Биологиялық әдістер – әртүрлі объектілердің биологиялық активтілігін зерттеуге негізделген және химиялық реагенттердің биологиялық объектілерге әсерін зерттеуге негізделген әдістер.
Химиялық талдау әртүлі мәселелерді шешеді:
- заттардың табиғатын анықтау;
- зат үлгісінде негізгі компоненттің сапасын ( мысалы, құймадағы алтын мөлшерін) және бөгде қоспалардың үлесін анықтау;
- белгісіз заттың химиялық формуласын анықтау;
- заттың құрылымын анықтау.
Шикізаттың сапасын аналитикалық бақылаудан өткізу арқылы өнімдердің, өндірістің үнемділігін арттыруға болады. Талдаусыз жаңа қосылыстарды синтездеу мүмкін болмас еді. Сол себептен, өндірістің түрлі саласында шикі заттардың және алынатын өнімдердің сапасын анықтайтын аналитикалық бақылау қызмет орындары талдау жүргізеді: техникалық анализ, азық-түлік анализі, биохимиялық анализ (қан, зәр), экологиялық және санитарлы-химиялық анализ (қоршаған ортанын сапасы), дәрі-дәрмек анализі (дайын медициналық препараттар мен дәрі-дәрмек жасалатын шикі заттар), криминалистикалық талдау. Химиялық талдаудың атом энергетикасында, космос технологияларында, археология мен геологияда да маңызы зор. Химиялық талдаусыз жаңа қосылыстарды синтездеу мүмкін емес, таза және өте таза заттарды алу да аналитикалық бақылаусыз жүрмейді. Талдау бірнеше сатылардан тұрады: талданатын үлгіні іріктеп алу (қасиеті біртекті сынама дайындау үшін), алынған үлгіні алдын-ала дайындап, аналитикалық сигнал беретін түрге келтіру, талдауды орындау, тәжірибеден алынған нәтижелерді графикалық өңдеу және есептеу жүргізу, анализ нәтижелерін статистикалық өңдеп, сенімді интервалын анықтау. Үлгіні іріктеп алу және дайындау талданатын объектіге – топыраққа, ауаға, суға, биологиялық үлгілерге, өндірістік өнім және т.б. түрлеріне тәуелді. Үлгілерді дайындау талдаудың ең көп уақытын алады. Аналитикалық сигналды алу үшін 2-20 минут қажет болса, ал үлгіні дайындау үшін 3-4 сағат, кейде 20-30 сағатты қажет етеді. Үлгілердің түрлеріне байланысты оларды алдын-ала дайындау келесі әрекеттерден тұрады: еріту, бөгде қоспалардан бөлу, концентрлеу, реагенттер, фондық ерітінді қосып аналитикалық сигнал беретін формаға келтіру.
Сапалық талдау әдістерінің жіктелінуі
Сапалық талдау әдістері химиялық, физикалық, физика-химиялық және биологиялық деп бөлінеді.
Химиялық әдістер - химиялық реакцияларға негізделіп жүргізіледі, ал аналитикалық сигналды көзбен шолып байқайды.
Химиялық реакциялардың орындалу тәсілдеріне байланысты а) құрғақ түрінде анализдеу және б) ерітінді түрінде анализдеу деп ажыратады. Физикалық әдістерде – анализ химиялық реакцияларсыз жүреді, бұл әдіс заттардың физикалық қасиеттеріне негізделеді. Мысалы, спектралды, рентгеноструктуралық, масспектрометрия әдістері.