Еуразия гуманитарлық институты
Қазақ тілі және әдебиет кафедрасы
Реферат
“Құтты білік” дастанының тілдік ерекшеліктері”
Орындаған: Өмірзахова.А
Тексерген:Абылова Г.Е
Нұр-Сұлтан 2020
Құтты білік” дастанының тілдік ерекшеліктері
«Құтадғу білік» (Құтты білік) — Жүсіп Баласағын (Баласағұн) шығарған
дидактикалық поэма.
Бұл көнетүркі тілінде жазылған, түркі тектес халықтардың ортақ
қазынасы.
Көптеген зерттеушілер бұл поэманы саясат, мемлекет басқару, әскери іс
жөніндегі философиялық трактат деп жүр. Шындығында да, бұл жалаң
әдеби дүние емес. Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің мінез құлқын бойына
сіңірген, қоғамдық саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық этикалық,
рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние. Ондағы бүгінгі
тілімізге, ой толғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде,
қазақ әдебиетінің солармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық
поэзия мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең
тынысты толғамдарының дәстүрлі бірлігі «мен мұндалап» тұрады. Жүсіп
Баласағұнның мемлекетті басқару қағидалары мен принциптерін, елге билік
жүргізудің ережелері мен тәртібін, қоғам мүшелерінің мінез-құлық және
әдеп-ғұрып нормаларын жыр еткен этикалық-дидактикалық мазмұндағы
көркем туындысы.
Жүсіп Баласағын «Құтты білікті» 1069—1070 жж. Баласағын қаласында
бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Қоғамдық
әлеуметтік мәні терең, халықтың моральдық этикалық бағдарламасы
іспеттес бұл еңбегін Қарахан мемлекетінің сол кездегі билеушісі Табғаш
Арслан хан Боғратегінге тарту еткен.
Құтадғу Біліг – Жүсіп Баласағұнидың еңбегі. Түркия ғалымдары 1942–
43 ж. «Құтадғу Білігтің» үш нұсқасын да Стамбұлдан үш томдық кітап етіп
шығарды. Дастанды зерттеу ісіне, әсіресе, түркі ғалымдары Р.Р.Арат,
М.Ф.Кепрюлд және А.Дильгар, т.б. көп еңбек сіңірді. «Құтадғу Біліг»
дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан
әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған.
Оны Қ.Каримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс
тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр
тіліне (Пекин, 1984) тәржіма жасады. Қарахан әулеті билік жүргізген
дәуірде ұлан-ғайыр өлкені алып жатқан осы мемлекеттің басқару тәртібін
белгілейтін ережелер, сондай-ақ қоғам мүшелерінің құқықтары мен
міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді.
Міне, елдегі осы олқылықтың орнын толтыру мақсатымен Баласағұн
өзінің «Құтадғу Біліг» дастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір мағынада
елдегі Ата Заң (Конституция) қызметін атқарған. Баласағұн дастанда
патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің,
әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен
малшылардың, т.б. қоғам мүшелерінің мінез-құлқы, білім дәрежесі, ақыл-
парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке-жеке
баяндап шығады. Дастанда елдегі барлық лауазым, кәсіп иелеріне
қойылатын моральдық-этикалық талаптар сипатталып көрсетілген.
У
у
Көптеген зерттеушілер саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі
философиялық трактат деп жүр. Шындығында да, бұл жалаң әдеби дүние
емес. Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің мінез құлқын бойына сіңірген,
қоғамдық саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық этикалық, рухани
қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние. Ондағы бүгінгі тілімізге, ой
толғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде, қазақ
әдебиетінің солармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэзия
мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең тынысты
толғамдарының дәстүрлі бірлігі «мен мұндалап» тұрады.
Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті
дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор
әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді.
Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі
патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі,
ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі уәзірдің баласы
Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл
мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме
болады. Баласағұнның «Құтадғу Білігінде» өмір мәні пайымдалып,
жалпыадамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және
даналықтың мәні сараланған.
У
у
Келтірілген деректерге ой білдіре кетейік: «Қарахан әулеті билік жүргізген
дәуірде ұлан-ғайыр өлкені алып жатқан осы мемлекеттің басқару тәртібін
белгілейтін ережелер, сондай-ақ қоғам мүшелерінің құқықтары мен
міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді» - дейді. Ақылға симайды.
Қарахан қағанатының 300 жылға жуық бүкіл әлемді билегенін білмейтін
жанға не айтуға болады. Әлемді кейіннен тағы бірнеше ғасыр билеген
Шыңғыс ханның осы Қараханнның ұрпағы екенін қайда қоямыз. Иә,
аталарымыз тілде буын жоқ деп осындайды айтса керек. Заңы, ережесі жоқ
қағанат осыншама уақыт қалай өмір сүрді екен?!
Бұл классикалық шығарма сол кездің өзінде белгілі дәрежеде тарихи-
идеологиялық, психо-педагогикалық, әдеби-мәдени дәстүрдің, көркемдік–
эстетикалық танымның қалыптасқан мектебінің болғандығын меңзейді.
Мұндай көлемді шығармалардың дүниеге келуі, жазылуы–тұтас бір
шығармашылық кезеңнің, өрісті дәстүрдің жемісі. Сол кездің өзінде-ақ
түрлі ірілі-ұсақты, мәнді-мәнсіз сан алуан шығарма, жазбалардың
болғандығын бүгінге дейін сақталып келген түрлі тізбелерден жақсы
аңғаруға болады. Бір қызығы, Орта Азия мен Қазақстан жерінде жазылған
шығармалар жөніндегі көне сипаттамаларда, библиографиялық тізбелерде
осы еңбектің аты аталмайды. Мәселен, Әбу Сеит Сәмәдидің (1113 ж.ө.)
белгілі «Китәб Әл-әнсәб» атты еңбегінде, сол дәуірдегі белгісіз, ұсақ
авторлар жөнінде жүздеген бет мағлұматтар жазылғанда, Жүсіп
Баласағұнидың әлемге аян еңбегі хақында еш дерек түспеген. Аталып,
түстеліп, хатталып ен тағылған шығармаға қарағанда «Құтты біліктің» бізге
тұтастай сақталып жеткені ерекше жағдай.
«Құтты білік» дастанының тілін казіргі түркі тілдерінің қайсы тобына
жатқызуға болады деген сауал туады. Бұл жөнінде бүгінгі түркология
ғылымында әртүрлі пікір айтылып келеді. Мысалы, С.Е.Малов «Құтты
білік» көне ұйғыр тілінде жазылған дейді, өйткені, шығарманы аударғанда
ұйғыр сөздері көп кездескен» (және нұсқаның біреуі ұйғыр тілімен
көшірілген; Вена нұсқасы).
Ал А.И.Щербак қарлұқ тілінде, Г.Ф.Благова дастандағы сөздердің талдану
сипатына қарап, бұл шығарма қарлұқ-қыпшақ тілінде жазылған деген
қорытынды жасайды.
Ол қалай болған күнде де Жүсіп Баласағұн өз дастанын сол кезде
Қашқардан бастап, сонау Амударияға дейінгі ұлан-ғайыр өлкелер мен
уәлаяттарды өзіне қаратқан Қарахан мемлекетінде өмір сүрген түркі
тайпаларының бәріне бірдей түсінікті, ортақ тілде жазғаны даусыз. Оның
үстіне есімі күллі әлемге белгілі шығыстанушы-ғалым В.В.Бартольдтың:
«қарахан елінің азаматтары өздерін ұйғыр деп атаған емес, Жүсіп Баласағұн
үшін өзі жазған тіл ұйғыр тілі болған емес»-деген әділ пікір айтты.
“Құтты білік”дастаны жөнінде тұңғыш рет баспасөз бетінде хабар беріп,
оның нұсқасының бір бөлігін 1823 жылы «Азия» журналында бастырып
шығарған ғалым француз Жауберт Амадес болды. Бұл істі кейінірек венгр
ғалымы Герман Вамбери қолға алды. Ол дастанның бірнеше тарауын
транскрипциялап, неміс тіліне аударды, оған түсінік беретіндей сөздік
жасады. Соның бәрін қосып, 1870 жылы «Құтты білікті» жеке кітап етіп
шығарды.
Әйтсе де, мұның бәрі әлі де алдағы үлкен жұмыстардың бастамасы ғана еді.
«Құтты білікті» кең көлемде зерттеу, оны басқа тілдерге аударма жасау
саласында келелі істер тындырған адам академик В.В.Радлов болды.
В.В.Радлов бұл шығарманы зерттеу, аудару, баспаға әзірлеу істерімен 20
жыл бойы (1890-1910ж.ж.) айналысты. Дастанның бірнеше тарауын неміс
тіліне аударып, баспасөзде шетінен жариялай бастады. Алайда, осы кезде
«Құтты біліктің» бұрын белгісіз болып келген Каир қолжазбасының
табылуына байланысты В.В.Радлов шығарманы неміс тіліне аудару және
кітап етіп шығару жұмыстарын уақытша тоқтатып қойды. Өйткені алдымен
Каир нұсқасының ерекшеліктерін зерттеп біліп алу қажет еді.
Қазақтың белгілі ақыны, әрі әдебиет зерттеушісі Асқар Егеубаев «Құтты
білік дастанының қазақ әдебиетінің қалыптасып, дамуына идеялық-
көркемдік әсері» (дәстүр, поэтика және аударма мәселелері) деген
тақырыпқа ғылыми еңбек жазды. Сондай-ақ, ол ақын ретінде «Құтты білік»
дастанының түпнұсқаға мейілінше жақын поэтикалық аудармасын жасап
шықты.
Поэманың кейбір үзінділерінен орыс тіліне бірнеше рет С.Е.Малов аударып
шықты. Еркін аудармасы «Ғылым бағытқа ие» деген атпен 1971 жылы
И.Гребнев арқылы жүзеге асып, жоғарыда айтылғандай, К. Каримов
«Кұтадғұ білікті» өзбек тіліне аударды. Р.Р.Арат жоғарыда айтылған үш
қолжазбамен үлкен зерттеу жұмысын жүргізе отырып, 1947 ж. ғылыми
жинақты жазып шықты. «Құтты білік» атты «Құтадғұ біліктің» толық
мәтінін орыс тіліне С.И. Иванов Москвада 1983ж. аударып шықты.
Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның, «Құтты білік» дастанының бүгінгі күнге
дейін сақталған үш нұсқасы бар:
Біріншісі, Вена нұсқасы, оны Герат нұсқасы деп те атайды. Бұл қолжазба
кәзір Венаның Корольдік кітапханасында сақтаулы тұр. Сол үшін оны Вена
нұсқасы дейді. Ал дәл осы қолжазбаны Герат нұсқасы деуінің себебі, бұл
қолжазба 1439 ж. Герат шаһарында көшірілген екен. Оны ұйғыр әрпімен
көшірген адамның есімі–Хасан Қара Сеиіл.
Дастанның осы Вена нұсқасының тағдыры қызық. Бұл қолжазба әлде
кімдер арқылы Гераттан Түркияға жеткізіледі. Ал, 1474 жылы «Құтты
білік» қолжазбасын біреу сатып алып, Стамбулға әкетеді. Арада 300
жылдай уақыт өтіп, 1796 жылы Австрияның белгілі ғалымы Иосиф фон
Хаммер–Пургшталь Стамбулда дипломатиялық жұмыста жүрген кезде
біреуден осы қолжазбаны сатып алып, оны Венадағы корольдік кітапханаға
сыйға тартады.
Екіншісі Каир нұсқасы. Бұл қолжазба араб әріпімен көшірілген. Оны
Каирдағы бір кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар қорынан 1896 ж.
неміс ғалымы Б.Мориц тапқан. Белгілі орыс ғалымы В.В.Радлов Петербург
ғылым академиясының Азия музейі үшін Каир нұсқасының бір данасын
көшіріп алады. Казір бұл қолжазба Ресей Ғылым академиясы шығыстану
институтының Ленинград бөлімшесінде сақтаулы тұр.
Үшіншісі, Наманган нұсқасы. Оны 1913 жылы А.В.Валидов Өзбекстанның
Наманган шаһарынан тапқан еді. «Құтты білік» дастанының араб әріпімен
көшірілген ең толық саналатын осы нұсқасы Өзбекстан Республикасының
Ғылым академиясының Әбу Райхан Әл-Бируни атындағы шығыстану
институтында сақталып келеді.
Ендігі сөзді өзіміздің және де өзге елдердің ғылым әлеміне берейік:
«Құтадғу білік» - мұсылман иделогиясына негізделген, сол идеологияны
насихаттайтын, түркі тілінде жазылған жалғыз еңбек. Дастанда қай заманда
болсын барлық ғалымдарды толғандырып келген жалпы адами идеялердың,
ізгі мұраттар мен ойлардың өзіндік ерекше көркем де, аса айшықты
бейнеленуі -поэманың сарқылмас рухани қазына көзі екендігінің дәлелі»
(Андрей Кононов, академик-ғалым, филолог, түркітанушы).
«Құтадғу білік» - ежелгі ұйғырлардан қалған құнды еңбектердің бірі.
Туынды атауының негізгі бөлігін құрап тұрған «құтадғу» сөзі «құтадмақ»
етістігінен шыққан. Ал «құтадмақ» - «құт иесі ету, құтқа жетуіне
көмектесу» деген мағынаны білдіреді. «Құтадғу білікті» неміс тіліне
аударған ғалымдар Вамбери мен Радлов кітапта жиі кздесетін «құт» сөзін
«бақыт» деп, ал «Құтадғу білік» дегенді «Бақыт әкелетін ілім» деп аударған.
...Бүкіл түркі халқына ортақ ұлы тұлға, ойшыл ақын Жүсіп Хас Қажыб
«Құтты білік» атты өлмес еңбегінің атауына енген «құт» сөзін
данышпандықпен таңдап алған. Себебі, түркі мемлекеттігінің тарихында
«құт» сөзі ерекше рөлге ие. Ежелгі түркілердің нанымы бойынша, құт
дегеніміз – қандай да бір билік күші емес, ол – киелі сипатқа ие рухани күш.
...Меніңше, «Құтадғу білік» -мемлекетті басқару ғылымы (саяси билік
ғылымы)» (Садри Максуди Арсал, татардың тарихшы және тіл танушы
ғалымы, саясаткер).
«Атақты ұйғыр ақыны және ойшылы Жүсіп Баласағұн (шамамен 1018-1086)
Қырғызстан Республикасының Баласағұн қаласында туған. Ол «әрбір адам
қоғам алдындағы өз міндетін орындап, өзінен кейін жақсы атын қалдыруы
керек» деп есептеді. «Бәрі де дүниеде ұмытылады, - деп жазады Жүсіп, - тек
«ізгі істер» мен «дана сөз» ғана ажалды білмейді».
«Құтадғу білік» дастаны – әлем мәдениетіндегі таңғажайып құбылыс.
Жүсіп Баласағұн өзінің шығармашылық данышпандығымен түркітілдес
халықтар жалпыәлемдік мәдениеттің дамуына өз үлестерін қоса
алатындығын дәлелдеді» (Азиз Нарынбаев, ұйғырдан шыққан тұңғыш
философия ғылымының докторы, академик-ғалым, тарихшы, Қырғызстан
Республикасының ғылымға еңбек сіңірген қайраткері).
«Жүсіп Баласағұн түркітілдес халықтың тағдырын көктемде болатын
жандану, ояну, қайта түлеу кезіндегі көріністеріне астарлап, меңзеп,
теңеген» (Немат Келімбетов, филолог ғалым, түркітанушы).
«Жүсіп қазіргі Қазақстан жеріндегі Шу бойына орналасқан ескі қаланың
бірі – Баласұғында туған. Осыдан Жүсіп Баласағұн аталып кеткен. Бұл қала
сол кездердегі Қарахан мемлекетінің бір астанасы, әкімшілік және сауда-
саттық орталығы болған.
...Әр елдің данышпандары біздің кітабымызды өздерінше атап жүр.
Қытайдың ойшылдары «Мемлекет иелерінің даналық ережелері» деп атаса,
Үнді кемеңгерлері оны «Жайлы басшылық кітабы», шығыс патшалықтары
«Хүкмет әшекейі», парсылар «Бақытқа жеткізетін ғылым», кейбіреулері
оны «Патшаларға кеңесші кітап» деп атап кеткен. Ал түріктер жерінде бұл
кітапты «Құтадғу білік» дейді» (Ханғали Сүйіншәлиев (1918-2006),
философия ғылымдарының докторы, профессор).
«...Соңғы бес ғасыр жырауларының шығармаларынан да өлең құрылымы,
ұйқас тізілімі, мазмұн үндестігі, ой сарындастығы, поэтикалық рухы
жағынан «Құтты білікке» қабысып түсіп отыратын тұстарды тым көп
ұшыратамыз.Сондықтан да «хан тілі» десек те, «қарлық-қыпшақ», «оғыз-
қыпшақ», «түркі тілі» десек те, «Құтты біліктің» қоспасы аз, таза түркі
тіліндегі шығарма екендігі даусыз».
«Құтадғу білік» - Қу, Ұд, Құт (Құд), Ад, Гу (Адгу) деген біріккен
сөздерден тұрады.
«Құт» сөзі жалпы түркілік. Байырғы түріктерде бірнеше мағынада
қолданылған: 1. жан, өмірлік күш, рух; 2. бақыт, дәулет, жақсылық, жолы
болу, бағы ашылу т.б. 3. кісілік, ұлылық; қазақ пен қарақалпақтарда құт: 1.
өмірлік, күш, рух; 2. мал-жанды қорғайтын тұмар; 3. бақыт; тувалықтарды
құт: жан, тіршілік көзі; хакастарда хут: жан, рух, өмірлік күш; монғолдарда
хутаг: бақыт, жақсылық; манчжурлерде хуту: бақыт.
Қу – Қуман (Қу Манның ұрпақтары), ежелгі батыс жазбалары қазақтарды
«Кумандар» деп хаттаған; Осы түбірден біздің сөздік қорымызда Құда,
Құдағай, Құдай «Сыбап алып, ...ықпай, «құдай – шұнақтан» (Жұбан
Молдағалиев), Қу адам (Қулық жасайтын, айлакер адам), Қу түлкі, Қу
дүние, Қу тірлік, Қу сүйек (Құр қу сүйек етсіз өңі бетсіздің (Жүсіп
Баласағұн), Ата жолын қуу, Қу бас, Қу сирақ, құлақ, қулық, құлама жар,
құмалақ деген сияқты ұғымдар дүниеге келген.
Адгу дегендегі Ад-қа келсек, бұл ұғымның негізгі мағынасы құранда
айтылатын Ад қауымы, одан кейінгі ұрпақ аузымен олар жайлы айтылатын
Ада (Ата), Адам (Атам), Адай (Атай) дегенді білдіреді.
Әд (Әт) – Әди, Мәди, Мәдине, Мәдениет, Әділ, Әділдік, Әдемі, Әдіс (айла),
Әдейі (арнайы), Кәде, әтір, әткеншек т.т. Бастауын МАД (МӘД) –
Манқыстаулық Ман Адай патшалығынан алады.
Ұд (Ұт) – Ұдайы, Құда, Құдай, Құдағай, Құдалық, Құдандалы (Құда анда)
(Шыңғыс ханның Жамұқамен үш рет анттасып Анда болатыны осы), ұтыс,
ұтылу, ұтымды т.т.
Ад – қауым, аталық текті білдірсе, Ад-ам - Ата мен Анамыздың елі дегенді
білдіреді. Бүгінгі Адайлар (Ад ана – Ай ана) осы бүкіл әлем елдерінің түп
атасы Адам ата мен Ауа ананың қарашаңырағы болып табылады. Олардың
«Тіл таңбалы Адайлар» және Қас би (Каспий) деп аталатындарының да
сыры осы.
«Гу» ге келсек, бұлда қазақтың өз сөзі. Мысалы, қатты дыбыс шығарып жел
соқса, «гулеп» кетті ғой, немесе қатты айқайлап сөйлесіп отырса неге сонша
«гуілдеп» отырсыңдар делінеді. Демек, «Гу» дыбысқа байланысты. Жаңа
туған нәресте «Р»-ға тілі келіп сөйлерден бұрын гуілдеген дыбыс шығарып
жатады. Демек, Ад қауымы адамзат даму жолының бастауында тұр деген
сөз.
Баласағұни –
Достарыңызбен бөлісу: |