2.2.Техникалық регламенттерді әзірлеу 1. Техникалық регламенттер техникалық реттеу жүйесіне көшуді жүзеге асыру үшін Ведомствоаралық комиссия мақұлдаған тұжырымдама болған кезде әзірленеді. Тұжырымдама: 1) техникалық регламенттің атауын; 2) техникалық регламенттің қолданылу саласы мен объектілерін; 3) жағымсыз әсерді барынша азайту үшін реттеу белгіленуі қажет проблемалар туралы ақпаратты; 4) қауіпті факторларды (қатерлерді); 5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық базасының болуы және оның жай-күйі туралы ақпаратты (техникалық регламент объектісіне қойылатын талаптарды белгілейтін заңдар, қаулылар, санитарлық, құрылыс, өрт және басқа нормалар мен ережелер); 6) халықаралық деңгейдегі нормативтік құжаттардың болуы туралы ақпаратты (халықаралық шарттар, директивалар, басқа елдердің техникалық регламенттері және басқалар); 7) өндіріс, сынақ базасының және жалпы саланың жай-күйі туралы ақпаратты; 8) техникалық регламентті енгізу үшін қабылдануы қажет шаралар туралы ақпаратты; 9) техникалық регламентті енгізуден күтілетін нәтижелерді қамтиды. 1-1. Техникалық регламенттер ғылыми негізделген және (немесе) статистикалық деректер негізінде әзірленуге тиіс.
2. Техникалық регламенттерде белгіленетін талаптар мемлекеттік саясат мүдделеріне, материалдық-техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес келуі тиіс.
3. Өнімге және (немесе) процестерге қойылатын ең төменгі қажетті талаптарды белгілеген кезде оның өмірлік циклінің барлық сатысында осы өнімге тән қауіп-қатерлердің барлық түрлері ескерілуі қажет.
4. Бірдей өнімге арналған талаптарды белгілейтін техникалық регламенттер өнімге қойылатын міндетті талаптардың бірыңғай құрамы мен мазмұнын қамтамасыз ету мақсатында өзара үйлестірілген болуы тиіс. Техникалық регламенттер жобаларын әзірлеген мемлекеттік органдар:
1)жобаларды, нормативтік құқықтық актілердің өзгерістері мен толықтыруларын немесе оның күшін жоюды әзірлей бастаған сәттен бастап бір айдан кешіктірмей, ресми баспа басылымына және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге техникалық регламенттердің жобаларын әзірлеу, техникалық регламенттердің өзгерістері және (немесе) толықтырулары немесе оның күшін жою туралы белгіленген нысандағы хабарламаны орналастырады;
2) техникалық регламенттердің жобаларын жария талқылауды, оларды әзірлеу туралы хабарлама жарияланған күнінен бастап, жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарламаны жариялаған күнге дейін кемінде алпыс күнтізбелік күнге тең мерзім ішінде ұйымдастырады;
3) техникалық регламенттер жобаларын алынған ескертулерді ескере отырып пысықтайды және оларды техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) ресми баспа басылымы мен ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде орналастырады;
4) техникалық регламенттердің жобаларына алынған ескертулерді мүдделі тараптардың сұрау салуы бойынша береді;
5) жобамен және алынған ескертулер тізбесімен танысу тәсілі туралы ақпаратты, техникалық регламент жобасын әзірлеген мемлекеттік органның атауын, оның почталық және электрондық мекен-жайын қамтуы тиіс техникалық регламенттің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарламаны уәкілетті органның ресми баспа басылымы мен ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде орналастырады.
5.Техникалық регламенттердің мазмұны Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасыныңталаптарына сәйкес келуі тиіс.
6.Техникалық регламенттерді әзірлеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) техникалық регламенттермен белгіленген талаптар қолданылатын өнімдер ("Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы" жіктеуішіне сәйкес) мен процестердің толық тізбесі және болдырмаған жөн қауіпті факторлар (қауіп-қатерлер), сондай-ақ техникалық регламенттерді қолдану мақсаттары үшін сәйкестендіру өлшемдері мен әдістері белгіленетін қолданылу саласы анықталады;
2) терминдер мен анықтамалар белгіленеді. Техникалық регламенттерде пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар халықаралық стандарттарда және техникалық реттеу саласындағы заңнамада белгіленген терминдерге сәйкес келуі тиіс. Осы терминдер белгіленген Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінің баптарына сілтемелер жасауға рұқсат етіледі;
3) Қазақстан Республикасының нарығындағы өнім айналымы өнімнің техникалық регламенттер белгілеген талаптарға сәйкес келуі тиістігі және бұл туралы тұтынушыға дейін ақпаратты жеткізу тәсілдері (техникалық регламенттерге сәйкестігі туралы ілеспе құжаттамада көрсету, сәйкестік сертификатының, техникалық немесе нормативтік құжаттаманың немесе тиісті алдын алуларды, жинақтау схемаларын және басқаларды қоса алғанда, өнімді дұрыс пайдалану немесе қолдану жөнінде нұсқаулардың болуы) туралы ереже белгіленетін шарттар айқындалады;
4) өнімнің және оның тіршілік процестерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар белгіленеді, онда зиян келтіру қауіп-қатерінің деңгейін ескере отырып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең төменгі қажетті талаптар белгіленеді. Техникалық регламенттерде зиян келтіру қауіп-қатерінің деңгейін ескере отырып Заңның 18-бабының 6-тармағына сәйкес техникалық реттеу объектілеріне қойылатын арнайы талаптарды қамтуы мүмкін. Талаптар адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға тікелей зиян келтіру мүмкіндігімен байланысты тек өнімге және (немесе) оның тек тіршілік циклінің процестеріне белгіленеді. Ең төменгі қажетті талаптар осы өнімге тән әлеуетті қауіптің (тәуекелдің) әр түрі бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қажетті түпкілікті нәтижесін нақты сипаттау жолымен белгіленеді. Бұл ретте қауіпсіздік мақсатына қол жеткізу әдісі осы мақсат көрсетілген әдісті ерекше қолдануға қол жеткізе алатын жағдайлардан басқа регламенттелмейді. Өнімнің техникалық сипаттамаларының сандық мәндері, егер олар: "аспайтын", "кемінде", "ұстауға жол берілмейді" деген тұрақты шамасы бар болған жағдайда, белгіленуі мүмкін. Егер қауіпсіздік көрсеткіштерін техникалық регламенттер мәтінінде көрсету мүмкін болмаған жағдайда, онда осы көрсеткіштер техникалық регламенттерге қосымша түрінде ресімделуі мүмкін.
5) сынаманы іріктеу және өнімдерді сынау ережесі, сәйкестікті растау ережесі мен нысандары, оның ішінде сәйкестікті растау схемасы (сәйкестікті растау нысандары мен схемасын таңдау сәйкестікті растаудан өткен өнімді қолданудан күмәнді бағалау мен залал келудің жиынтық қаупін ескеріп жүзеге асырылуға тиіс) және (немесе) терминологияға, буып-түюге, таңбалауға немесе затбелгі салуға және оларды түсіру ережелеріне қойылатын талаптар болуы мүмкін;
6) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.16 N 13 Қаулысымен;
7)техникалық регламенттерді, нормативтік немесе техникалық құжаттамаларды әзірлеу және/немесе түзетуді қолданысқа енгізуге, сондай-ақ өнімді шығаруға байланысты мәселелер ескерілуі тиіс өтпелі кезеңнің уақытын белгілейтін техникалық регламенттерді қолданысқа енгізу мерзімі мен шарттары белгіленеді[4].