Реферат Тақырып: Сиддхартха Гаутама Будда Тобы



бет1/4
Дата30.03.2023
өлшемі196,17 Kb.
#77491
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
будда





Реферат
Тақырып: Сиддхартха Гаутама Будда
Тобы:1602-11
Орындаған: Райым Ақбөкен
Қабылдаған: Бекманова Дариға


Жоспар

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

Буддизмнің мақсаты
Буддистік философия
Төрт асыл шындық

  1. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Будда санскрит тілінен аударғанда «ағартылған», «оянған» дегенді білдіреді. Сиддхартха Гаутама негізінен Будда дінінің негізін салушы екені белгілі. Сиддхартха Гаутама б.з.д.560 жылдың шамасында Солтүстік Шығыс Индияда дүниеге келген. Оның әкесі Шуддходанна кшатрий кастасынан шыққан раджа болған. Буддизм дінінің шығу себебі сол кездегі Үнді мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дағдарысқа ұшырап жатқан кезі болатын. Будда діні, оның негізгі идеалды көзқарастары таптық қоғамның шығуына, дамуына жол беріп отырды. Сол кездегі рулық-брахман дініне оппозиция болған Будда діні варна-касталық бөлуге қарсы шығып, елдің басын біріктіруге талпынды.

Буддизмнің мақсаты
Будда ілімі қандайда бір Құдайға немесе адамға табынуға бағытталмаған. Будда кұдай емес және Құдай жіберген елші де, ол адамдарды кұтқарушы да, адамдардың күнәсін жуып-шаюшы да емес, Будда бар болганы адам. Будда өмірдегі кателіктерден, қиналудан, қараңғылықтан өзін-өзі сүюші менмендіктен, тойымсыздықтың кері әсерлерінен оянған, басқалардан өте жоғары тұратын сиқырлық күшке ие, жоғары рухани деңгейдегі - адам. Яғни өмірдің азаптарынан, ең бастысы, осы дүниенің иллюзияларынан құтылу - буддизмнің мақсаты болып саналады. Яғни, іс жүзінде Будда өзінің ежелгі ілімімен адамдар неге азап шегетінін және осындай жағдайда да бақытты болу үшін бұл азаптан қалайша аулақ болуға болатындығын және ең бастысы, осы таңқаларлық иллюзиялардан қалай арылуға болатындығын түсіндіргісі келді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет