Реферат «Ветеринариялық-санитариялық сараптау және гигиена»


Құртты ветеринариялық – санитариялық сараптау



бет6/6
Дата10.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#136661
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-109321

5. Құртты ветеринариялық – санитариялық сараптау.

Құрт негізінен Қазақстан Республикасының стандартына сәйкес болуы керек. Оны біз ветсансараптау арқылы анықтаймыз.


Құрттың физика-химиялық көрсеткіштерімен қауіпсіздік көрсеткіштері 1-кестеде көрсетілген талаптармен нормаға сәйкес келуі керек.
Құртқа арналған норма 1-кесте.

Көрсеткіштің аталуы

майлы

майсыз




тұздалған

тұздалмаған

тұздалған

тұздалмаған

Майдың салмақтық үлесі құрғақ затқа есептеп шығарғанда, % төмен емес

12

12

-

-


Ылғалдың салмақтық үлесі, % көп емес

17

17

17

17


Ас тұзының салмақтық үлесі,% көп емес

-

2,5

-

2,5


Қышқылдығы, Т

160-тан 400-ге дейін қосқ.

Улы элементтер, мг/кг көп емес:

Қорғасын

0,3

0,3

0,3

0,3

Кадмий

0,2

0,2

0,2

0,2

Мышьяк

0,2

0,2

0,2

0,2

Сынап

0,02

0,02

0,02

0,02

Мыс

4,0

4,0

4,0

4,0

Мырыш

50,0

50,0

50,0

50,0

Микротоксиндер, мг/кг, көп емес:

Рұқсат етілмейді

Рұқсат етіледі

Афлотоксин В1

0,0005

0,0005

Афлотоксин М1

0,0005

0,0005

Құртты ветеринариялық – санитариялық сараптаудың бір түрі органалептикалық қасиеттеріне қарап анықтау. Органолептикалық көрсеткіштері түрі,пішіні,консистенциясы және дәмі жатады. Құрттың органолептикалық көрсеткіштері 1 кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

2-кесте. Құрттың сипаттамасы

Көрсеткіштің аталуы

майлы

майсыз

тұздалған

тұздалмаған

тұздалған

тұздалмаған

Сыртқы түрі



Салмағы 2-ден 60 г дейінгі әртүрлі кеспелі, пішінді(шар тәріздес, бөлшек пішінді кірпіш, шелпек сегментті және тағы басқа). Пішінді дұрыс емес, мыжырайған шеті домаланған түрлері де рұқсат етіледі.
Тозаңдалып кептірілген немесе құрт үшін- ұсақ ұнтақтар немесе салмағы 20 г. Дейін таблетка түрінде.



Консистенциясы

Қатты, құрғақ немесе құрғақ ұнтақталып, тозаңдалған ұнтақ. Механикалық әсер кезінде жеңіл шашылатын,тығыз түйіршіктердің болымсыз саны рұқсат етіледі. Таза сүт қышқылды

Дәмі мен иісі

бабында

бабында

тұзды

тұзды

Түсі

Ақтан қошқыл қоңыр түске дейін.

Құрттың салмақтылық коэффициентін анықтау.


Салмақтылық коэффициентін эксперттік әдіспен анықтау мақсатында құрамына бұйым авторы жоғары білікті мамандар кіретін эксперттік комиссия құралады. Эксперттік комиссия салмақтылық коэффициенті жайында жүргізілетін әдісі бойынша қабылдайды. Бірақ та нақты және дәл нәтижелер алу мақсатында эксперттік әдіске берілетін суъбективтілікті төмендету бойынша нақты шаралар қолдану қажет. Осы мақсатта сұрақ жауап алудың бірнеше түрі өткізіледі. Экспертиза жұмысы төмендегідей түрде жүргізіледі. Әр бір эксперт бір-бірінен тәуелсіз түрде сапа көрсеткіштерінің салмақтылық коэффициентіне өзі тиісті деп қабылдаған мәнін немесе бағасын береді. Содан кейін әр бір эксперт өздерінің қойған мәндерін немесе бағасын негіздеп дәлелдеу тиіс. Осы процесс сапа көрсеткішінің мәнін бір ауыздан қабылдағанға дейін жасалады. Эксперттер сапа көрсеткішінің салмақтылық коэффициентін барлық жүйеде анықталады. Мысалы: құрт өнімінің сапа көрсеткіштерінің салмақтылық коэффициентін анықтау қажет. Сарапшылар салмақтылық балын үш көрсеткішпен анықтайды:

  • m1-құрттың майлылық көрсеткіші

  • m2-құрттың тұздылық көрсеткіші

  • m3-құрттың сыртқы түрінің көрсеткіші.


Қорытынды
Қорытындылай келе,өнімнің сапасы — бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны — бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал онімнің сапалылығы — бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі. Өнім сапасы – өнімнің сатып алушының белгілі бір қажеттерін қанағаттандыруға жарамдылығын сипаттайтын сапалық қасиеттерінің жиынтығы және тиімділігінің өлшемі. Өнім сапасының көрсеткіштері абсолюттік, салыстырмалы немесе меншікті көрсеткіштер болуы мүмкін. Өнімнің сапалық қасиеттері өнімнің өндірістік және тұтынушылық қасиеттері болып бөлінеді. Өнімнің өндірістік қасиеттері оны әзірлеу барысында қалыптасады және оған өнімді дайындау сатысында қол жеткізіледі. Өнімнің тұтынушылық қасиеттері тұтынушылардың нақты сұранымын қанағаттандыруға бағытталған.
Қазақ дастарқаны халықтың кең пейіліне ұқсайды. «Дастарқаның мол болсын, ниеттерің ақ болсын!» деп келетін бата да халқымыздың ақ көңілінен туса керек. Әсіресе, Ұлыстың ұлы күнінде қазақ дастарқаны ұлттық тағамдарға, аққа толы болады.
Аналарымыз құтты қонақтарына әуелі бауырсақ, құрт-ірімшік, сары май, қаймақ, жент-талқан, өрік-мейіз, жеміс-жидек қойып, қою қаймақ қатқан шай ұсынады. Соңынан қуырдақ, асықпаса молынан ет асады, қона жатса қой сояды. Сөйтіп, қайтсе де дастарқанын майлы, қонағының көңілін жайлы етеді. Мұны қазақ кәдесінде «Дастарқан дәмі» деп атайды.
Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл тағамның емдік, тұрмыстық пайдасы бар.Қазіргі заманда жастардың көбі осы тағамды, оның денсаулыққа пайдалы екенін білмейді
Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық тағамы – құрт адам денсаулығына қажетті тағам. Біз, Қазақстанның жастары осы құнды тағамның жойылуына жол бермеуіміз керек.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Молоко и молочные продукты Алма-ата . Кайнар
2. «Сүт және сүт өнімдері» Диханбаева Ф.Т Алматы. Қайнар 2006 ж.
3. «Сүт және сүт тағамдары» Барқбаев Б. Алматы. 1989 ж.
4. Қазақ ұлттық инциклопедиясы
5. «Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии и стандартизации продуктов животноводства». Макаров В.А . 1991.г
6. «Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии переаботки продуктов животноводства». Загаевский И.С. Жмурко Т.В. 1983.г
7. «Ветеринариялық-санитариялық сараптау» Дүйсембаев С.Т Алматы 2013ж.
8. https://kk.wikipedia.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет