Реферат тақырып: "Ұлы Жібек жолы халықтарының Мәдениетаралык коммуникациясындағы Қазақстан түркілері"



Дата21.10.2023
өлшемі29,21 Kb.
#120103
түріРеферат
Байланысты:
Психология 5 СӨЖ Таир Саида (3) (1)


АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСЕТЕТІ

РЕФЕРАТ
Тақырып: "Ұлы Жібек жолы халықтарының


Мәдениетаралык коммуникациясындағы Қазақстан
түркілері"

Тапсырушы: 2 курс студенті


Таир Саида
Тексерген:философия докторы,сениор-лектор
Муханова Гульмира Бексагатовна
Алматы 2023
Мазмұны

I. КІРІСПЕ.............................................................................................................................3


ІІ. Ұлы Жібек жолының тарихы.........................................................................................4
ІІІ. Ұлы Жібек жолындағы сауда қалалар.........................................................................5
ІѴ. Ұлы Жібек жолы мәдениеттерінің түркі халқы өзара әсері......................................8
Ѵ.ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................................10
VI. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................11

КІРІСПЕ
Дүние жүзінде Ұлы Жібек жолына қызығушылық, оны зерттеудегі сұраныс жоғары болып келеді. Мәдениет, коммуникация, экономика, жаһандану, туризм салалары Ұлы Жібек жолы негіздеген әлемдік өркениет желісімен басталып, ірі мәдени ошақтардың дамуы бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда, көптеген ғасырлар бойы Еуропаның және Азияның арасындағы көпірге айналган жалгыз трансқұрлықтық жол болған Жібек жолының бойындағы мәдени кешендердің өзара іс-қимылы және мәдениеттердің өзара алмасуы қарастырылған. Нақты мысалдармен Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдени ауысуларды мәдениеттанудың өзекті мәселесі ретінде көтеріледі. Жаһандану дәуірінде мәдениеттердің өзара алмасуының, түрлі мәдениеттердің қалыптасып, дамуының басты факторы Ұлы Жібек жолы болып табылады. Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдени ауысулар мен өркениеттік гүлденулер Қазақстан үшін өте манызды болып келеді. Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдени қатынасқа түскен мәдениеттің әрқайсысы өздерінде бар нәрсені дамытуға ұмтылып қана қоймай, бір-бірінің игіліктері мен әлеуетінің шығармашылық синтезі арқылы өзін және бірін-бірі түсіністік арқылы жетілдіреді.

Ұлы Жібек жолының тарихы

Жібек жолы (Ұлы Жібек жолы) Қытайдағы Сианьнан Шыңжаңға және Орта Азиядан Таяу Шығысқа дейінгі керуен жолы. Бұл атауды неміс ғалымдары Ф. фон Рихтофен бен А. Херманн ойлап тапқан. 19 ғасырда А.Херманн усынған. Халықаралық сауда жолының тарихы б.з.б. 3-2 мыңжылдықтардан, Шыгыс


Түркістаннан Иран, Мысыр, Қытай мен Сирияга лазурит пен нефрит тасудан басталады. Б.з.б. 138 жылы Қытайдан император У-дидің Батыстың беймәлім елдеріне (күн қайда батса, сол жаққа) жіберген елшілік керуені жолға шығады. Ол алғаш рет Қытайдан Орталық Азияға тіке жол тартты. Сапар барысында сауда үшін қолайлы жолдар анықталды. Бұл жолдар Ұлы Жібек жолының негізін қалады. Ұлы Жібек жолы адамзат өркениетінің тарихи ескерткіштерінің бірі. Біздің дәуірімізге дейінгі 2 гасырдан бастау алған бұл жол Еуропа мен Азия Батыс пен Шығыс арасындағы жасырын көпір болды. Онық Қазақстан жерін VI ғасырдың екі мемлекеті Атетинде кесіп өтті: Сырдария мен Тянь-Шань жолдарының ағайындары. Бірінші жол Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан, Қашқар арқылы Жетісукага, одан Сырдария бойымен және Арал теңізінен батыс шекараға дейін отті арих ғылымында 6.3.6. 11 ғасырды Ұлы Жібек жолының тұрақты жұмыс істеуінің басталуы деп есептеу қабылданған. Қытай елшісінен кейін іле-шала бұл жолмен Батысқа жібек керуендері жүрді. Рим мен Византия, Үндістан, Иран, Араб халифатынан осы елдерде өндірілетін тауарлар тасылды. Ұлы Жібек жолыны манызы - халықтар мен мәдениеттерді жақындастырып, озара байытуында болды. Улы Жібек жолы өзінің атауын XIX гасырда гана алды. Оны неміс ғалымы, Азияның физикалық географиясы туралы еңбектердің авторы фон Рихтгофен ұсынды.


3 Ұлы Жібек жолындағы сауда қалалар

Қытайдан бастауын алған сауда жолы Орта Азия арқылы бүкіл Еуропаға тарағаны белгілі. Шамамен осыдан 3-4 мың жыл бұрын Хан патшалығы кезінде өркендей бастаған Жібек Жолы алғашында Қытайдың Орта Азия халықтарымен достық байланысты нығайту үшін салынған жобасы делінеді. Аты айтып тұрғандай, керуен жолымен бүгінгі Қазақстан территориясына негізінен жібек маталары әкелінген. Сауда айналымы артып, керуен қатары өскен сайын жолдың бағыты да өзгере берді, яғни саудагерлер Қара теңіз арқылы батысқа бет алып, тауарын Еуропа халықтарына тасымалдады.


Кәрі құрлық халқына өркениеттің келетіні де осы кез. Ұлы Жібек Жолымен бірге Еуропаға тек сауда тауарлары жеткен жоқ, сондай-ақ, Азия халықтарының мәдениеті де қоса келді.
Жібек Жолының жандануымен қазақ даласындағы халықтың біразі отырықшылыққа өтіп, өңірде жаңа қалалар пайда бола бастады. Ал, Отырар, Испиджап, Суяб, Сауран, Тараз сынды үлкен шаһарлар гүлденіп, елдегі маңыздылығын арттыра түскен. Сауда жолының бойында орналасқандықтан аталмыш қалалар тез өркендеді, ондағы халықтың саны да күрт артқан болатын. Демек, осынау шаһарлар тарихына бір көз жүгіртсек...
Отырар Қазақстанның ортағасырлық ірі қалаларының бірі. Сырдарияның Арыс өзеніне құяр сағасына таяу орналасқан. Отырар қаласының аты VIII ғасырдан бастап аталғанмен, оның бастапқы тарихы б.з.б. II ғасырда Сырдарияның орта ағысында пайда болған Қаңлы мемлекетінің тарихымен тығыз байланысты. IX ғасырдың ортасынан бастап Отырар Самани әулеті мемлекетінің ықпалында болды. Осы кезеңнен бастап бұл өлкеде сауда-саттық жасау, ғалымдардың «білім қууды көздеген» саяхаттары адамдардың ой-өрісін кеңейтті. Өнердің, ғылым мен колөнер кәсіпшілігінің таралуына ықпалын тигізді. Энциклопедист-ғалым әл-Фарабидің осы қаладан шығуы кездейсоқ емес. Отырардың алып жатқан ауданы 200 гектарға жетіп, нағыз Шығыс қаласына айналған болатын. 1219 жылы Шыңғысхан шапқыншылығынан кейін қала жермен-жексен болды. Қазіргі таңда тек орны ғана қалған.
Көне Тараз қаласы қазіргі Тараздың орнында болған. Бұл жайындағы алғашқы дерек грек елшісі Земархтың хабарламасында айтылады. Ал, 630 жылы Сюань Цзанның жазбасында ірі сауда қаласы ретінде сипатталған. Тараз VII- VIII ғасырда Ұлы Жібек жолында орналасқан сауда және қолөнер орталығына айналған керемет шаһар. Мұнда оңтүстіктің күміс кендері мен терістіктегі қимақтарға баратын керуен жолдары тоғысатын. X ғасырдағы араб географы әл-Макдиси қала жайында былай деп жазды: «Тараз – бақтары көп, халқы тығыз қоныстанған, қамал сыртынан терең орлар қазылған, төрт қақпасы және төңірегінде елді мекені бар ірі бекіністі қала». Көне Тараздың қазіргі Тараз қаласының орнында орналасқанын алғаш В.В.Бартольд дәлелдеген. Кейін археологтар М. Е. Массон, A. Н. Бернштам, Е. И. Агеева, Г. И. Пацевич, Т. Н. Сениговалар қаланың көлемін, құрылысын, мәдени қабаттарының калыңдығын анықтады. Соның нәтижесінде Тараздағы өмір б.з. I ғасырда пайда болып, XVI ғасырға дейін жалғасқан деген қорытынды жасалды.
Құлан орта ғасырдағы (VII-XIIғ.) шағын қаланың орны. Жамбыл облысындағы Тұрар Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылы. Қала туралы алғашқы тарихи деректер VII ғасырдан бастап белгілі. Саяхатшылар Ибн Хордадбек, Құдам қолжазбаларында Құлан Тараз қаласының шығысына таман, Ұлы Жібек жолындағы қала деп көрсетіледі. Әл-Макдиси Құланды 10 ғасырда былай сипаттады: «Күмбезді мешіті бар, мықты қоршалған қамал. Бұл үлкен Тараз жолының бойында орналасқан бекіністі қала». 1963—65 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының археологиялық экспедициясы зерттеп, қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылы маңындағы төбе-төбе үйінділерді ежелгі Құлан қаласының орны деген қорытындыға келді.
Саудакент Қаратаудың солтүстік беткейінде қазіргі Байқадам кентінің маңында орналасқан. Ежелгі деректерде ол Сугулхан (X ғ.), кейінірек Сулхан (XIII ғ.) деген атпен белгілі. Саудакент VII-XII ғасырларда Қаратаудың солтүстік бөктері арқылы өтетін керуен жолы бойындағы ірі сауда мен қолөнердің орталығына айналған. ҚазКСР ҒА-ның Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы қазба жұмыстары кезінде 11 мұнаралы дуалмен қоршалған ескі қаланың орнын аршып алған. Қала орнынан табылған құмыралар, қыштан жасалған түрлі ыдыс-аяқтар оның VI-XV ғасырларда өмір сүргенін дәлелдейді.
Сайрам (Испиджап) туралы алғашқы деректер біздің жыл санауымызға дейінгі ІV ғасырда парсылардың шежіре кітабы "Авестада" кездеседі. Аталмыш бастау хатта қаланың орналасу ендігі Сайрам елі деп көрсетілген екен. Соған қарағанда бұл атау қаланың ықпал ету аймағын білдірсе керек. Көне түрік тілінде "Сайрам" тастақ сай деген ұғымды білдіреді. Ал Испиджаб "екі дария аралығы" деген сөздің баламасы екен. Қаланың одан басқа да Орынкент, Аққала деген атта-ры болған. Бірақ, тарихи жазбаларда да, кейінгі замандары да бұл атаулар сирек қолданылады.
Жібек жолының үстінде тұрған қаланың дамуына сауда мен кәсіпкерліктің ықпалы зор болды. Онда ірі бай, іскер адамдар тұрды. Қалада әкімшілік басқару жүйесінің құрылуы қаржыларды қорландыруға, қазынаны мақсатты бағыттарға жұмсауға, экономиканы жүйелі дамытуға, оған бай адамдарды тартуға мүмкіндік берді. Кейінгі кездері табылған деректерді негізге ала отырып, қазіргі тарихшылар Сайрам жерін осы ұланғайыр кеңістікті мекендеген тайпалардың еркін араласу аймағы, яғни экономикалық орталығы болды деген болжамдар айтуда.
Сол заманда орын алған шапқыншылықтар Испиджаб әркениетіне ауыр соққы болып тиді. Шыңғыстың жер қайыстырған әскері Сайрам өңірін дауыл соққандай жапырып өтті. Сол трагедияның куәсі болған "Муджам-ал-булдан" атты географиялық сөздіктің авторы Яқұт Ханауи әр-Руми былай деп жазды: "Испиджаб, Тараз, Сауран, Усбаникент және Фараб жазмыштың тәлкегіне тап болды... сонан соң 616 жылы аспан мен жер жаралғаннан ешбір болмаған апатқа ұшырады. Олар осы қалада қалғандарды қырып-жойды. Тамаша баулар мен әсем қалаларда қираған қабырғалардан басқа және құрып кеткен халықтың сүрлеу-сорабынан басқа ештеңе қалған жоқ".
Атырау қаласынан 55 шақырым жерде, Жайықтың оң жақ жағасында бір кездегі атақты

4
Ұлы Жібек жолы мәдениеттерінің түркі халқы өзара әсері


Көне түркілер аспан денелерінің қозғалысына карап ауа райын, жыл маусымдарының қандай болатынын күні бұрын анықтай алған. Көне түркілер Геометрия, математика ғылымдарынан біршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, карауыл төбелер тұрғызуға, т.б. пайдаланған. Олар металды, түрлі минералдарды еріту әдістерін, шөптердің емдік қасиеттерін білген. Емдеудің неше түрлі әдістерін де жетік меңгерген. Ежелгі түркілер, негізінен, қос күшке Көкке және Жерге сиынатын болған. Көк Тәңірінің рақымымен елді билеген қағандар "Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген" деп аталған. Ежелгі түркілер үшін Көк пен Жер-Судан кейін тұрған құдіретті күш әйел, ошак басы құдайы Ұмайға табынған. Түркі халықтарының мәдениетінде персонификациялабаған, шексіз аспан әлемімен қатар аспан шырақтары, құтты мекен, отсуға да бас игенін білдіретін деректер кездеседі.


Орхон ескерткіштері


Орхон ескерткіштері - бұл түрік қағанатының Орхон, Селенга, Тоғыл дарияларының бойында қалдырған жазу үлгілерінің тарихи-мәдени мұралары болып табылады. Байырғы түріктер бұдан 1200-1500 жыл бұрын түріктік дүнистанымының алтын бағанасы Бөгү (Тәңірлік) дінін ұстанып, елдік құрып, төр (үкімет) орнатып, тілі мен дінінің, тарихы мен әдебиетінің алтын сандығы - байырғы түрік әліпбиін (БТА) жетілдіріп, далалық өмір мен қалалық салтты ұштастыра қалалар тұрғызып, сәулет өнерін шыңдап, өткен аруақтарына арнап мүсін қашап, ұрпағына мол тарихи-мәдени мұралар қалдырды. Байырғы түрік жазба ескерткіштері ұзақ ғасырлар бізге беймәлім болып келген. Бүгінгі күні бұл ғылымда жаңаша сипат алып біздің тарихымыздың мұраларының тереңде жатқанын байырғы түрік ескерткіштері, моңғол елінің аймағында табылған.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі


Қожа Ахмет Ясауи кесенесі көне архитектуралық ескерткіш. Әуелі Қарахан дәуірінде (ХІІғ.) тұрғызылып, оның қираған іргесіне ХІV ғасырдың аяқ шені мен ХѴ ғасырдың басында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Бұл кесене Түркістанда түркі халықтарының тәу ететін орталығы болған. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі БҰҰ-ның дүниежүзілік ескерткіштері қатарына енгізілді. Бұл кесене- халық өнерінің лағыл маржанын біздің заманымызға дейін жеткізген ғажайып асыл туындылардың бірі. Сонымен бірге Жібек жолы бойында орналасқан Түркістан жеріндегі ірі қалалардың атқарған рөлі, көршілес елдермен байланыс жасауға қолайлылығы мен орналасу ерекшелігіне қысқаша мағлұматтар беріледі.
Жібек матасы
Жібек матасының ассортиментінің материалдары шамалы қалыңдықты және салмақты, тегіс және жылтыр бетті, құрамында ұзындығы шексіз талшықтан немесе жібек талшығынан түратын ма- таларды жатқызуға болады. Жібек маталар талшықтық құрамының табиғатына байланысты сегіз топқа бөлінеді, оның әрқайсысы сәйкес топшалардан түрады. Жібек матасының ассортименті барлық мата ассортиментінің 11% құрайды, артикулдардың саны өте көп, тәртіпке сәйкес олар төрт санды санмен белгіленеді, бірінші сан матаның то бын, екіншісі топшасын білдіреді. Жібек матасының жіктелуін және топтың немесе топшаның сипаттамасын біле отырып, матаның арти- кулы бойынша оның құрылымы, дайындалуы және кейбір қасиеттері туралы белгілі көрсетілімдерді қүрауға болады.

ҚОРЫТЫНДЫ


Қорытындылай келе, әлем мәдениетінің қалыптасуына ерекше әсер еткен, өзіндік орны бар түркі мәдениеті жайлы көптеген мәліметтерге қанық болдық. Мұны біз сонау сақтар мен ғұндар заманынан бастау алатын көне түріктердің рухани мәдениеті мен Орхон-Енесей ескерткіштерінде бейнеленген Күлтегін мен Тоныкөктің қалдырған жазбаларынан-ақ көреміз.


Ұлы Жібек жолы және ғасырдан ғасырға ұласып келе жатқан ұлағаты мол
дәстүрлер мен тығыз байланыстар, әсіресе, оның кемел келешегі мені сүйсіндіреді әрі таңғалдырады. Еуропа мен Азияны, Шығыс пен Батысты ұштастырған бұл жол түрлі мәдениеттің дамуына ықпал етіп, алыс-жақын елдердің өзара қарым- қатынас жасауына өте қолайлы еді. Қазақ даласында өмір сүрген сол замандағы отырықшы қала тұрғындары мен көшпелі тайпалар адамзат мәдениетінің дамуына әсерін тигізген. Халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарып, білім деңгейлері көтерілді. Саусағынан өнер тамған қолөнер шеберлері өздерінің таңғажайып туындыларын дүниеге әкелді.

5
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1.Жалпы психология. В.В.Богословский т.б. редакциясымен. – «Мектеп». – Алматы, 1980.


2.Жарықбаев Қ. Психология. – «Мектеп». – Алматы, 1982.
3.Жарқыбаев Қ. Психология. – «Мектеп» – Алматы, 1994.
4.Жарықбаев Қ., Әбдрахманов Ә. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. – «Мектеп». – Алматы, 1976.
5.https://blog.fenix.help/lajfxaki-dlya-zhizni-i-ucheby/samosovershenstvovanie/napisaniye-psikhologicheskogo-portreta-studenta-sovremennogo-vuza

7



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет