Реферат тақырып:«Тыныс алу жүйесінің жас ерекшелігіне байланысты гистологиясы»


Тыныс алу жүйесінің жасқа сай ерекшеліктері



бет3/3
Дата26.12.2023
өлшемі3,71 Mb.
#143428
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Срс гистология Д,С

Тыныс алу жүйесінің жасқа сай ерекшеліктері:
Постнатальдық кезеңде жаңа туған баланың кіндігін байлағаннан кейін өкпесіндегі тыныс алу жуйесі елеулі езгерістерге ұшырайды. Балалық, шақта өкпенің тыныс алу беті біртіндеп белсенді түрге ұлғаяды. Осыған байланысты жасөспірімдердің өкпесіндегі альвеолаларының жалпы саны ересектерге карағанда шамамен 10 есе көбейіп кетеді. 50-60 жастан кейін өкпенің дәнекер тінді стромасында тұздардың шөгуі орын алады. Бұл өкпе қозгалысының шектелуіне және тыныс алу кызметінің әлсіреуіне әкеп соғады.
Жаңа туылған нәрестеде өкпенің жоғарғы бөлігінің салыстырмалы көлемі өмірдің бірінші жылының соңына қарағанда аз болады. Жыныстық жетілу кезеңінде жаңа туған нәрестенің өкпесімен салыстырғанда өкпе көлемі 20 есе артады. Оң өкпе қарқынды дамиды. Жаңа туылған нәрестеде альвеолалардың қабырғаларында аз серпімді талшықтар және көптеген борпылдақ дәнекер тіндер бар, бұл өкпенің серпімді тартылуына және патологиялық процестерде ісінудің даму жылдамдығына әсер етеді. Тағы бір ерекшелігі, өмірдің алғашқы 5 жылында альвеолалар мен бронхтардың тармақталу реті артады. Тек 7 жастағы балада Ацинус құрылымы бойынша ересек адамның ацинусына ұқсайды.* Сегменттік құрылым өмірдің барлық жас кезеңдерінде айқын көрінеді. 35-40 жастан кейін басқа мүшелердің барлық тіндеріне тән инволюциялық өзгерістер болады. Тыныс алу жолдарының эпителийі жұқарады, серпімді және ретикулярлы талшықтар ериді және бөлшектенеді, оларды аз созылатын коллаген талшықтары алмастырады, пневмосклероз пайда болады.Өкпенің плевра парақтарында 7 жасқа дейін серпімді талшықтар санының параллель өсуі байқалады, ал плевраның көп қабатты мезотелий қабаты бір қабатқа дейін азаяды.


  • Регенерациясы: Тыныс алу мүшелерінің физиологиялық, регенерациясы тек қана шырышты қабығында байқалады.Өкпе бөліктерін алып тастағаннан кейін, қайтадан қалыпқа келуі іс жүзінде болмайды. Тәжірибеде пульминоэктомиядан соң қалған өкпеге компенсаторлық гипертрофия жүзеге асып,альвеолалардың көлемі 3-4 есе ұлғаяды да, альвеола перделері арасындағы бөліктері көбейеді. Бір мезгілде қоректендіруді және тыныс алуды қамтамасыз ететін кіші қан айналымдағы кан тамырлары мен лимфа тамырлары кеңейеді.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



1."Гистология". Под редак. .И.Афанасьева, Н.А.Юриной.

2.”Цитология п общая гистология". В.Л.Быков/ Санк- Петербург, 2000г.



3. https://kazmedic.org/archives/1916
4.http://vmede.org/sait/?id=Gistologiya_atlas_bikov_ushk_2013&menu=Gistologiya_atlas_bikov_ushk_2013&page=18

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет