Топ
|
Катиондар
|
Топтық реагент
|
Түзілетін қосылыстардың ерігіштігі
|
I
II III IV
V VI
|
Na+, K+, NH4+
Ag+,Pb2+,Hg22+ Ca2+, Sr2+, Ba2+
Zn2+, Al3+, Cr3+, Sn2+ Sn(IV), As(III,V) Mg2+, Mn2+, Fe2+, Fe3+,
Bi3+, Sb3+, Sb(V)
Co2+, Ni2+, Cu2+, Cd2+,
Hg2+
|
Жоқ
2 M HCl
1 M H2SO4
4 M NaOH
(арт.)
4 M NaOH
(25% NH3)
25% NH3
(арт.)
|
Хлоридтері,сульфаттары, гидроксидтері суда ериді Хлоридтері суда ерімейді Сульфаттары суда ерімейді Гидроксидтері амфотерлі, сілтінің артық мөлшерінде ериді
Гидроксидтері сілтінің (аммиактың) артық мөлшерінде
ерімейді Гидроксидтері NH3-тің
артық мөлшерінде ериді
|
Қышқылды-негіздік жүйенің басқа жүйелерге қарағанда артықшылығы:
- топтарға жіктеуде элементтердің негізгі қасиеттеріне қатынасы қолданылған- сілтілер мен қышқылдарға, гидроксидтерінің амфотерлігі, комплексті қосылыстар түзу қабілеті;
- аналитикалық топтардағы көптеген катиондарының периодтық жүйедегі орындарына сәйкес болуы;
- лабораториялық сабақтарға жұмсалатын уакыттың күкіртті сутектік жүйемен салыстырғанда 30-40% азаюы.
Аниондардың аналитикалық топтары
Ерітіндіден аниондарды кезекпен бөліп алу мүмкін емес, себебі аниондарды аналитикалық топтарға сандық түрінде бөлетін реактив жоқ. Көп жағдайда аниондарды талдау кезінде олар бір-біріне кедергі жасамайды. Сондықтан оларды бөлшектеу өдісімен табады, яғни зерттелетін ерітіндінің жеке бөлігінен. Осыған орай аниондарды анықтауда реагенттер оларды топқа бөлуге ғана пайдаланылмай, сол топтардың бар жоғын анықтауға да колданылады.
Аниондар барий және күміс катиондарымен түзетін тұздарының әртүрлі ерігіштітіне қарай үш топқа жіктелінеді.
Топ
|
Аниондар
|
Топтык реагент
|
I
|
2-
СО32-, SO42- , SO32- , PO43-, SiO3
|
ВаС12 бейтарап немесе әлсіз негізді ерітінді
|
II
|
Cl-, Br-, I-, CNS-, S2-
|
AgN03 (HN03 қатысында)
|
III
|
- -
N03-, N02 , CH3COO
|
Топтық реагент жоқ
|
Сонымен қатар аниондардың тотықтырғыш (KMnO4 + H2SO4, I2) немесе тотықсыздандырғыштарға (KI + H2SO4) әртүрлі қатысы аниондарды тотығу-тотықсыздану қасиеті бойынша топтарға бөлуге мүмкіндік береді.
Яғни, топтық реагент аниондарды топтарға бөлу үшін емес, олар аниондардың қай топтарының бар екендігін алдын-ала зерттеулерге қолданылады.
Аниондарды талдауда төменде көрсетілген реакцияларды орындау қажет.
І аналитикалық топ аниондарының жеке реакциялары
Достарыңызбен бөлісу: |