Реферат тақырыбы: "Түркістан уалаяты", "Дала уалаяты" тәрізді алғашқы қазақ газеттерінде қолданылатын жазу үлгісі



бет2/3
Дата02.12.2023
өлшемі27,23 Kb.
#132294
түріРеферат
1   2   3
2.1 Түркістан уалаятының газеті
«Түркістан уалаятының газеті» – қазақ журналистикасы тарихында көш бастаушы басылым. Түркістан генерал-губернаторлығының ресми органы болған «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде 1870-1882 жылдар аралығында Ташкентте шығып тұрды. Алғашында айына төрт рет – екі нөмірі өзбекше жəне екі нөмірі қазақ тілінде жарық көрді.
Газеттің алғашқы редакторы – орыс жəне шығыс халықтарының бірнеше тілдерінде еркін сөйлеген, башқұрт ұлтының азаматы Шаһмардан Мирасұлы Ибрагимов болды. Омбы кадет корпусында білім алған Ш.Ибрагимов Шоқан Уалихановпен жақсы таныс болған деген деректер де бар. Қазақ халқының ауыз əдебиет үлгілеріне қызығушылық танытып, оларды жинақтаумен де айналысқан ол басылымның биресми бөлімінде бірқатар зерттеу мақалаларын жариялаған.
Ш.Ибрагимовтан кейін «Түркістан уалаяты газетіне» Хасан Жанышев редактор болып бекітіледі.
Газеттің ресми емес бөлімінде қазақтың ауыз əдебиеті үлгілері, ғылыми жаңалықтар, шаруашылық жайы, мəдени хабарлар жəне əдеби туындылар басылды. Сондай-ақ, білім-ғылым мен өнердің пайдасы, оқуағарту ісі, орыс тілін үйренудің септігі жайындағы материалдарды да көптеп кездестіреміз. «Түркістан уалаяты газетінің» бейресми бөлімінде – жазба публицистика мен халықтың ауыз əдебиетін зерттеп-зерделеу ісі қалыптаса бастады, бұл процесс – елдің қоғамдықəлеуметтік көзқарасы мен əдеби-мəдени ой-пікірінің дамуына елеулі оң ықпалын тигізді.
«Түркістан уалаяты газетінің» ресми және ресми емес деп аталған басты екі бөлімі болды. Ресми патша өкіметінің бұйрық- жарлықтары жарияланып, үкімдері түсіндірілсе, ресми емес бөлімде отырықшылық, егіншілік, мал шаруашылығы, сауда, ішкі-сыртқы жағдайлар, әдебиет, мәдениет, білім, ғылым, өнер, және әйел теңдігі мәселелері қаралды. Оған кезінде газет беттерінде жарияланған «1731 жылы Қазақстан Россияға бодан болуы» туралы мәселелермен қатар, қазақ даласындағы Кенесары хан, Сырым, Исатай-Махамбет батырлар бастаған азаттық көтерілістердің жазылуы да куә. Оның үстіне тікелей патша жарлығымен қазақтардың ең шұрайлы жерлерінің орыс переселендеріне күшпен тартып алынып беріліп жатуы жөнінде материалдардың жариялануы редакция қызметкерлерінің ұстанған бағыт-бағдарларын көрсететін еді. Қазақ тілінде шығатын газеттің 1882 жылы ешбір себепсіз жабылып қалуы да осындай істерге байланысты сияқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет