Реферат тақырыбы:Ұлы,орта және Кіші жүздердің пайда болуы. Орындаған: Рзахметов Нұрахмет Тобы: хтов 22/11



бет3/4
Дата20.10.2022
өлшемі36,26 Kb.
#44454
түріРеферат
1   2   3   4
Орта жүз тайпалары
Орта жүз тайпалары алты атадан тұрады (оларды «алты арыс» дейді):

  • арғын;

  • найман;

  • қыпшақ;

  • қоңырат;

  • керей;

  • уақ.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Орта жүз тайпаларының жан саны мөлшермен 1 млн 350 мыңдай болды. Ал Қытайдағы, Монғолиядағы керей, уақ, наймандарды қосқанда, 1 млн 500 мыңнан астам болған.
Орта жүз тайпаларының жайлаған аймағы — Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстанда Сырдарияның жоғарғы және орта ағысы аймағы. Орта жүздің арғын, найман тайпалары Жетісудың солтүстік-шығысында, Шу өзені мен Сыр өзенінің аралығында әр жерде шоқ-шоқ болып та жайғасқан.


Кіші жүз тайпалары
Кішi жүз қазақтарына: байұлы, әлімұлы, жетіру деп аталатын үлкен үш тайпалар одағы кірді. Кіші жүз қазақтарының жері бүкіл Батыс Қазақстан аймағын алып жатыр. Шығыста Тобыл, Торғай, Ырғыз өзендері мен Мұғалжар тауларынан батысында Каспий теңізі мен Еділдің орта, төменгі ағысына дейінгі жерді, оңтүстігінде Сырдың орта, төменгі ағысы мен Маңғыстау түбегі, Үстірттен солтүстігінде Тобыл, Жайық өзендеріне дейінгі аймақты алып жатты. Кіші жүз қазақтарының XIX—XX ғасырлар шегіндегі саны 1 млн 200 мың адам болды.
Байұлы 12 атадан тұрды. Олар:

  • шеркеш;

  • есентемір;

  • таз;

  • ысық;

  • адай;

  • беріш;

  • байбақты;

  • қызылқұрт;

  • тана;

  • масқар;

  • алаша;

  • алтын;

  • жаппас.

Кей шежірешілер алтын мен жаппасты біріктіріп (алтын-жаппас) бір ата деп есептейді. Байұлының тайпалары Жайық иен Жемнің аралығын, Үстірттің біраз жерін, Маңғыстау түбегін, Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауларын жайлаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет