Қазақстан Республикасы жоғары білім және ғылым министрлігі
Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті
Филология факультеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: ”Түркістан уалаяты”, “Дала уалаяты” тәрізді алғашқы қазақ газеттерінде қолданылатын жазу үлгісі
Орындаған:Сансызбаева К.Р
Тексерген:Аронов Қ.Ғ
Орал қ, 2023 ж
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Түркістан уалаятының газеті
2.2 Дала уалаятының газеті
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ елін, жерін патшалы Ресейдің толықтай билеп алуына байланысты Қазақстаның Ташкент, Орынбор, Омбы, Орал сияқты кейбір ірі қалаларында патша өкіметінің жергілікті әкімшілік орындарының жеке ресми органдары ретінде жергілікті ұлт тіліндегі алғашқы газеттер шыға бастады. Әрине, бұл басылымдар қайткен күнде де қазақ халқының қамын ойлап, оның әлеуметтік-шаруашылық және мәдени-ағарту тілектерін ескергендіктен шығарылған жоқ, қайта патша үкіметінің отарлау саясатын күшейте түсу, оның бұйрық –жарлықтарын жергілікті халықтың ана тілінде жариялап, сөзсіз орындату, сондай-ақ оның ресми көзқарастарын тұрғындар арасына кеңінен таратып, қол астындағыларды шексіз бағындырып ұстау мақсатымен шығарылады.
Алайда, патшалық Ресейдің осындай жымысқы саясатына қарамастан, Қазақстанда ұлт тіліндегі өз баспасөзінің тууы халықтың санасын оятып, мол рухани байлыққа ие болуына елеулі түрде әсер етті. Оны мынадай мысалдардан айқын байқауға болады. Мәселен, қазақ баспасөзінің тұнғышы «Түркістан уалаятының газеті» екендігі белгілі. Ол сол кездегі Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы Ташкент қаласында 1870 жылдың 28 сәуірінен бастап, орыс тілінде шығатын «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде айына төрт рет (екі саны өзбекше, екі саны қазақша) шығарыла бастады.
ІІ Негізгі бөлім
Достарыңызбен бөлісу: |