Реферат тақырып: «Аурушаңдық көрсеткіштерін есептеу және талдау. Мүгедектік.»


Жұмысшылардың аурушаңдығын зерттеудің негізгі үш әдісі бар



бет2/4
Дата18.10.2023
өлшемі202,62 Kb.
#118328
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Ауруша ды к рсеткіштерін есептеу ж не талдау. М гедектік.

Жұмысшылардың аурушаңдығын зерттеудің негізгі үш әдісі бар:

  1. емдік-профилактикалық мекемелерге дәрігерлік көмекке қаралу мәліметтері бойынша. Бұл кезде амбулаториялық-емханалық мекемелерге бірінші рет қаралғандарды тіркеу материалдары немесе уақытша еңбекке қабілеттілікті жоғалтуға алып келген жағдайларды тіркеу мәліметтері (жұмыстан босату) қолданылады;

  2. профилактикалық медициналық тексерулер нәтижелері бойынша;

  3. өлім себептері бойынша.

Ең жиі қолданылатын және ең ақпаратты болып бірінші екі әдіс табылады.
Зерттеу мақсаты мен міндеттеріне байланысты уақытша еңбекке қабілеттілікті жоғалтумен жүретін аурушылдық 16-ВН нұсқасы бойынша немесе терең жеке есепке алу әдісімен (есепке алу мәліметтері бойынша) зерттелуі мүмкін.
Басқа статистикалық зерттеулер тәрізді аурушаңдықты зерттеу әдістері жаппай немесе таңдамалы болады. Жеке территориядағы немесе оның жеке топтарында халық аурушаңдығын зерттеу әдісін таңдау зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай анықталады.
Халықтың және оның жеке топтарының аурушаңдық деңгейін, құрылымы мен динамикасын бағалау кезінде көрсеткіштерді республика, облыс, район, қала көрсеткіштерімен салыстыру қажет.
Аурушаңдықты зерттеудің негізгі әдістеріне жатады:

  • емдеу-профилактикалық мекемелерге өз бетімен қаралуы бойынша;

  • өлім себептері мәліметтері бойынша (Өлім туралы дәрігер куәлігі (106/у);

  • - медициналық тексеру мәліметтері бойынша (профилактикалық тексерулерді тіркеу картасы (131/у).

Осындай көздерден алынған халық аурушаңдығы туралы мәліметтер толық болып келмейді, ол көптеген факторлар кешеніне тәуелді. Халық аурушаңдығын зерттеу көздерінің әрқайсысының артықшылығымен қоса кемшіліктері де бар.
Денсаулық және аурушаңдықты зерттеудің қосымша әдісіне сұрастыру (анкеталық немесе интервьюлік) әдісі жатады. Анкеталық әдісті кейбір ауруларды анықтау үшін, мысалы жүректің ишемия ауруларын және осы аурудың қатер топтарын қалыптастыру үшін халықты жалпылай тексерудің бірінші кезеңінде қолдануға кеңес береді.
Әрбір ауру сәйкесінше тіркеу мен есепке алудың қабылданған талаптарына сай міндетті түрде тіркеуге алынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет