Орындаған ХБ-31 топ студенті: Тлеулиева Ж Тексерген: Мукашева М.М
Орал, 2024ж МАЗМҰНЫ Кіріспе Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдістері Перманганатометрия (KMnO4) Қышқыл ортада перманганатпен титрлеу. Сілтілік ортада перманганатпен титрлеу. Йодометрия Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе Титриметрия әдісі-жүйе құрамындағы зат мөлшерін анықтауға кең қолданылады. Әдіс концентрациясы белгілі заттың концентрациясы анықталуға тиісті затпен эквивалентті түрде әрекеттесуіне негізделген.
Титрлеу –қосылатын реагенттің мөлшері анықталатын қосылыстың мөлшеріне эквивалентті болған мерзімге дейін стандартты ерітіндіні анықталатын ерітіндіге қосу процесі.
Титриметрия әдісі сандық талдаудың ең маңыздыларының бірі болып саналады,олар өте қарапайым және сол себептен кеңінен қолданылады.Титриметриялық әдіс анықтайтын затпен реакцияласуға жұмсалатын реактивтің мөлшерін дәл өлшеуге негізделген. Жиі реактивтің мөлшерін табу үшін концентрациясы белгілі ерітіндінің әрекеттесуге кеткен көлемін анықтайды, сондықтан бұл әдіс көлемдік анализ деп те аталады.
Титр – 1 мл ерітіндідегі еріген заттың грамм не милиграмм мөлшері. Титрі анық белгілі ерітіндіні титрленген, не стандартты ерітінді дейді.
Титриметриялық талдау әдістері титрлеу нұсқасына және затты (компонентті) анықтау үшін таңдалған химиялық реакцияларға сәйкес бөлінеді. Қазіргі химияда сандық және сапалық талдау ажыратылады.
Титриметриялық анализ әдістерін анализде пайдаланылатын химиялық реакциялардың түріне қарай бөледі. Бұл реакциялар: протондар алмасатын, электрондар алмасатын, аз диссоциацияланатын (комплекстік) бөлшектер түзетін және нашар еритін қосылыстар түзетін реакциялар. Осыған байланысты титриметриялық анықтауды мынадай әдістерге бөлуге болады:
1. қышқыл-негіздік титрлеу (протолитометрия);
2.тотығу-тотықсыздану титрлеуі (редоксиметрия);
3.комплексометриялық титрлеу (комплексометрия);
4.тұнба алып титрлеу (седиметрия).
Титриметриялық әдістерді титрлеу жолына қарап та бөледі;
1. тікелей титрлеу әдісі – анықтайтын зат концентрациясы белгілі ерітіндімен титрленеді;
2.ауыстыру (жанама) әдісі – бұл әдіс анықтайтын зат пайдаланатын реагентпен әрекеттеспейтін, не реакция стехиометриялық жолмен жүрмейтін жағдайда пайдаланылады. Мысалы, кальций иондарын перманганатометрия әдісімен анықтау. Кальций иондарын қымыздық қышқылы аниондарымен тұнбаға түсіреді:
Жуылған тұнбаны күкірт қышқылында ерітеді:
3. кері титрлеу әдісі – анализдейтін ерітіндіге артық мөлшерде алынған титранттың белгілі көлемін құяды, яғни анықтайтын компонентпен реакция толық жүргеннен кейін ерітіндіде титранттың бос мөлшері қалады. Реакцияласпай қалған титранттың мөлшерін концентрациясы белгілі басқа ерітіндімен титрлейді. Алғашқы қосылған титранттың көлемі мен оның реакцияласпай артық қалған көлемінің арасындағы айырмашылық титранттың анықтайтын затпен әрекеттесуге кеткен көлемін көрсетеді.
Физика-химиялық әдістер химиялық реакциялар жүру кезінде байқалатын физикалық шамаларды өлшеуге негізделген. Олар бірнеше топқа бөлінеді:
- оптикалық әдістер (фотометрлік, СФ, люмин., ИК, ААС).
- электрохимиялық әдістер (потенциометрлік, ионометрлік, вольтметрлік, хроматографиялық, кулонометрлік т.б. әдістер)
Физикалық әдістерде анықталатын заттың концентрациясымен байланысты физикалық шамалар өлшенеді (спектрлік, рентген-фазалық).