Мақсаты: Инстинкті жүріс-тұрыстың ішкі және сыртқы детерминанттарымен нстинкті жүріс-тұрыстың құрылымын қарастыру.
Инстинкт анықтамасы.
Инстинкттің ішкі және сыртқы факторлары.
Инстинкті жүріс-тұрыстың құрылымы.
Инстинкт анықтамасы
Жануарлардың даму деңгейіне қарай мінез-құлық типтерінің ара қатынасы өзгеріп отырады. Психика дамуының ертедегі сатысында мінез-құлықтың ұрпақтан ұрпаққа берілетін қарапайым стереотиптері үстемдік еткен болатын. Бұл стереотиптер инстинкттер деп аталады. Инстинкттер-биологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты мінез-құлық аспектілері.(Инстинкт-«инстинктус»-деген латын сөзі, қазақша санасыз ұмтылу деген мағынаны білдіреді.) Инстинкттер туа бітеді-олар жыныс клеткаларына негізделген.
инстинкттердің басты түрлері
Инстинкттер қалыпты тіршілік ететін ортаға сәйкес өмір сүру мен көбею процесін қамтамасыз еткен жағдайда орынды болмақ. Алайда, инстинкттер өмір сүру жағдайы мүлдем өзгерген кезде орынсыз күйге ұшырап, мақсатқа сәйкес келмес еді.
Мұның өзі инстинкттердің-соқыр күш екенін, табиғи таңдау процесі кезінде табиғат іріктеп алып, сақтап қалған реакция екенін көрсетеді. Сондықтан әрбір жаңа ұрпақ, ешкім ешнәрсе үйретпесе де, өзінен бұрынғылар істеген әрекеттерді айна қатесіз қайталай алатын қабілетке ие. Инстинкттер жануарларда бір арнамен тізбектеліп өтіп жатады. И.П.Павлов оларды шартсыз рефлекстердің тізбегі дей келіп, инстинкттердің басты түрлеріне (жыныстық, тамақтану, өмірін сақтау т.б.) физиологиялық сипаттама берген.
Инстинкттер өне бойы консервативтік түрде бір қалыпта тұра беріп, жағдайлардың өзгеруімен бірге инстинкттер өзгермей бір қалыпта қалса, онда жануарлар айналасындағы дүниеге бейімделіп әрекет ете алмай өліп, құрып кетер еді.
Инстинкттер өне бойы консервативтік түрде бір қалыпта тұра беріп, жағдайлардың өзгеруімен бірге инстинкттер өзгермей бір қалыпта қалса, онда жануарлар айналасындағы дүниеге бейімделіп әрекет ете алмай өліп, құрып кетер еді.
Инстинкттердің физиологиялық негізі - рефлексиялық әрекеттер. Ең бастапқы пайда болу кезінде инстинкттер рефлекстерден шыққан. Даму процесінде рефлекстердің бара-бара күрделенуімен бірге олардың кейбір топтары дифференцияланып айрықша психологиялық әрекеттерге, яғни инстинктерге айнала бастаған. Әрине, бұл процесс жануарлардың биологиялық мұқтаждықтарын қанағаттандыра алатын прогрессивтік әрекеттердің неше бір ұрпақтарға көшіп отырудың нәтижесі. Бірақ инстинкттерді рефлекстермен салыстыруға болмайды, олардың арасында үлкен айырмашылықтар бар. Егер шартсыз рефлекстерде жалғыз ғана физиологиялық әрекеттер болса, инстинктерде физиологиялық әрекеттермен қатар психологиялық әрекеттер басым. Шартсыз рефлекстер жануарлардың тәнінің әрбір саласында, жеке мүшелерінде ғана әрекет ететін болса, инстинкттер жануарлардың барлық тәнінің тұтас әрекеті, олардың барлық қылықтарымен байланысты.