Реферат Тарих пәні бойынша Тақырыбы: Атқа міну мәдеиетінің генезисі Орындаған: Қалдыбек м тобы: 1402-52 Қабылдаған: Найманбаев Б



бет1/3
Дата02.03.2023
өлшемі28,63 Kb.
#71105
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Қалдыбек мақсат





Реферат
Тарих пәні бойынша


Тақырыбы: Атқа міну мәдеиетінің генезисі

Орындаған: Қалдыбек М


Тобы:1402-52
Қабылдаған: Найманбаев Б

Шымкет,2023


Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2. 1.Көшпенділерде мал шаруашылығының рөлі мен маңызы
2.2. Атқа міну мәдениеті
2.3. Археологиялық зерттеулер мәдениеті
3.Қолданылған әдебиеттер


Кіріспе:
Қазақ даласы күллі адамзаттың өміріне елеулі әсер еткен оқиғаларға куә. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауында айтқанындай «Еліміздің табысты болуының кепілі – өткен тарихын мақтан тұтып, бүгінгі жағдайды нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту» болмақ. Сондықтан да өткенді зерделеп, бүгінгіні бағалап, келешекке сеніммен қадам жасау үшін тарихи сананы жаңғырту қажеттігін нақты мысалдармен түйіндейді. Соның бірі атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі.
Мал шаруашылығы – көшпенді қазақ халқының негізгі кәсібі саналды. Сондай-ақ азық-түлік және ішіп-жеммен қамтамасыз ететін негізгі тіршілік көзіне айналды десек те болады.Төрт түлік малды жыл бойына өрісте, жайылымда бағу көшпелі мал шаруашылығының басты ерекшелігі болды. Бұл бір жағынан су қоры мен жем-шөптің аздығына байланысты қалыптасты. Сол себепті мал басын сақтау мен көбейту үшін қазақтар жыл мезгілдеріне қарай көшіп-қонуға мәжбүр еді.

Көшпенділерде мал шаруашылығының рөлі мен маңызы
Қазақ жері — мал шаруашылығы қалыптасқан ең көне аймақтардың бірі.
Жабайы жануарларды қолға үйрету неолит дәуірінен басталды. Ең алғаш қолға үйретілген үй жануарлары — қой мен ешкі. Қойдың арғы тегі — арқар (муфлон), ал ешкінікі — таутеке. Қой мен ешкі мөлшермен б.з.д. 8—7-мыңжылдықтарда қолға үйретілген деп есептеледі. Осы кезге жататын Жерорта теңізі маңайындағы тұрақтарда қой мен ешкінің сүйегі табылған.
Археологиялық және этнографиялық материалдар Қазақстан жерінде ежелден бастап XX ғасырдың басына дейін мал шаруашылығының үш түрі қалыптасқанын көрсетеді. Көшпелі мал шаруашылығы Маңғыстау, Батыс, Орталық Қазақстан аймағында басым болған. Бұл аймақтарда қыстаусыз көшпелілермен қатар қыстауы бар көшпелілер де болған. XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы деректерге қарағанда, көшпелілік Маңғыстау, Темір уездеріндегі адайларда, Атбасар уезін жайлаған бағаналыларда, ІҚазалы, Ырғыз, Торғай, Қапал уездерін мекендеген кейбір руларда жақсы сақталған. Батыс, Орталық Қазақстанның кейбір жерлерінде тастан, балшықтан, ағаштан салынған қыстауы болмаса да, қыста ұзақ уақыт көшпей, бір жерді паналап отыратын көшпеліліктің түрі болған.
Қола дәуірінің ортаңғы, соңғы кездерінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалар шаруашылығында қой түлігі сан жағынан басым болды. Сақ дәуірінде жерімізде осы күнгі құйрықты қазақы қой сияқты қой тұқымы тараған екен.
Ерте темір дәуірі заманында кәдімгі қойлармен қатар биязы жүнді қой, ешкі де өсірілген екен. Алтайдан, Жетісудан табылған ерте темір дәуіріне жататын киіздер осындай биязы жүннен басылған.

Ерте заманнан-ақ көшпелілерде қойдан кейінгі саны жағынан екінші түлік — жылқы. Жылқы мөлшермен б. З. Д. 2-мыңжылдықтан бастап мінуге, жүк артуға, жегуге үйретілген. Арпаөзен, Қойбағар, Берікбай, Хантаудағы тасқа салынған суреттерде жеңіл күймелерге, ауыр арбаларға жегілген аттар бейнеленген.



Сақ дәуірінде Қазақстан жерінде басы үлкен, аяғы қысқалау, тұрқы ұзын, түгі қалың жылқы тұқымы кең таралған. Бұл жылқылар тебіндеп жайылуға үйренген қазақтың қазіргі жабы жылқысы тұқымына жақын
Тасмола мәдениеті – Орталық және Солтүстік Қазақстан өлкелерінде ерте темір дәуірінде өркендеген. 1930 ж. Белгілі болғанымен, негізгі зерттеу жұмыстары Орт. Қазақстанда 1946 жылдан кейін басталды.
Археологиялық зерттеулерге қарағанда құдық қола дәуірінде қазыла бастаған. Мысалы, Солтүстік Қазақстандағы Шағалалы қонысынан қазылған құдықтар анықталған. Дәстүрлі қазақ қоғамында табиғи су көздері жоқ шөл және шөлейт өңірлерде құдық көптеп қазылды.
Атқа міну қолайлы болу үшін жылқыға ат – әбзелдерін ойлап табу өткен дәуірдің озық технологиясы болған. Ер – тұрмандарды ойлап табу жылқыны қолға үйрете бастағанмен тікелей байланысты болды. Ат үстінде қолайлы болу үшін ер- тұрман және аяқты орналастыру үшін үзеңкі ойлап тапқан. Бұл жаңалық салт атты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мығым отыруына, сонымен бірге шауып бара жатып, қолындағы қаруын еш қиындықсыз және неғұрлым тиімді қолдануына мүмкіндік берді. Бабаларымыз шапқан аттың үстінен садақ тартуды барынша жетілдірді.Ежелгі дәуірде көшпенділер жан серігі ретінде санаған жылқы малын ерекше құрметтеп, қадірлеген. Көшпенділер аттарының кеудесін қорғауға арналған сауытты да алғаш рет мыстан, кейін алтыннан жасаған.
Ер-тұрман дегеніміз – салт атқа мінуге арналған әбзел-жабдықтар жиынтығы. Ерші – ер-тұрман жасайтын шебер, ұста.
Тоқым- ат-көліктің арқасына салынатын, арқасын аман сақтау үшін,салынатын киіз.
Үзеңгі – атқа мінуге, сол сияқты ердің үстінде екі аяқты тіреп, нық отыруға, тебінуге мүмкіндік беретін құрал. Ол, негізінен темірден жасалады.
Жүген – қайыс пен былғарыдан жасалып, жылқының басына кигізілетін айыл-тұрман түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет