Реферат тақырыбы:Ғаламдық жылынудың мәселелерінің теріс әсері № Жұмысты орындау сапасы



бет3/5
Дата11.12.2023
өлшемі38,54 Kb.
#137027
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат Экология (1)

Жаһандық жылынудың тарихы.
Тарихтағы мұздық және ұлтаралықкезеңдерде маңызды экологиялық-климаттық өзгерістер болды, биотикалық түрлердің кейбірі жойылып, кейбіреулері пайда болды. Бұл құбылыстар толығымен табиғаттың циклына және жағдайларына әсер етеді. Кеш мезолит кезеңінде реттелген тәртіпке өткеннен кейін климат соңғы уақытқа дейін бұрынғы деңгейде қалды. Алайда, ол шамамен 30 жыл бұрын тез өзгере бастады. Палеоэкологиялық ғылыммен алынған мәліметтер климат жүйесінің тұрақты деңгейде емес екенін дәлелдейді. Бұл табиғи процесс емес және толығымен адам әрекетіне байланысты дамиды.Қоршаған орта және орман шаруашылығы министрлігінің зерттеу нәтижелері I энергияны пайдалану, өнеркәсіп, орманды өртеу және жою, ауылшаруашылық қызметі және жаһандық жылыну ықпал ететіндігін көрсетеді.
Нақты уақытты айту қиын, бірақ көпшілік оны өндіріс революциясына тұспа-тұс келтіреді, себебі адамдар қазбалы отынды жағып, дамыған елдерде өндіріс дами бастады. Оған 1850 жылғы жазбалар дәлел бола алады.
Ғаламдық жылынудың пайда болуы себептері.
Ғаламдық жылынусебептері. Қоршаған орта – ауа, су, жер жоғары қарқынмен ластануда. Ауаға көмірқышқыл газының көп мөлшері шығарылуда, оның жинақталуы жылыжай эффектісінің пайда болуына апарып соғады. Неге атмосферада көмірқышқыл газы мөлшерінің арту проблемасы енді өзекті болып отыр? Оны негізгі шығарушыларға қара металлургия кәсіпорындары, отын жануының барлық үдерістері, шіру үдерісі (халық саны артқан сайын малшаруашылығы қалдықтарының мөлшері едәуір артты), орман өрттері, жанартау атқылауы жатады.Геологтар өткен замандарда жанартау белсенділігі қазіргімен салыстырғанда жоғары болған деп болжайды, бірақ «климаттың апатты ғаламдық жылынуы» болмады. Себебі атмосферадан көмірқышқыл газының ең белсенді биологиялық «сіңірушісі» көміртекті фотосинтез барысында органикалық заттар түзу үшін пайдаланатын жасыл өсімдіктер мен цианобактериялар болып табылады. Синтезделген органикалық заттардың бір бөлігі өсімдіктермен қоректенген жануарлар және өсімдіктер тыныс алғанда қайтадан СО2 мен суға айналады. Бірақ көміртектің едәуір бөлігі өсімдіктер денесінде, тіпті олар қурап қалса да, шіріп не жанып кеткенше целлюлоза түрінде қалады. Палеозойда «таскөмір» орман өсімдіктерінен қанша көмір түзілгенін еске түсірсек, жоғары болған жанартау белсенділігі неге климаттың апатты ғаламдық жылынуына апарып соқпағаны түсінікті болады. Адамзаттың үнемі орман ағаштарын кесіп, балдырлардың жойылуына себеп болып, дүниежүзілік мұхит бетін ластап жатқанын да еске түсіру керек.Көмірқышқыл газының ең белсенді биологиялық емес «сіңірушісі» дүниежүзілік мұхит екенін есте сақтау керек. Мұхиттың шексіз бетінде көмірқышқыл газы атмосферамен араласып, суда ериді. Әрі қарай көмірқышқыл газын СО2 маржандар сияқты теңіз тіршілік иелері, қарапайымдар мен ұлулар сияқты көптеген бақалшақты ағзалар кальций карбонатына айналдырады. Осы әктастың жанып жатқан көмір мен мұнай өнімдерінен айырмашылығы өзінен көміртекті «шығармайды». Бірақ қазіргі кезде мұхит беті қатты ластанған. Мұхит бетінде қалқып жүрген пластикалық бөтелкелер, пакеттер мен басқа да материалдардың жалпы жиынтық ауданы Австралия құрлығының ауданынан асып кетеді деген мәліметтер бар. Егер мұнай өнімдері төгілген кезде мұхит бетінде қалыптасатын мұнай дақтарын ескеретін болсақ, мұхиттың көмірқышқыл газын жойып үлгермей жатқаны түсінікті болады.Түрлі газдардың әсіресе фреондардың шығарылуы Күн сәулесінің едәуір мөлшерін шағылыстыратын озон қабатының ішінара бұзылуына әкеліп соқты. Таза климаттық үдерістерден басқа озон қалқасы Жердегі барлық тіршілік иелерін жойқын ультракүлгін сәулеленуден қорғайды. Жер серіктерінен және МКС-дан бақылау Арктика мен Антарктида үстінде озон тесіктерінің пайда болғанын көрсетті. Нәтижесінде Күн сәулесінің көп мөлшері атмосфераға еніп, Жер бетін қыздыра бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет