2.3.Техникалық регламенттерді қабылдау,сараптау,өзгерту және жою Техникалық регламенттердің жобалары өнімнің және (немесе) процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ең төменгі қажетті талаптардың жеткіліктілігін, талаптардың республиканың халықаралық міндеттемелерімен үйлесімділігін, дамудың ғылыми-техникалық деңгейі мен материалдық-техникалық базаның сәйкестігін, нарық пен бәсекелестікке әсер ету деңгейін белгілеу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сараптамалық кеңестерге жіберіледі. Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сараптамалық кеңестерге техникалық регламенттердің жобалары, пікірлер жиынтығы, мүдделі ұйымдардың пікірлерінің көшірмелері, басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен келісім туралы хаттардың көшірмелері ұсынылады. Пікірлер жиынтығы техникалық регламенттердің жобаларына берілген ескертулер мен ұсыныстарды білдіреді және ескертулер мен ұсыныстар авторын, қолданыстағы, ұсынылатын редакциясын, ұсынылған ескертулер мен ұсыныстар негіздемесін көрсете отырып кесте түрінде ресімделеді. Техникалық регламенттердің жобалары бойынша техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатқа және Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестігіне сараптама жүргізіледі.
1) техникалық регламенттер жобаларының сапасын, негізділігін, уақтылығын және оның техникалық реттеу саласындағы заңнамаға сәйкестігін бағалау;
2) техникалық регламенттердің мүмкін болатын тиімділігін анықтау;
3) жобаларды техникалық регламенттер ретінде қабылдаудың мүмкін болатын теріс салдарларын анықтау үшін жүргізіледі. Сараптама жүргізу мерзімі отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Техникалық регламенттердің жобаларына сараптаманы қаралатын техникалық регламенттер жобаларының мазмұнына қарай тиісті бейіндегі ғалымдар мен мамандар арасынан сарапшыларды тарта отырып, өз қызметін техникалық реттеу және метрология саласында жүзеге асыратын ұйым конкурстық негізде жүргізеді. Сараптама жүргізу бір немесе бірнеше сарапшыға (сарапшылар комиссиясына) тапсырылуы мүмкін. Техникалық регламенттердің жобалары бойынша алуан түрлі мамандықтың сарапшылары кешенді сараптама немесе әр түрлі жеке сараптамалар, ал қажет болған кезде - қайта сараптама жүргізуі мүмкін. Сарапшылар ретінде жобаларды дайындауға тікелей қатыспаған ұйымдар мен тұлғалар тартылады. Сарапшылар ретінде басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың мамандары тартылуы мүмкін.
Техникалық регламент, техникалық регламентке өзгерiстер және (немесе) толықтырулар осы Заңның ережелерiн ескере отырып, белгiленген тәртiппен әзiрленедi, қабылданады және күшiн жоюға жатады.Техникалық регламенттерді әзiрлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшiн жою жөнiндегi ұсыныстарды құзыретiне мiндеттi ережелер мен нормаларды белгiлеу кiретiн мемлекеттiк органдар стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң, мүдделi тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және уәкiлеттi органға ұсынады.
Уәкілетті орган техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспардың жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін ұсынады. Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі бекітілген жоспар бекітілген күннен бастап бір ай ішінде жариялануға тиіс.
Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарда көзделмеген техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға жол берілмейді.Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган жобаны, нормативтiк құқықтық актiге өзгерiстер мен толықтыруларды немесе оның күшiн жоюды әзiрлей бастаған кезден бастап бiр айдан кешiктiрмей, ресми басылымға және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе оның күшiн жою туралы белгіленген нысанда хабарлама бередi.Егер техникалық регламентте белгiленген талаптар тиiстi халықаралық стандарттардың талаптарына сай келмесе немесе тиiстi халықаралық стандарттар жоқ болса немесе техникалық регламентте белгiленген талаптар өнiмнiң Қазақстан Республикасына импортының немесе Қазақстан Республикасынан экспортының жағдайларына әсер етуi мүмкiн болса, техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган уәкiлеттi орган арқылы:
1) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт қолданылатын өнiм тiзбесi, актiнiң мақсаты мен оны әзiрлеу қажеттiгi туралы хабарлайды;
2) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт туралы егжей-тегжейлi мәлiметтердi немесе мазмұны халықаралық стандарттар талаптарына сай келмейтiн нормаларын көрсете отырып, оның көшiрмесiн мүдделi тараптардың және шет мемлекеттердiң сауал салуы бойынша табыс етедi.
Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған кезден бастап оның жобасы мүдделi тараптардың танысуы үшiн қолжетiмдi болуға тиiс[5].