Реферат тақырып : «Құқыктың қайнар көздерінің түсінігі, белгілері,түрлері»



бет5/8
Дата22.04.2022
өлшемі50,73 Kb.
#31939
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
құқық реферат

2.Құқықтың белгілер

Нормативтік сипаты — құқықтың негізгі белгілерінің бірі. Құқық қағидалардан, ережелерден, рәсімдерден тұрады. Қағида — тұлғалардың мінез-құлықтары туралы ереже. Былайша айтқанда, қоғамдық қатынасқа қатысушылар өз іс-әрекеттерін, мінезін белгілі ережеде көрсетілген қалыпқа бейімдеулері қажет. Сондықтан құқықтың нормалары — тұлғалардың іс-әрекетінің, мінез-құлқының үлгісі. Мысалы, әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 19-бап). Тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы құқық нормалары қоғамдық қатынастарды қажетті арнаға бағыттап, жолға салады, реттейді, жөндейді, ұйымдастырады, тұрақтандырады, бассыздықтан қорғайды.

Формальды анықтылық — құқықтың тағы да бір маңызды белгісі. Ол құқықтың мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді. Құқықты, оны құратын заңдарды, басқа да нормативтік актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет. Мемлекет органдардан тұрады, демек, мемлекет органдары заңдарды жасайды. Заң — ережелері қиынтығы. Олар жай ережелер емес, мемлекет атымен жасалатын болғандықтан ресми сипаты бар ережелер. Әрбір ереже, қағида заң шығарушының тұлғалардың мінез-құлқы туралы ойын анықтап, түсінікті түрде тұжырымдайды. Қағидада артық сөз болмауы керек, оның әрбір сөзінің әлеуметтік мәні болады, себебі ол қоғамдық қатынаска қатысатын тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы олардың тағдырына әсер етеді.

Құқықтың енді бір белгісі — мемлекеттің күшіне сүйенуі. Егер мемлекет кұқық қағидаларының жүзеге асырылуына, дұрыс қолданылуын қамтамасыз етпесе, олар тек қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Мемлекет, оның органдары тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, жағдай жасайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша елімізде азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға беріледі (25-бап). Егер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қол сұғылса, мемлекет оларды қорғайды. Заңды бұзғандар құқықтық жауапқа тартылады, мүмкіндігінше бұзылған құқық орнына келтіріледі.

Құқықтың тағы бір белгісі — адамдардың еркін білдіруі. Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылғандай, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді (3-бап). Сонымен халық заңдарды өзі тікелей қабылдай алады. Мұндай жағдайда заң тікелей халықтың еркін паш етеді. Оған мысал, 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан халқының Конституцияны қабылдауы. Конституция — құқықтың өзегі, ұйтқысы. Олай болса, Қазақстанда қалыптасып келе жатқан құқық бүкіл көп ұлтты халықтың еркін білдіреді, оның жүзеге асырады десек, ешбір асыра сілтеу болмайды. Халықтың ойын, еркін мемлекет органдары да тиісті нормативті актілер қабылдау арқылы жүзеге асырады. Халық Президентті сайлайды. Ол халық атынан әрекет жасап, өз өкілеттігінің шеңберінде нормативті актілер — заң күші бар жарлықтар, жай нормативті жарлықтар, қаулылар қабылдайды. Президенттің нормативті актілері Қазақстан құқығын қалыптастыратын бастау болып есептеледі. Құқықты құратын нормалар тек бір адамның немесе әлеуметтік топтың еркін білдіріп, мүддесін ғана қорғамайды. Ол — халық үшін қызмет істейді. Адам қоғамында сан алуан қатынастар, яғни байланыстар туындайды. Осы қатынастарды реттеу, тәртіптеу ережелер, қағидалар, нормалар негізінде болады. Норма дегеніміз мінез-құлықтың, жүрі тұрыстың мөлшері, үлгісі, эталоны.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет