Реферат Тақырып: экг-ні тіркеу және талдау қағидалары



бет1/5
Дата11.10.2024
өлшемі100,94 Kb.
#147700
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат Та ырып экг-ні тіркеу ж не талдау а идалары Орында ан


Қазақстан Ресей медициналық университеті
Реферат
Тақырып:ЭКГ-ні тіркеу және талдау қағидалары
Орындаған: Ендібай Арайлым Тексерген: Өтеуова Улдана Дастанқызы
Факультет: Медицина
Курс: 1 Тобы: 109Б
Алматы 2023 жыл

Мазмұны



  1. КІРІСПЕ.

  2. НЕГІЗГІ БӨЛІМІ

  1. Жүрек құрылысы .

  2. Жүректің өткізгіш жүйесі.

  3. Жүректі аспаптық зерттеу. 4.Электрокардиография туралы түсінік.

  1. ЭКГ-ны тіркеу реті.

  2. ЭКГ-ны тіркеу режимдері.

  3. Қалыпты ЭКГ-ны талдау.

  1. ҚОРЫТЫНДЫ

  2. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ


Жүрек (латынша cor, грекше καρδία) – бірнеше рет ырғақты жиырылу арқылы қан тамырлары арқылы қан ағуын қамтамасыз ететін қуыс фибромускулалық орган. Ол қан айналымы жүйесі дамыған барлық тірі организмдерде, соның ішінде барлық омыртқалыларда, соның ішінде адамда болады. Омыртқалы жануарлардың жүрегі негізінен жүрек,


эндотелий және дәнекер ұлпадан тұрады. Бұл жағдайда жүрек бұлшықеті - бұл тек жүректе кездесетін жолақты бұлшықет тінінің ерекше түрі. Адам жүрегі минутына орта есеппен 72 рет соғып, 66 жыл ішінде шамамен 2,5 миллиард жүрек циклын аяқтайды. Жүрек – қалың жолақты еттен тұратын төртқуысты, үлкендігі адамның жұдырығындай (250-300г) жұмыр ағза.
Жүрек кеуде қуысында екі өкпе аралығының алдыңғы жағында
орналасқан, ірі қан тамырларға ілініп тұрады. Оның ұзындығы 12-15 см, ені 8-11 см, ұзын бірлігі оңнан солға, жоғарыдан төмен, арттан алға қарай бағытталған.

НЕГІЗГІ БӨЛІМІ




    1. Жүрек құрылысы .


Жүрек ұшы кеуде қуысында сол жақтағы V қабырғаға
тіреледі. Жүрек қуысын бітеу перде екіге бөледі. Оны оңжүрек, сол жүрек деп бөледі. Әр жүрек жүрекше мен қарыншадан тұрады.
Жүректе 4 қуыс бар: 2 жүрекше, 2 қарынша. Жүрекше мен қарынша арасында атриовентрикулярлық тесік болады. Тесікті жабатын екі жақтаулы және үш жақтаулы қақпақшалар бар.Жүректің сыртындағы
дәнекер ұлпадан тұратын қабын – үлпершек (перикард) деп атайды. Жүрек үлпершектің ішінде бос жатқандықтан, еркін жиырылып босаңсиды.
Сыртындағы көлденең сайшалар жүрекшелер мен қарыншалардың арасын бөліп тұрады. Жүрекшелер жүректің негізі жағында, қарыншалар ұшы
жағында орналасады. Жүрекшелердің сыртында қосымша құлақшалары болады кейде оларды саңырауқұлақ деп атайды. Жүрек үш қабаттан тұрады. Сыртқы жұқа қабаты – эпикард, ортаңғы қалың бұлшық етті
қабаты – миокард, ал камераларды астарлап жатқан жұқа қабаты –
эндокард деп аталады. Миокард қабатындағы бұлшық ет талшықтары жүрекшелердің сыртында екі түрлі бағытта орналасқан. Сыртқы
қабатындағы бұлшық ет талшықтары екі жүрекшені де тұтасымен қоршап тұрса, ішкі қабатындағы бұлшық ет талшықтары әрбір жүрекшені жекелей қоршап жатады. Қарыншалардағы бұлшық ет талшықтарының қабаттары (сыртқы және ішкі) екі қарыншаны да тұтасымен қоршап, ал ортаңғы
қабаты әрбір қарыншаны жекелей қоршап жатады. Сол қарыншаның миокард қабаты оң қарыншаның миокард қабатынан 2 – 3 есе қалың.
Өйткені сол қарыншадан бүкіл денеге тарайтын қолқа қан тамыры басталады. Жүрекшелер мен қарыншалар арасындағы тесікті жақтаулы қақпақшалар (клапандар) жауып тұрады. Жақтаулы қақпақшалар қарыншаларға қарай ашылады. Оң жүрекше мен оң қарыншаның арасын үш жақтаулы, ал сол жүрекше мен сол қарыншаның арасын қос жақтаулы (митральді) қақпақшалар жауып тұрады. Жақтаулы қақпақшалардың жиегіне қарыншалардың ішінде орналасқан емізік тәрізді бұлшық еттер бекіп, жақтаулы қақпақшаларды қарыншаларға қарай ашады. Жүректің қарыншалары мен олардан басталатын артериялық қантамырлардың
арасында үш жарты тәрізді қақпақшалар бар. Бұл қақпақшалар қантамырлардың ішіне қарай ашылады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет