Реферат тақырып: Техникалық регламентті әзірлеу, сараптама, жасау, қабылдау, өзгерту және күшін жою ерекшеліктері
Молдагали Рамазан 3
КІРІСПЕ «Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 553 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12072 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын; Техникалық регламентті әзірлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшін жою жөніндегі ұсыныстарды құзыретіне міндетті қағидалар мен нормаларды белгілеу кіретін мемлекеттік органдар стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, мүдделі тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және оны техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынады. Осы Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және жою ережесі (бұдан әрі - Ереже) Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және жою тәртібін белгілейді. 2. Техникалық регламенттерді әзірлеу 1.Техникалық регламенттер ғылыми негізделген статистикалық Деректер негізінде әзірленуге тиіс. 2.Техникалық регламенттерде белгіленетін талаптар мемлекеттік саясат мүдделеріне, материалдық-техникалық даму деңгейіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес келуі тиіс. 3.Өнімге және (немесе) процестерге қойылатын ең төменгі қажетті талаптарды белгілеген кезде берілген өнімді пайдаланудың (қолданудың) нақты жағдайларында осы өнімге тән қауіп-қатерлердің барлық түрлері ескерілуі қажет. 4.Бірдей өнімге арналған талаптарды белгілейтін техникалық регламенттер өнімге қойылатын міндетті талаптардың бірыңғай құрамы мен мазмұнын қамтамасыз ету мақсатында өзара үйлестірілген болуы тиіс[1]. жүктеу/скачать 42,57 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |