Қорытынды Қазақстанда, басқа кеңестік елдердегі сияқты, өнімге қойылатын міндетті талаптар стандарттарда, басқа да нормативті құжаттарда,фармокопеялық мақалалар, экологиялық, өртке қарсы, ветеринарлы, энергетикалық, көліктік ережелер, т.б. белгіленеді. Міндетті құжаттардың көп болуы өнімдер мен қызметтер өндірісінде белгілі бір қиыншылықтар тудырады және шетелдік сауда әріптестері жағынан түсінбеушілік тудырады. Қолданыстағы нормативті базада халық өмірі мен денсаулығына қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау көрсеткіштері ғана емес, сапа бойынша міндетті талаптар бар, бұл халықаралық саясатқа қайшы келеді (өндіруші сапамен қамтамасыз етеді, ал тұтынушы тек оны бағалайды). Өндірістік дамыған елдердегі техникалық реттеу жүйесі өнімге қойылатын талаптарды екі бөлікке бөледі: біріншісі –мемлекет жауап беретін қауіпсіздік, екіншісі –талаптарын нарық қоятын, қауіпсіздікке еш қатысы жоқ, өнімнің тұтынушылық сапасы. Қазіргі таңда өнім сапасын қамтамасыз ету кез-келген өндірістің міндетті шарты. Өнімдердің сапасын бақылау, сапа жүйесін қалыптастыруға ықпал етпек. Коп жагдайда сапа созіне келгенде өнімдерді бакылай, сынау дегенмен шектеліп жатамыз. әзірлену технологиясы тікел. Алайда сол өнімнің сапасына оның барлық байланысты.
Сапасын бақылау өлшеу, сынау, бір және бірнеше сипаттамаларын бағалау операцияларының жиынтығы және алынған нәтижелерді орнатылған талаптармен салыстыру. Сапаны камтамасыз ету - сапа жүйесі аясындағы жоспарланған және жүйелендірілген, сонымен коса сапа таламдарының барлығына сай келетіні расталатын қызмет түрлері.
Өнім қауіпсіздігі өнімнің қызметі немесе жарамдылық мерзімі арасында адам өмірі мен денсаулығына зиян келтірмейтіндей өнім құрамы.
Өнімдерді жеткізу кезінде сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету 1.60-2006 КР СТ Қазақстан Республикасының ұлттық стандартымен орнатылады. Стандартка сайкес, өнім (қызмет) сапасы мен қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарды жүргізу, онім (неме мет кезеңдерінде қалыптастырылады және нормативтік және икалык (конструкторлык, технологиялык) техникалыпаттамалар түріне белгіленеді.
Бақылау сұрақтары: 1. Техникалық регламенттерін қолдану мақсаты неде?
2. Техникалық регламенттердің мазмұны туралы айтыңыз
3. Техникалық регламентті әзірлеу, сараптама жасау, қабылдау, өзгерту және күшін жою ерекшеліктерін айтыңыз.
4. Техникалық регламент қай заң мен тармақты қолданылады?
5. Техникалық регламенттерде зиян келтіру тәуекелі дәрежесі қалай ескеріледі?