Атқа міну мәдениеті Атқа мініп-түсу барысында аттың мінер жағы және қамшылар жағы деген оң-терісін ажырататын айырмасы болады. Атқа мінетін, яғни аттың оң жағын – «мінер жағы» дейді де, аттың келесі жағын, яғни аттың теріс жағын «қамшылар жағы» дейді. Кейбір мінезі шәргез жылқылар теріс жағынан мінгізбек түгілі, жақындатпайтыны да болады. Ал осы жылқының мінер жағы мен қамшылар жағының сырын кейбір деректерде былайша түсіндіреді: Бұл жағдай адамдардың көбісі оңқай болуына байланысты. Ертеде жігіттер қылышын оңай суырылу үшін сол жағына таққан. Осылайша сол жағында салақтаған қылышы бар ерлер атқа мінгенде сол аяғын үзеңгіге алдымен салу ыңғайлы келеді. Және де соғыс кезінде көп адам атқа біркелкі мінгенге де ыңғайлы болған. Бұлар қазіргі заманда қажеті шамалы болғанымен үйренісі бойынша сол аяғын алдымен үзеңгіге салады. Қазақ халқында жылқының адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланады. Баланың денесін шынықтыратын жаттығудың бір түрі – атқа міну. Аталарымыз да баланы жастайынан атқа мінуге дағдыландырып отырған. Бұл сол кездегі өмірдің ең негізгі қажеттілігі еді. Қаншама батырларымыз да ат үстінде отырып елімізді қорғаған. Атқа міну, бір жағынан, көңіл күйіңді көтеретін болса, екінші жағынан, денсаулыққа пайдалы. Жылқының өз биотогы болады, адам денсаулығына жақсы әсер етеді, қан қысымымен, жүйке жүйесімен ауыратын адамдарға көмегі көп. Атпен баяу серуендегенде, адам денесіне минутына 100 шайқау импульсі беріледі. Ол – массаж, ат үстінде отырған адамның барлық бұлшықеті жұмыс жасайды. Қазіргі таңда дәрігерлер көптеген жүйке ауруларына да қатысты ем ретінде атқа мінуді қолданып келеді. Сонымен қатар атқа міну баланың денесінің шымыр боп өсуіне, әрі бойына батырлық рухын сіңіруде де өзіндік орны бар. Мереке – қуанышта,қайғы-қасіретте,басқа түскен не ауыр күндерде бұл түлік адамның жан серігі, айырылмас досы болған. Мысалы: қолбасшы Күлтегіннің Боз аты, Қара қыпшақ Қобыландының Тайбурылы, Алпамыс батырдың Байшұбары, Ер Тарғынның Тарланы.Ақансерінің Құлагері.
Археологиялық зерттеулер мәдениеті Археологиялық мәдениет — бір уақытқа жататын, жергілікті өзгешеліктерімен ерекшеленетін және белгілі бір аймақта шоғырланған археол. Ескерткіштерді атау үшін пайдаланылатын ұғым. Археол. Ескерткіштер еңбек құралдарының, тұрмыстық заттардың, әшекейлер мен қарулардың, сондай-ақ жерлеу және басқа да құрылыстар мен әдет-ғұрпының ұқсастығына қарай біріктіріледі. Археол. Мәдениет аты ескерткіштердің көп шоғырланған жерінің немесе ең алғаш зерттелген жердің атымен аталады. Мыс., Ақмола облысының Атбасар ауданыда шоғырланған б. З. Б. 6-5 ғ. Тұрақтары аудан атымен Атбасар мәдениеті деп аталса, Торғай облысыдағы неолит дәуірінің Маханжар, Жүзбай, Сор, Бестамақ, Амангелді секілді тұрақтары алғаш зерттелген жердің атымен — Маханжы мәдениеті деп аталады. Археол. Мәдениеттер Қазақстан тарихында өте көп. Олардың ең ірілері Ботай, Андронов, Беғазы-Дәндібай, Тасмола, Келтеминар, Жетіасар, Қауыншы, Отырар, Қаратау мәдениеттері. Археол. Мәдениеттің қалыптасуын, таралуын және жойылуын зерттеу жазба деректер пайда болғанға дейінгі тайпалар мен халықтардың этник. Тарихын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.