МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ
|
|
НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ
|
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
|
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
|
|
|
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Трансгенді организмдер
Орындаған: Бегжан Ақтілек
Тобы: 106А
Тексерген: Орынбай Г.С.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Трансгенді ағзаларды медицинада қолдану
Трансгенді жануарларды алу
Қорытынды
Трансгенді ағзалар медицинада қолдану
Дәрілік препараттарды (ақуыздарды) алу үшін құрастырылған трансгенді жануарлардың микроорганизмдер мен клеткалық жүйелерден бірнеше артықшылықтары бар. Рекомбинантты микроорганизмдерден алынған сүтқоректілердің ақуызының синтезі қалыпты өтпейді, өйткені олар гликолизденген немесе карбоксилденген. Микроорганизмдердің қарапайым жүйелерінде ақуыз синтезі дәл өтпейді, сондықтан ақуыздың құрылымы өзгереді де, оның биологиялық белсенділігі төмендейді. Трансгенді жануарлардан алынатын дәрілік препараттар дұрыс модификацияланады және олардың биологиялық белсенділігі табиғи жағдайға жақын болады. Ал клетка себіндісінде синтезделетін препараттың мөлшері мардымсыз және оны іске асыру күрделі, әрі қымбатқа түседі. Сондықтан клетка жүйесі көмегімен алынатын рекомбинанты ақуыздың құны трансгенді жануарларды пайдаланғанда түзілетін препараттың құнынан 1000 есе жоғары болады.
Қазіргі таңда осы саладағы зерттеулер бірнеше бағыттар бойынша дамуда:
кейбір құрамдас бөліктері жоғары өнім беретін жаңа мал шаруашылығы тұқымдарын жасау (мысалы, Ұлыбританияда сүті чеддер ірімшігін дайындау үшін сүті әбден жарамды сиырлардың табыны бар);
олардың түрлеріне тән емес белоктарды шығара алатын жануарларды жасау (мысалы, адамның интерферонын шығаруға қабілетті шошқаларды алуға бағытталған әзірлемелер туралы хабарланды);
адамға органдарды трансплантациялау кезінде донор болып табылатын трансгендік жануарларды жасау.
Трансгендік тышқандар, үйқояндар және маймылдар генетикалық аурулар моделдерін жасау және генотерапия тәсілдерін сынауға мүмкіндік беретін зертханалық құрал болып табылады. Трансгеноздың перспективті бағыттарының бірі сүтке дәрі-дәрмек заттарды секреттей алатын сүтқоректі жануарлар-биореакторларды жасау болып табылады.
Қазіргі кезде мал шарушылығында трансгенді іс жүзінде қолданудың мынадай перспективті мүмкіндіктері қаралуда: ауыл шарушылығы өнімінің сапасын жақсарту, ауруларға тұрақтылық, сүтте және басқа да биологиялық сұйықтықтарда рекомбинанттық белоктарды алу, ксенотрансплантация үшін шошқалардың генетикалық модификациясы, жануарлар моделдерін жасау.
Трансгендік жануарларды алу стратегиясын генерациялық және соматикалық деп екі топқа бөлуге болады. Генерациялық трансгендік жанурлар гаметаларды қоса барлық тіндерде трансгенді енгізеді. Соматикалық гендерді көшіру әдістері генерациялық клеткалардың генетикалық ақпаратын қозғамайды, бұл ұрпаққа трансгендерді беру мүмкіндігі жояды. Трансгендік жануарларды жасау адамзат тарихының барлық ұзақтығында қақтығысқан көптеген мәселерді шешуге әсерін тигізеді. Бұл ең алдымен азық-түлік мәселесі және дәрі-дәрмек перпататтарын жасау және оларды жеткілікті көлемде алу мәселесі. Соматикалық клетканың ядросы осы организм туралы толық генетикалық ақпаратқа ие, егер бұл ақпаратты іске асыру үшін барлық жағдайлар жасалса, онда жекелеген тұқымның генетикалық көшірмелерінің шексіз санын алуға болады.
Энуклеирленген аналық клеткаларға эмбриондық клеткалардың ядроларын көшіру жолымен эмбриондарды клондау. Эмбриондық клеткалардың ядроларын энуклеирленген аналық клеткаларға көшіргеннен кейін ядро қайта бағдарланады да жаңа эмбрион дами бастайды. Ядроларды көшіргеннен кейін дамыған эмбриондар өз кезегінде ядролардың донорлары ретінде пайдалануы мүмкін. Бірнеше генерациялардан кейін жүздеген және мыңдаған бірдей эмбриондарды алу мүмкін туады.
Трансгендік жануарлар маңызды биохимялық және морфологиялық қасиеттері бойынша өзгерудің жоғары деңгейімен сипатталады, бұл кейіннен қалаған жануар түрін іріктеу қызметін арттырады, ал бұл селекцияның мақсаты болып табылады. Тотипотенттік клеткалардың ядроларын эмбрионнан энуклеирленген аналық клеткаларға көшіру жолымен жануарларды клондау әдісін әзірлеу үшін. Эмбриондық клеткалардың ядроларын көшіру жолымен клондаудың айырмашылығы тек өзара бірдей жануарларды алуды ғана емес, генотип бойынша донор жануармен ұқсас соматикалық клеткаларды алуды қамтамасыз етеді. Бұл генетикалық ұқсас ұрпақтардың бірінші буында шексіз санын алуға мүмкіндік ашады.
Дүние жүзінде уақыттың аз ғана аралығында трансгендік сиыр, ешкі, шошқа, қой және үйқояндарының шамамен 20 жуық түрі жасалады. Олар тіндік плазминогендік белсендіргіш, моноклондық антиденелер, эритропоэтин, инсулин тектес өсім факторы, интерлейкин, антитрипсин және басқалар сияқты бағалы фармацевтикалық заттарды өндірген. Трансгендік жануарларды алуда жаңа бағыт пайда болған. Арнай векторларды пайдалану гендік конструкцияны генді зигота пронуклеусқа енгізген кезде барлық клеткаларға емес, организмнің жекелеген клеткалық популяцияға мүмкіндік береді. Ондай жануарлар (сиырлар, ешкілер, шошқалар).
Медицина ғылымының кандидаты, профессор С.Ордабеков былай деген:
Клондау – табиғатта сирек болса кездеседі. Оның жасалу жолы – табиғи. Мәселен, бірінен-бірі айнымайтын егіздер міндетті түрде бір жынысты келеді екі ұл, немесе екі қыз. Өйткені, олар тек бір ғана аналық, бір ғана аталық ұрықтан, бір эмбрионнан пайда болады.
Бишоф зерттеушілер тобы адам қанының ұю факторын трансгенді қойлардың сүтінен алу ғылыми жұмыстарын жүргізуде. Олар қой геномына қан ұюының 9-факторының генін қойдың р-лактоглобулин промоторымен біріктіріп, енгізу мақсатын алға қойған. Ұю факторы қойдың сүт бездерінде синтезделіп, сүтке бөлінеді. Зерттеу кезінде тышқандарға эксперименттер жүргізіледі: қойдың лактоглобулин белогы тышқанның сүт бездерінде синтезделіп, сүтке бөлінді. Шотландия генетиктері сүтінде адамның антитрипсин а-1 белогы бар трансгенді қойларды алды. Бұл қосылыстың 1 л сүттегі мөлшері 35г.тең болды. Медицинада оны өкпе ауруларын емдеу үшін қолданылады. АҚШ ғалымдары трансгенді ешкілердің 1л сүтінен адам қанының томбтарын ыдырататын плазминогеннің 3г ала алды.
Адамнан адам жасау да таң емес болып қалғандай. 2002 жылы италияндық дәрігер С.Антинори арнайы эксперимент жасау арқылы адамзатты өмірге әкеледі. Клондық жолмен жасалған шара өзгелерден еш айырмашылығы жоқ, сәбилерше әйел құрсағында өсіп келеді. Бірақ ол баланың жарық дүниеге келген келмегені жөнінде дерек жоқ. Ғалымдардың өзі дәлелдеп шығарғанындай клон арқылы өмірге келген адам бар болғаны 25-30 жыл төңірегінде ғана өмір сүретіні көрінеді.
АҚШ-та адамды клондау заңмен шектелмегенмен, профессор Клинтон адамды клондауды зерттеуге ақша беруге рұқсат бермей, Ұлттық біріккен комиссияға осыны қолға алуды айтты. Комиссияның шешімімен баланың соматикалық клеткасындағы ядроны алмастыруды кейінге (3-5 жылға) қалдырылды. Тағы да комиссия :
Барлық фирмаға, клиникаларға, зерттеушілер мен профессияналдық қоғамға, секторларға осы мораториге қосылуға шақырды
Достарыңызбен бөлісу: |