Реферат тақырып:«Тыныс алу жүйесінің жас ерекшелігіне байланысты гистологиясы»



бет2/3
Дата26.12.2023
өлшемі3,71 Mb.
#143428
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Срс гистология Д,С

Сыртқы тыныс алу ерекшеліктері:

  • Өкпенін тіршілік сыйымдылығы 6-7 және 15-16 жастарда дереу және айтарлықтай көбейеді. 16-17 жаста өкпенің тіршілік сыйымдылығы ересек адамдармен бірдей болады. Балалардың өкпе алвеоласындағы газбен дем шыгарғандағы газдың құрамында айырмашылық бар.Балалардығ альвеолалық газынығ құрамында оттегі көбірек болып, көмірқышқыл газы азырақ болады. Бала неғұрлым жас болса,соғұрлым бұл айырмашылық көп болады.Баланың дем алуды реттеу қабілеті де нашар, бұл баланың сөйлеу қабілетімен бірге жетіледі де, 11-12 жаста ересек адамдармен бірдей болады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын спирометр деген арнайы аспаппен өлшейді. Өкпенін тіршілік сыйымдылығы мен қалдық мөлшері өкпенің жалпы сыйымдылығын құрайды.Тыныс алу жилігі де баланың жасына лайық өзгереді.

  • Ересек адам 1 минутта өкпесінен 6-7 л ауаны өткізеді.Алмасатын ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты. Адамның бойы неғұрлым биік және салмақты болса, соғұрлым онығ өкпесі арқылы ауа көп өтеді. Мысалы, ұзын бойлы адамда бұл мөлшер 1 минутта 8 л болса, аласа бойлы кісіде 4-5 л. Бірақ бұл заңдылықты балаға аударуға болмайды, ауа балаға ересек адамнан көбірек кажет. Тіпті 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л, кейде 7 л ауа отеді. Мұндай ұзақ мерзімді гипервентиляция (лат. гипер+вентиляция -желдету) баланың дем алуының ерекшелігіне жатады. Осыған байланысты балалардың организмінен бу ретінде судың көптеп шығуы, бүйрек, тері арқылы көмір кышкылының сыртқа айдалуы байқалады.




  • Ағзалардың морфологиялық ерекшелігі:

Кеуде қуысының пішіні адамның жасына және жынысына байланысты өзгереді. Туған кезде баланың кеуде куысы конус трізді болады, себебі ұрық кезінде өкпе нашар дамыған, ал бауыры қарқынды өсіп, дамиды. Баланың кеуде қуысы көтерінкі болып, қабырға сүйектері ересек адамдардағыдай төмен түспейді. Сондықтан бала терең дем алып, дем шығара алмайды да, кажетті мөлшердегі ауа мен оттегін тынысыың жилігі арқылы қамтамасыз етеді. Қабырға сүйектерінің қиғашталуы күшейе бастағаннан кейін терең дем алатын мүмкіндік туғаннан соң дем алу жилігі азаяды. Қартайғанда қабырға аралық бұлшықеттердің әлсіздігіне байланысты қабырғаларды қиғашталуы артады.Әйел адамның кеуде қуысы ерлермен салыстырғанда қысқа болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет