Қорытынды Жалпы айтқанда Будда ол өмірдің барлық қиындықтарынан, азап шегуден құтылудың жолын іздейді. Менің ойымша, буддизмнің мәні мынада:жаман әдеттен және жеке басының жағымсыз жақтарынан арылу арқылы адам, негізінен, сыртқы жағдайларға қарамастан, қасиетті және бақытты болады. Буддизмнің алтыншы дзень патриархы Хуэненгтің буддизм ілімдерінің мәні туралы былай деген екен «мен саған: «Өзіңе панала» деп айтамын. Будда сенің бойыңда, өйткені Будда ояту дегенді білдіреді, ал ояту тек іштен болады. Дхарма сенің бойыңда, өйткені Дхарма әділдікті білдіреді, ал әділдікті тек өзіңнен таба аласың. Ал Сангха сенің бойыңда, өйткені Сангха - тазалық, және тазалықты тек өзіңнен таба аласың.» Бұл жердегі Хуэненгтің сөзіндегі Будда, Дхарма, Сангха буддизмдегі негізгі үш асыл тас болып саналады. Буддизм философиясының ерекшелігі осында деп ойлаймын. Буддизмдегі үш асыл тасқа анықтама беріп өтейін. Будда - ол кез-келген ағартуға қол жеткізген адам немесе өзі ілімнің негізін қалаушы бола алады. Дхарма - Буддизм философиясының негізгі идеяларының квинтессенциясы, олар Будданың соңынан ерген және оның ілімінің барлық ұстанымдарын қабылдаған адамдарға бере алатын нәрселер. Сангха - бұл діни ағым догматтарын сөзсіз ұстанатын буддистер қауымы. Буддизмнің негізгі ілімдерін оның ізбасарлары ғасырлар бойы бір-біріне берді, олар Будданың философиялық негіздерін зерттеуге және медитация әдістерін қолдануға тырысты. Буддизм дін ретінде Үндістанда үнді қоғамының таптық күресінің нәтижесінде пайда болды. Ол кезде өмір сүрген варна жүйесі дағдарысқа ұшырап, брахмандардың езгісінің күшеюі қарапайым азаматтардың наразылығын арттырды. Дегенмен, Будда әр адамның өзінше жеке екенін түсінді және оның ілімінің мәнін әркімге жеткізуді маңызды деп санады.
Пайдаланылған әдебиеттер Қазіргі заманғы дінтану негіздері. «Ғ.Маймақов, Алматы,2012» https://massaget.kz https://thestrip.ru