Іс-әрекет категориясын талдаудың теориялық бағдарлары
Іс-әрекет категориясының мәні мен жалпы мазмұнын ашатын неғұрлым маңызды теориялық бағдарлар ретінде мына жағдайларды бөліп шығаруға болады.
1) Іс-әрекет категориясы адам болмысын сипаттайтын маңызды категория болып табылады. Бұл категориясыз адамның тұрмысын талдау мүмкін емес.
Іс-әрекет адам болмысын сипаттайды
2) Іс-әрекет ақиқатты қайта құратып белсенділіктің (адам мен қогамга топ) арнайы формасына жатады. Кең мағынада алганда «іс-әрекет» атауы «белсенділік» ұғымына баламалы («асtіvіtу» — іс-әрекет, «асtіоn» — әрекет).
Іс-әрекет-белсенділіктің көрінуі мен формасы
3) Іс-әрекет категориясы тек қана психологиялық категория болмағандықтан, психологияда дәстүрлі ортақ қабылданган деп саналады. Ол психикалық бейнелеу, тұлга, сапа, қарым-қатынас сияқты категориялармен бірге базалық психологиялық категориялар сапатына кіреді. Б.Ф.Ломов психология ғылымының негізгі категориялары ретінде бейнелеу, іс-әрекет, тұлға және қарым-қатынасты қарастырды.
Іс-әрекет — психологиянын негізгі категориясы
4) Іс-әрекет категориясы психологияның негізгі категорияларымен өзара тығыз байланысты және олармен өзара әрекеттестікте болады. А.Н.Леонтьевтің көзқарастары бойынша, психикалық бейнеленуді түсіну іс-әрекеттің біртұтас жүйесінен тыс болуы мүмкін емес. Өзінің бірқатар зерттеулерінде ол психикалық бейнеленудің сезімдік-тәжірибелік іс-әрекеттің дамуында пайда болатынын, бейне (психикалық бейпелену) қашан да іс-әрекет жүйесінде маңызды орын алатынын және оның шығу тегі мен қызмет етуін іс-әрекеттен тыс түсінуге болмайтынын көрсетті.
Іс-әрекет категориясы мен психикалық бейнелену өзара байланысты
Б.Ф.Ломов зерттеулеріпде іс-әрекет категориясы мен қарым-қатынас категориясының өзара байланысы қадагаланады, сондай-ақ іс-әрекеттегі қарым-қатынастың негізгі қызметтері бөліп шығарылады. Ол қарым-қатынастың іс-әрекетте бірнеше қызмет атқаратынын көрсетті:
қарым-қатынас іс-әрекеттің ұжымнан жеке-дараға өту жолындағы ауыспалы түрін құрайды;
қарым-қатынас ұжымдық іс-әрекетке қатысады;
қарым-қатынастың өзі адам іс-әрекетінің маңызды түрі болып табылады.
Іс-әрекет категориясы мен қарым-қатынас өзара байланысты
Іс-әрекет категориясы мен тұлғаның өзара байланысы бірқатар зерттеулерде ашылады.
А.В.Петровский зерттеулерінде тұлға іс-әрекет пен қарым-қатынаста жүзеге асатын, әлеуметтік қатынастар жүйесінің тұрақты субъектісі ретінде қарастырылады.
Б.Ф.Ломов психология ғылымы үшін базалық дәрежелерді қарастыра отырып: «психикалық құбылыстар іс-әрекет пен қарым-қатынас процесінде пайда болып, қалыптасып, дамиды. Алайда олар іс-әрекетке немесе қарым-қатынасқа да емес, олардың субъектісі — қоғамдық тұлғаға тән. Іс-әрекет пен қарым-қатынас өз бетінше ешқандай психикалық сапаларга ие болмайды да, өз бетінше тіршілік етпейді. Бірақ бұл қасиеттерге тұлга ие болады.
Сонымен, іс-әрекет пен қарым-қатынас мәселесі тұлға мәселесімен «тұйықталады»… іс-әрекет пен қарым-қатынасты талдау арқылы (адам өмірлік іс-әрекетінің бәрін) психология тұлғаның психикалық бітімін, оның ішкі рухани әлемін ашады…» деп айрықша атап керсетті.
Іс-әрекет пен тұлга өзара байланысты
А.Н.Леонтьев сананың шығу тегін талдай отырып, оның психологиялық көп өлшемділігін іс-әрекет пен сана дәрежелерінің өзара байланысы арқылы көрсетеді. Оның пайымдауынша, субъектінің сыртқы және ішкі іс-әрекеті ақиқаттылықты психикалық бейнелеумен жанамаланып, реттеледі… Бізге тікелей ашылатын психикалық ақиқаттылық — бұл сананың субъективті әлемі.
Іс-әрекет категориясы мен сана өзара байланысты
5) Іс-әрекет категориясы психологияда екі әдіснамалық қызмет атқарады:
1 — іс-әрекет түсіндіруші қагида, ретінде;
2 — іс-әрекет зерттеу пәні ретінде.
Іс-әрекет бағытының нобайы мен негізі Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев зерттеулерінде салынды.
Психологиядағы іс-әрекет мәселенің түрлі қырларының ашылуы мен оның дербес психологиялық мәселесі ретінде бөлінуі берілген сызбада толық көрсетілген.
Іс-әрекет категориясының әдіснамалық қызметінің психиканың дамуын зерттеудегі негізгі бағыттарымен байланысы
Выготский Л. С.
|
Іс-әрекет түсіндіруші қағида ретінде
|
Іс-әрекет зерттеу пәні ретінде
|
Іс-әрекет категориясының функциялары
|
2.А.Н.Леонтевтың психологиядағы іс-әрекет мәселесі
Кеңес психологы, психология ғылымдарының докторы, профессор. XX ғасырдың 20-жылдары Л.С.Выготский және А.Р.Луриямен бірлесе отырып, тарихи-мәдени теорияны талдап, жоғары психикалық функциялардың механизмін ашатын (соның ішінде жорамалдық-жанама әрекеттердің формаларының ішкі психикалық процестерге ауысуын) бірқатар эксперименттік зерттеулер жүргізеді.
Соңғы жылдары кеңестік психологияның әр түрлі салалары мен қолданбалы зерттеулерінің қарқынды дамуы байқалып отыр. Осылай бола тұрса да, жалпы психоло-гияның теориялық мәселелеріне әлдеқайда аз назар аударылуда. Сонымен бірге кеңестік психология маркстік-лениндік философияның негізінде қалыптаса отырып, психиканы танудың негізінде жаңа тәсілін ұсынып, алғаш рет психологияға жете зерттеуді қажет ететін бірқатар маңызды дәрежелерді (категорияларды) енгізген болатын.
Осы дәрежелердің ішінен маңызды мәнге ие болатыны — іс-әрекет дәрежесі. К.Маркстың Фейербах жайлы айтқан әйгілі тезистерін еске түсірсек, бұрынғы мета-физикалық материализмнің басты кемшілігі оның сезгіштікті адам іс-әрекеті, тәжірибесі ретінде емес, сырттай байқап қарау формасы ретінде қарастыруы; әрекеттік жақ материализмге қарама-қарсы идеалистік түрғыда дамыды, дегенмен адамның шынайы сезгіштік іс-әрекеті ретінде емес, оны дерексіз ұғынды.
Бүкіл маркстік психологияға дейінгі хал-жай нақ осылай болатын. Алайда марксизмнен тыс дамып келген қазіргі заман психологиясында жағдай бұрынғы қалпында қалған. Онда да іс-әрекетке идеалистік тұжырымдама тұрғысында, өзінің жалпы бағытында материалистік, табиғи ғылыми тұжырымдамасында туған дене құрылысы икемделген және үйретілген енжар субъективтің сыртқы әсерге жауабы ретінде қарастырылады. Бірақ нақ осы жағдай психологияны табиги-ғылыми психологияга, жан туралы гылым психологиясына, бихевиористік психологияга және де (менталисгік) психологиясына бөлінуге әкеліп отыр. Осыған байланысты психологияда пайда болған дагдарысты құбылыстар өлі күйге дейін сақталып, олар енді туңғиыққа кетіп, айқындығы аз түрлерде көрінуде. Психологияны нейрофизиологиямен, кибсрнетика және логикалық-математикалық пәндермен, әлеуметтанумен және мәдениет тарихымен байланыстыратын пәнаралық зерттеулердің қарқынды дамуы бүгінгі таңдағы психология ғылымының іргелі әдіснамалық мәселелерін өзінен-өзі шешпейді. Осы мәселелердің шешілмеуі физиологиялық, кибернетикалық, логикалық немесе әлеуметтік қауіпті ығыстырып, алға басу бағытын күшейтіп, психологияның өз пәні мен өзінің ерекшелігін жоғалту қаупін төндіреді. Сонымен бірге әр түрлі психологиялық бағыттардың қақтығыс жағдайын теориялық алға басудың айғағы бола алмайды. Мәселен, бүгінде қаймықпайтын бихевиоризм өз орнын ымырашыл жаңа биховиоризмге (немесе кейбір авторлардың айтуы бойынша, «субъективті бихевиоризмге»), гештальдық — жаңа гоштальттыққа, фрейдизм — жаңа фрейдизмге және мәдени антропологияға беріп отыр. Америкалық авторлардың қарама-қайшы көзқарастарының бірігуі («эклектикалық») ұғымның мотивн асыра мадақтаумен болған эклектикәльтқ көзқарастар ешқашан да табысқа жетпеген. Психологиялық фактілердің табылуы мен жалпы қорытындылай әр текті жинақтарды ғылыми топтастыруға болады, әрине, оған жалпы түрде түптеу арқылы оларды жай ғана біріктіру жолымен жатқызу мүмкін емес. Психология ғылымы иық тұруы үшін ол психологиялық тұжырымдамалық құрылыстық әрі қарай жете зерттелуін, жаңа ғылыми теорияларды іздестіруді талап етеді.
Бағыттардың әр түрлілігіне қарамастаи, әдіснамалық тұрғыдан қарағанда, олар ортақ бір нәрседен тұрады, яғни олардың талдаудың екі мүшелі схемасынан шығатындығы: субъектінің қабылдауына (рецептивтік) жүйесіне әсер етуі -> объективті және субъекивті жауаптың тууы — әсерден шығарылған құбылыс. Схема екі тармақтан тұрады: субъективті рецептивтік жуйесіне әсер етудің нәтижесінде пайда болатын объсктивті және субъективті. Бұл схема өткен ғасырдағы психофизика мен физио-логиялық психологияда классикалық айқындылықпен көрініс тапқан болатын. Сол кезде қойылган басты міндет — сана элементтерінің оларды тітіркендіретін шамаларға тәуелділігін зерттеу болатын. Кейін бихевиоризмде, яғни мінез-құлқын зерттеуде үйлестіріліп, екі мүшелі схсма әйгілі К формуласынан тура көрінісін тапты.
Бұл схеманың қанағаттандырмауы субъектінің заттық іс-әрекетінің ақиқат байланысьның жүзеге асуындағы сол мазмұнды процестің зерттеу ауқымынан шығып қалуында болып отыр. Субъект іс-әрекетінің мұндай дересіз түсінігін тек қарапайым психофизиологиялық тетіктерді зерттеу мақсатын қоятын лабораториялық эксперименттердің тар шегінде ғана ақтайды. Бірақ осы шектен шыға қалсақ, онда сол сәтте оның қанағаттанғысыз екендігі мәлім болады. Бұрынғы зерттеушілердің психологиялық фактілерді белсенді апперцепция, ішкі ұмтылыс т.б. сияқты ерекше күштердің араласуымен түсіндіруі де осыдан. Яғни тек ондағы идоализмнен адастыру болса да, субъектініп іс-әрекетіне өтуі,көрінсді.
Психологияда талдаудың екі мүшелі схемасын құруға және тікелей сипаттауды керек етпейтін жорамалға (постулатқа) байланысты туындап отырған қиыншылықтар оларды жеңу талпыныстарын өршіте түсті. Сол фактіні анықтауда осындай талаптардың бір жолмен жүргізілуі езгінің көрінісін тауып, сыртқы әсерлердің тиімділігі субъектінің оларды өзінше түсінуіне, оның ішкі күйін сипаттайтын психологиялық аралық ауысуларға байланысты {Е.Ц.Толмен жәнет.б.). Кезінде: «сыртқы себептер ішкі жағдайлар арқылы әрекет етеді» деген С.Л.Рубинштейн осыны формулада көрсеткен болатын. Әрине, бұл формула ешбір талас тудырмайды. Алайда, егер субъектінің ішкі жағдайы ретінде оның сыртқы әсерге душар болған ағымындағы қалпы түсіндірілсе, онда бұл 5н>К схемасына ешбір жаңалық әкелмейді деген сез. Өйткені тіпті тірі объектілер де өздерінің күйі өзгерген сәтте басқа объектілермен өзара әрекетінде әр қилы өзгешеліктер байқатады. Ылғал, жұмсақ топырақтағы із — анық, ал құрғақ, топталған топырақта көмескі көрінеді. Мұны жануарлардың да, адамдардың да әрекетінен айқын байқауға болады. Мәселон, аш жануар тоқ жануарға қарағанда, азық-түлік тітірксндіргіштеріне өзгеше реакция білдіруі мүмкін, тиісінше, футболға қызығатын адам, оған немқұрайлы қарайтын адаммен салыстырғанда, ойынның кезектегі жарыс нәтижелерін басқаша қабылдауы мүмкін. Аралық айқындалулар түсінігіне енгізілуі мінез-құлық талдауын байытқанымен, жоғарыда айтылғап сипаттауды керек етпейтін жорамалдың (постулаттың) туралығын алып тастамайды. Өйтксні айналулар тек сол субъектінің ішкі күйінс тиісті аралық болып есептеледі. Бұл мәселе «дәлслдеуші факторларға» — қажеттіліктер мен құмарлықтарға да қатысты. Бұл факторлардың рөлі алуан түрлі бағыттарда: бихевиоризмде, К.Левин мектебінде және тереңдетілген психологияда зерттелді. Бұл бағыттардың жалпы мотивация мен оның рөлдерін түсінудегі көзқарастары әр түрлі болганымсн, мотивацияның, іс-әрексттіц объективті шарттарына, сыртқы ортаға қарама-қарсы қойылу жағдайы өзгсріссіз сақталып отырды.
Ерекше айта кететін жайт — мәдениеттану жағынан қарастырылатын мәселелерге айтып берген жөн. Бұл бағыттың негізін салушы Л.Уайт’ қоғам мен индивид мінез-құлқындағы құбылыстардың мәдени детерминация деген ой-пікірін дамытқан болатын. Адам мен адамзат қоғамының пайда болуы мынаған әкеледі, ең алдымен, тірі дене мен ортаның арасындағы тура, табиғи байланыс, материалдық өндірістің негізінде дамитын жанама мәдениетке әкеліп соғады. Оньң үстіне, модопиот индивидтср үшін сөйлеу белгі-символдар арқылы берілетін мопдср түріндс көрінеді. Осығаи сүйснс отырып, Л.Уайт3 адам мінсз-құлқының уш мүшслі формуласын ұсынады: адамның дене құрылысы х мәдени ынталандырулар -мінсз-құлық.
Бұл формула тікелей сипатталмайтын жорамалды игсруде алдану туғызады да, одан. схемасы шығады. Алайда осы схемаға белгілер жүйесімен қатыстырылған мәдениеттің аралық звеносы ретіндс снгізу психологиялық зерттсулер сананың қоғамдық және даралық құбылыстарьның шеңберінде сөзсіз болатын түйықталуға әкеледі.
Жай ғана ауыстыру жүрсді: заттар дүниесінің орнын қоғам өндірген таңбалар, моәндер дүниесі басады. Сонымен, біз қайтадан екі мүшелі 5->К схемасына оралып отырмыз. Тек мүндағы стимул енді мәдени стимул ретінде түсіндірілсді. Бұл идея Л.Уайттың кейінгі формуласънда көрініс табады. Бұл формула арқылы Л.Уайт адам мен жануарлардың психикалық реакцияларының детерминациясындағы өзгешеліктсрді байқатуға тырысады
Дюркгеймнен басталатын психологиядағы әлеуметтік тұжырымдамалармен салыстырғанда, қазіргі американдық мәдениеттану өзінің супрапсихологиялық және супраәлеуметтік заңдарымен дамитын континиумды қалыптастыратын адамға зор ықпалы бар экстрасоматикалық объектілерді ғана біледі (бұл мәдениеттануды ғылым етіп жасайды). Міне, осы мәдениеттанушылық тұрғыдан қарастырғанда, индивидтср каталитикалық себептер мен мәдени процестердің ортасының көрінісі болып табылады. Тікелей жорамалды шешуде кері байланыс арқылы мінез-құлықты реттеугс негізделген жаңалықты Н.Н.Ланге тұжырымдаған.
Адамның күрделі-қимыл процестерін зерттеу бойынша жүргізілген алғашқы жұмыстар кері байланысы бар рефлекторлы сақинаның рөлін көрсетіп, алуан түрлі құбылыстардың механизмдерін жаңаша түсінуге мүмкіндік берді. Осы тұрғыда Н.А.Бернштейннің жұмыстары аса құнды екенін айтып кеткен жөн.
Отызыншы жылдардан бергі жүргізілген ең алғашқы зерттеулерден соң, басқару және ақпарат теориясы бүкіл тірі және өлі жүйелердегі процестерді қамтитын жалпы ғылыми мәнге ие болып отыр.
Соңғы жылдары қалыптасқан кибернетика түсініктерін психологтардың көпшілігінің мүлдем жаңа үғым ретінде қабылдауы қызығушылық тудырады. Олар психологияда қайтадан жаңғырған секілді. Тіпті кейбір кибернетикалық тәсілді ұстанған жігерлілердің пайымдауынша, осындай түсініктердің пайда болуы тегіс қамти алатын психологиялық теорияның жаңа әдіснамалық негізінің ақыры табылғандығын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |