроматының ерітіндісін дайындау үшін аспамен 250 мл 0,1 н шамасында есептейді. Колбаға пипеткамен 25 мл калий бихроматының дайын ерітіндісін еңгізеді. Калий иодидінің көлеміне сәйкес немесе 2 г қосады. Содан соң 10 мл 2 н. тұз немесе күкірт қышқылын қосып, жақсылап араластырады. Колбаны тығынмен жауып, 5 минут қараңғыда қояды, 200 мл сумен араластырады және бөлінген иодты натрий тиосульфатымен тирлейді. Бөлінген иодтың түсі қоңырдан лимонды сарғыш түске ауысқанда 1 – 2 мл крахмал ерітіндісін қосады. Ерітіндінің ашық көк түсі эквивалент нүктесінде ашық жасыл түске айналады. Кейде титрлеу соңында ерітіндінің көгеруі байқалады.
Бірер минут өткеннен соң пайда болған көгеру ауа мен калий иодидінің тотығуынан пайда болуы мүмкін және де титрлеу нәтижесіне әсерін тигізбейді. Титрлеуді жасап болғаннан соң көгеру бірден болса, онда калий бихроматынан йодтың бөлінуі соңына дейін өтпеген және су ерте қосылған. Бұндай титрлеу қате және тәжірибені қайта жасау қажет.
Тиосульфаттың қалыптылығын және титрді есептегенде келесі еске алу керек: калий бихроматынан алынған эквивалент саны калийн иодидінің эквивалент санына тең элементарлы йодты калий йодиді бөледі.Ал бөлінген йод өзінің қалпына келуі үшін дәл сондай мөлшерде натрий тиосульфатының эквивалентін қажет етеді.
Калий бихроматы бойынша 0,1 н ерітіндінің титрленуі нақтылау болып келеді. 0,0002 дәлдігімен 0,15 - 0,2 г - нан жекеленген бюкста 3 рет кристаллданған калий бихроматының аспасын алып, тұраққа жеткенше 150 0С кептіреді. Сыйымдылығы 500 мл тығыны бар колбаға өлшендіні орналастырады және 50 мл суда ерітеді. Калий бихроматының қалған ізімен бюксты қайта таразылайды. Екеуінің таразыланған нәтижесінен калий бихроматы өлшендісінің өлшемін көруге болады. Содан соң 2 гр КІ қосады және 8 мл концентрленген НСІ және 10 мл.
Ерітіндіні жақсылап араластырып 5 – 10 мин қараңғыға қояды, 400мл сумен араластырады және бөлінген йодты 0,1 н Na2S2O3 ерітіндісімен титрлейді. Титрлеген кезде ерітіндінің түсі қоңырдан сарғыш жасылға ауыспағанша, шайқай береді. Сонда 1,5 - 2 мл крахмал ерітіндісін құйып, ерітінді көк түстен жасылға ауысқанша титрлей береді. Бос титрлеуді параллельді жүргізеді. 50 мл суға 2 г КІ, 8 мл концентрлі НСІ және 10 мл H2SO4 қосады және 400 мл сумен араластырады. Осыдан кейін 1,5 – 2 мл крахмал ерітіндісін қосады және жоғарыда айтылып кеткендей натрий тиосульфатымен титрлейді.
Түзету коэффициенті
мұндағы а – Э = 49,033 болатын калий хроматының аспасы ,г;
V – титрлеуге шығындалған 0,1 н H2SO3 ерітіндісінің көлем, мл;
V1 – бос титрлеуге шығындалған H2SO3 ерітіндісінің көлемі, мл
Бағанасы 0,02 мл тең сыйымдылығы 10 мл тең жартылай микробюреткадағы Na2S2O3. Ерітіндісінің титрін орналастырған кезде 1500С алдын – ала кептірілген калий бихроматы аспасын және микробюкстың микросалмағындағы 0,04- 0,45 г мөлшері тұз. Өлшендіні тығыны бар колбаға ауытырады, оның сыйымдылығы 250 300мл. 20мл суда ерітеді. Содан соң 1 кг калий йодидін қосады, 4 мл концентрлі НСІ және 5мл H2SO4, 100 мл – дей суға араластырады және натрий тиосульфатының ерітіндісімен титрлейді. Крахмалдың көлемі 1 мл.
10) Калий перманганатының ерітіндісі бойынша натрий тиосульфатының ерітіндісінің титрін орналастыру
Йодты тиосульфатпен титрлейді, ол эквивалент саны бойынша перманганатпен калий йодидінің тотығының арқасында бөлінген. Стақанға 2 – 3 г калий йодидін еңгізеді, аз мөлшерді сумен араластырады және 1:5 НСІ 5 мл су қосады, 20 немесе 25 мл 0,1 н перманганат ерітіндісіне құйып аралстырады. Осыдан бөлінген йод ерітіндісі қоңыр түске боялады. 100 мл су қосады және тиосульфат ерітіндісімен ашық сары түске боялғанша титрлей береді. Содан соң 2– 3 мл крахмал ерітіндісін қосады және көк түсті ерітіндіні ашық түске боялғанша титрлейді. Есепті әдеттегідей шығарады.
11) Формалиндегі формальдегидтің мөлшерін анықтау.
Формула: НСНО М НСНО = 30,03
Формалиндегі формальдегидтің құрамын йодометриялық тәсілмен (кері титрлеу) анықтау. Ол йод формальдегидтің тотығуы мен артық йодтың тиосульфатпен титрлеуіне негізделген. Сілтілік ерітіндіде құмырсқа қышқылдық тұзының пайда болуымен йод арқылы формальдегид тотығады
Реакция соңында ерітіндіні қышқылдатады және әсері тимеген йодты тиосульфатпен титрлейді. Йодтың нақ 1 мл 0,1 н ерітіндісі формальдегидтің 0,0015008 г на сәйкес келеді.
Йодтың нақ 1мл 0,1 ерітіндісі формальдегидтің 0,003 г – не сәйкес келеді.
Жүріс анықтамасы. Тығыны бар 100 мл колбаға 0,2 г формальдегид ерітіндісін еңгізеді және колбаның белгісіне дейін жеткізіп дистельденген су құяды. 5 мл осы ерітіндіні, 20 мл 0,1 н йод ерітіндісін және 2 н NaOH ерітіндісін ашық сары түс пайда болғанша араластырады. 10 мин өткен соң 1,5 мл 2 н тұз қышқылын құяды және 0,1 н бос йодты тиосульфат ерітіндісімен титрлейді және соңында крахмал ерітіндісін қосады. Титрлеуді 2 – 3 рет қайталайды және орташа мәнін алады. (формальдегидтің эквивалент массасы Э HCHO =15)
12) Аскорбин қышқылын анықтау.
Формуласы: C6H8O6 М C6H8O6=176,12
Аскорбин қышқылының мөлшерін анықтау оның йодпен тотығуына негізделген. Бұдан тотыққан формасы немесе дегидроформасы пайда болады
Жүріс анықтамасы. Аналитикалық таразыда 1 г аскорбин қышқылын таразылайды. Өлшендіні мөлшеріне қарай тығыны бар 100 мл өлшеуіш колбаның белгісіне дейін құйып, мұқият колбаға төңкеріп араластырады. Пайда болған ерітіндіден титрлеу үшін 100 мл пипеткамен таңдап алады және 50 – 100 мл колбаға ауыстырады. 2 мл крахмал ерітіндісін құяды, ашық көк түске боялғанша 0,1 н йод ерітіндісімен титрлейді.
1 мл 0,1н нақ йод ерітіндісіне 0,0088 г аскорбин қышқылымен титрлейді.
12) Сu2+ ионын анықтау.
Йодометрияның қолданатын басты аймағының бірі Сu2 +-ды титриметриялық анықтау болып табылады. Қоспа анализында кең қолданылатын қосымша анықтау тәсілімен анықталады. Бұл анықтау реакцияға негізделген.
Сu2+ (?) йодидпен қалпына келуінің арқасында өзгеретін СuІ (ПР=10-12) Сu эквивалент – граммы және мұнда CuSO4 · 5H2O грамм атомы (63,54) мен грамм – молекулаға (249,7 CuSO4 ·5H2O) тең.
Жүріс анықтамасы. Титрлеу үшін колбаға өлшеуіш цилиндрмен 15 мл 20% -ды КІ ерітіндісін, 2 мл 2 М H2SO4 ерітіндісін және 25 мл зерттелетін ерітіндіні (аликвотты бөлігін) құяды. Колбаны шынымен жауып, қоспаны 5 мин қараңғыға қояды (реакцияның аяқталуы үшін). Содан соң ерітінідінің тұнбасы ашық сары түске боялғанда крахмал ерітіндісін қосып 5 мл титрлеу соңында Na2S2O3 ерітіндісін титрлейді.
Na2S2O3 ерітіндісінің 1 тамшысынан көк түсі жоғалып кетуі керек және бірнеше минуттан кейін қайта пайда болмауы тиіс. (СuI тұнбасы титрлеу соңында ақшыл сарғыш түске боялуы қажет). Титрлеуді нақтырақ 2 – 3 рет қайталайды және нәтиженің орташасын алады. Шығару жолы.Ерітінідінің нормальдығын тауып, зерттеуші ерітіндіде қанша г – эквивалент мыс шығаратынын тауып алуға болады.
13) Na арсениті ерітіндісіндегі мышьякты анықтау.
Натрий арсениті ерітіндісіндегі мышьякты йодометрия арқылы анықтау келесі реакцияға негізделген.
Стандартты потенциал бу өлшеміне пікір айтсақ AsO43-\ AsO4 (70.56 B) және I2\2I- (+0.54 B) бұл реакция кері бағытта жүруі тиіс. Бұл реакция дұрыс бағытта жүруі үшін пайда болатын Н+ ионын байланыстыру керек. рН =7 тең ерітіндіде артық көлемде түзілетін NaHCO3 болғанда реакцияны жүргізеді. Сонымен қатар, әдетте, NaAsO2 ерітіндісін As2O3 пен NaОH ерітіндісін дайындайды.
Жүріс анықтамасы. NaAsO2 ерітіндісін сыйымдылығы 250 мл өлшеуіш колбаға орналастырады да, шамамен 70 – 100 мл дистельденген сумен араластырады және 2 – 3 тамшы фенолфталеинмен, 2 н. H2SO4 ерітіндісімен бейтараптайды. Қызғылт түс кетекенше тамшылап қышқылды қосады. Содан соң колбаға 4 – 5 г қатты NaHCO3-ты енгізеді, қатты қыздырмай ерітіндіні араластырады да, ерітеді. Егер NaHCO3 құрамындағы Na2CO3 әсерінен ерітінді қайта қызарса, онда тамшылап H2SO4 қосып, түстің жоғалуына дейін жеткізеді. Содан соң көлемін белгіге дейін жеткізіп су құяды да, жақсылап араластырады. Сақтандырғыш шармен жабдықталған пипетка арқылы колбаның аликвотты бөлігіндей дайын арсенит және 1 – 2крахмал ерітіндісін алады. Көк түске дейін боялған, титрленген йод ерітіндісі 1 тамшы артық қосылғаннан пайда болады. Титрлеуді 2– 3 рет жүргізеді, орташасын алады.
Шығару жолы: NaAsO2 нормальдығын және мышьяктың массалық құрамын табады. Реакцияда As(III) 2 электронын беріп, As қа дейін тотығады. Сондықтан 1 г – эквиваленті келесіге мынаған тең: