Потенциометрия
Потенциометриялық талдау ең көне электрохимиялық әдістердің бірі болып табылады. 20 ғасырдың басында ерітінділердің рН-ын анықтау, ертітінділерде катиондар (күміс, мыс, никель және т.б.), аниондардың бір қатарын (хлор, бром, күкіртсутек және т.б.) және бірқатар басқа органикалық заттар анықтау үшін қолданылды. Дегенмен, 1930 жылдары потенциометриялық әдіс электрохимиялық және оптикалық талдаудың басқа жаңа әдістерімен ауыстырылады.Өйткені сезімталдық және заттардың қоспасын талдау мүмкіндігі бойынша потенциометриялық әдіс полярографиялық сияқты жаңа әдістерден төмен болды.
Потенциометриялық талдау- сынақ ерітіндісіне батырылған, индикатор электродының электрохимиялық потенциалын өлшеуге негізделген, ион концентрациясын анықтау әдісі.
Нернст электродтық потенциалды белсенділікпен қайтымды тотығу-тотықсыздану жүйесінің компоненттерін байланыстыратын теңдеуді бірінші болып шығарды(концентрациясы) Сұйылтылған ерітінділерде иондардың белсенділік коэффициенттері бірге жақын, ал белсенділік концентрацияға жақын; сондықтан Нернст теңдеулерін концентрация түрінде қолдануға болады
E=E0 + (RT/nF)ln a(c*f)
Мұндағы Е0- стандартты электродтық потенциал, R-универсал газ тұрақтысы,
Т- абсолютті температура, n- реакцияға қатысқан электродтар саны, с – концентрация, f – белсенділік коэффициенті. Потенциометрияда аралас белсенділік коэффициенті 1ге тең қоспалар қолданылады және белсенділік коэффициенті концентрация орнын басады. Егер біз натурал логорифмнен логорифге өтететін болсақ онда теңдеу мына түрге келеді
Индикаторлық электродтар
Потенциометриялық талдау әдісінде қайтымды электродтар қолданылады. Қайтымды электродтар үшін алмасу токтары бірнеше ондаған және жүздеген мА / см2 - ге жетеді. Мұндай электродтардағы Потенциал термодинамикалық теңдеулерге сәйкес электрод реакциясы компоненттерінің белсенділігіне байланысты. Қайтымды электродтарда тепе-теңдік тез орнатылады және потенциалдардың секіруі уақыт бойынша өзгеріссіз қалады. Электр тогы өткен кезде потенциалдардың секірулері айтарлықтай өзгермеуі керек; ал ток өшірілгеннен кейін тепе-теңдік тез орнатылуы керек. Бұл талаптарды қанағаттандырмайтын электродтар қайтымсыз деп аталады.
Потенциометрияда индикаторлық электродтардың екі негізгі класы қолданылады:
1.Фазааралық шекараларында электрондардың қатысуымен реакциялар жүретін электродтар Электрон алмасу деп аталады (тотығу-тотықсыздану, бірінші және екінші типтегі электродтар);
2.Фазааралық шекараларында ион алмасу реакциялары жүретін электродтар. Мұндай электродтар мембраналық немесе ион алмасу деп аталады, оларды ион селективті деп те атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |