Реферат Тақырыбы: Тұтас орталар механикасының элементтері Орындаған



бет4/5
Дата01.04.2023
өлшемі90,38 Kb.
#78301
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Та ырыбы Т тас орталар механикасыны элементтері. Т тас орта т

Тұтқырлық (ішкі үйкеліс).

Тұтқырлық – сұйықтың бір бөлігінің басқа бөлігіне салыстырғанда қозғалысына кедергі жасайтын нақты сұйықтың қасиеті.


Нақты сұйықтық бір қабатының басқа қабаттарына салыстырғанда орын ауыстыруы кезінде қабаттар беттеріне жанама бойымен бағытталған ішкі үйкеліс күштері пайда болады.
Жылдамдау қабаттар, баяулау қабаттарды үдетеді және керісінше, баяу қабаттар оған жанасатын жылдам қабаттарды тежейді. Жылдамдық градиенті  , қабаттан қабатқа х бағытында (қабаттардың қозғалыс бағытына перпендикуляр бағытта) жылдамдық қалайша тез өзгеретінін көрсетедеі.
Ішкі үйкеліс күші жылдамдық градиентіне және қарастырылып отырған қабат бетінің  ауданына пропорционал болады.
.
Сұйықтың табиғатына тәуелді пропорционалдық  коэффициент, динамикалық тұтқырлық (немесе тұтқырлық) деп аталады.
Тұтқырлық бірлігі – паскаль – секунд – ол сұйықтың ламинарлық ағысы және 1м-де модулі 1 м/с жылдамдық градиенті кезінде, қабаттардың жанасу беті 1м2 – та 1Н ішкі үйкеліс күші пайда болатын ортаның динамикалық тұтқырлығы ( ).
Тұтқырлық үлкен болған сайын, сұйықтық соғұрлым идеалдықтан өзгеше болады, солғұрлым онда үлкен ішкі үйкеліс күші пайда болады. тұтқырлық температураға тәуелді, мұнда ондай тәуелділіктің сипаты сұйықтар және газдар үшін әр түрлі болады (сұйықтар үшін температура өткен сайын  азаяды, алгаздарда керісінше көбейеді), бұл жағдай олардағы ішкі үйкеліс механизмінің айырмашылығын көрсетеді.
Сұйықтар ағысының екі түрі.
Егер әр жұқа қабат көршілеріне қарағанда олармен араласпай ағын бойымен сырғанайтын болса, ағыс ламинарлы (қабатты) деп аталады.
Сұйықтар ламинарлық ағысы оның қозғалысының аз жылдамдықтары кезінде байқалады. Сұйық ағынын түтіктің бетіне жанасатын сұйықтың сыртқы қабаты, молекулалық ілінісу күші арқасында оған жабысып қозғалмайтын болады. келесі қабаттардың жылдамдықтары түтік бетінен алыс болған сайын, көп болады, түтіктің осі бойымен қозғалатын қабаттың жылдамдығы ең үлкен болады (13а-сурет).
Егер сұйықтың бөлшектері бір қабаттан екінші бір қабатқа өтіп жататын болса (ағысқа перпендикуляр құраушысы болса), ағыс тутбулентті (құйынды) деп аталады. Бұнда сұйықтың (газдың) екпінді араласуымен және құйын пайда болуымен қатар жүреді.

Түтіктің бетінен алыстаған сайын бөлшектердің жылдамдығы жылдам өседі, сонан соң, екпінді араласу нәтижесінде, елеусіз өзгереді (13в-сурет).
Ағыстың бір түрден екінші түрге өтуі сан жағынан Рейнолдс санымен сипатталады.
.
Мұндағы  - кинетикалық тұтқырлық,  - сұйықтың тығыздығы,  - түтіктің қимасы бойынша сұйықтың орташа жылдамдығы,  - сипаттық сызықтық өлшем, мысалы түтіктің диаметрі.
Рейнолдс санының кіші мәндері кезінде  ламинарлық ағыс байқалады, ламинарлық ағыстың турбуленттікке өтуі  аумағында болады, ал  (тегіс бетті түтіктер үшін) кезінде ағыс турбулентті болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет