Реферат тақырып :«Ақ сөзінің этимологиясы мен топонимикалық атауларының шығу тегі»



бет5/5
Дата17.05.2023
өлшемі81,88 Kb.
#94098
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ðåôåðàò òà?ûðûï «À? ñ?ç³í³? ýòèìîëîãèÿñû ìåí òîïîíèìèêàëû? àòàó

Ақешкі ауылы (а. Акешки) - Алматы обл. Аксу ауда- нындағы елді мекен. Ауылдың Акешкі аталуы жайлы халык аузында мынандай аныз айтылады: «Бір бай кісі бір жылы Акешкі маңындағы таудың жанынан жайлауға көшіп бара жатады. Ол сол жайлауда жігіттеріне шөп 29 шапқызып күзде қыстауына қайта көшеді екен. Байдың мыңырған малы көп бопты. Ол қыстауға барып, малын түгендегенде, 4-5 ешкісінің жоқ екенін байқайды. Малын іздемейді. Келесі жылы көктемде көшіп бара жаткан бай сол таудың беткейінен жайылып жүрген ешкілерін көреді. Қалып қойған 4-5 ешкісі лақтап, 10 шақты болып қалыпты. Оны көріп қуанған бай, достарына: «Мынау ешкі өлмейтін берекелі өлке екен», - депті. Содан тау Ешкіөлмес атанып, онын баурайы, яғни қазіргі ауыл Ақешкі аталыпты» .[Т.Жанұзақ «Тарихи жер-су аттарының түптөркіні»\Алматы 2010\29-б]
Аққұлақ (Аккулак) - Қызылорда обл., Арал ауданындағы елді мекен. Атаудың бірінші сыңарындағы ақ сын есім топонимдер құрамында келгенде «кең-байтақ, үлкен, зор», «таза», «мөлдір», «тұнық» мағыналарын білдіреді. Ал атаудың екінші сыңарындағы құлақ географиялык термин әрі жалпы есім (апеллятив) ретінде түркі тілдерінде гидронимдік мәніндегі атаулар құрамында жиі қолданылады. Яғни құлақ — «арықтағы суды жырып әкететін кішкене тоспа». Бұл географиялық термин баска түркі тілдерінде түрлі мағынаға ие келеді. Мәселен, балкар. кулак - «жыра, сай, аңғар»; хакас. хулак - «биік шың», келдін, өзеннің жағасындағы шығанақ», қырғ. кулак, өзб. кулок - «арық суын бөліп байлайтын тұсы», болгар. диал. кулак - <<төбелер мен жота, дөңдер арасындағы ашық алаң», «шұңқыр», «жыра», «жылға», «аңғар», «сай» (Э.Мурзаев, 1984, с. 310-311). Бұл салыстырмалы тілдік материалдарға қарағанда Аққұлақ атауы Ақсай, Ақтөбе немесе Ақшығанақ атауларымен синонимдес сиякты. Осы жерде дене тұрқы 13-28см., құйрығының ұзынДЫҒЫ 4см., салмағы 150-200 гр. сусар тұқымдас, көбіне құмдауыт, шөлейт не өзен, көл жағасындағы қамыстар мен жықпыл тастар арасында жүретін кішкентай жыртқыш ан болады екен. Жер аты сол ан атынан қойылып, кейін сол жерге орналаскан елдімекен атын иеленуі де мүмкін. .[Т.Жанұзақ «Тарихи жер-су аттарының түптөркіні»\Алматы 2010\30-б]

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет